Қазақстан – менің Отаным Кіріспе



Pdf көрінісі
Дата06.04.2017
өлшемі192,71 Kb.
#11113

Қазақстан 

– менің Отаным 

Кіріспе 

Өз Отаныңын, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала — 

атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, 

білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осын-

дай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет. Отан-

ды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Яғни, туған анаңа, туған 

жұртыңа деген махаббат Отанға деген махаббатқа ұласпақ. 

Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел — қазақ халқы. 

Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз, қолбасшы батыр-

ларымыз кең-байтақ жерімізді сырттан төнген кәуіптен қорғап келді. Қазақ 

халқы — ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. 

1 тарау. Егемендік құрылуының

 негізгі даталары 

1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқы азаттық жолындағы екі жарым 

ғасыр бойғы үздіксіз күрестен кейін мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізді. 

1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық елдің тұңғыш Президентін 

сайлау өткізілді, сайлау нәтижесінде мемлекет басшысы болып Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаев сайланды. 

1992 жыл 4 маусым — Парламент отырысында Қазақстан Республи-

касының мемлекеттік рәміздері — Туы, елтаңбасы және Гимні қабылданды. 

1992 жыл наурыз — Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып 

қабылданды. 

1993 жыл 28 қаңтар — Егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясы 

қабылданды. 

1994 жыл 6 шілде — Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің ке-

зекті жалпы отырысында Президенттің астананы Ақмолаға көшіру туралы 

ұсынысы мақұлданды. 

1995 жыл 29 сәуір — Республикалық реферундумда Қазақстан Рес-

публикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттік мерзімі 

2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартылды. 

1995 жыл 30 тамыз — Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. 

1997 жыл 10 қазан — Президенттің жарлығымен мемлекеттің астанасы 

болып Ақмола жарияланды. 


1997 жыл 11 қазан — Президент Н. Ә. Назарбаев республика халқына 

«Қазақстан — 2030» Жолдауын қабылдады. 

1999 жыл 10 қаңтар — Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Президенті болып қай-

тадан сайланды. 

2005 жыл 4 желтоқсан — Қазақстан Республикасының президенті сайла-

уында Н. Ә. Назарбаев Президент болып сайланды. 

2007 жыл 4 маусым — Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышан-

дары туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабыл-

данды. 

Елде бейбітшілік пен келісімге, тұрақтылық пен дамуға қол жеткізілді. 



Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратеги-

ясы белгіленіп жүзеге асырылды. 



2 тарау

. Қазақстан жайлы мәліметтер 

Қазақстанда 14 облыс, 87 қала (оның екеуі республикалық дәрежеде), 

159 аудан, 195 аудандық деңгейдегі елді мекен, 2150 ауылдық әкімшілік ок-

руг бар. Республика аумағы батыста Еділдің төменгі ағысынан шағыста Ал-

тайға, 3000 км-ге дейін, солтүстікте Батыс-Сібір жазығынан оңтүстікте Тянь-

Шань таулы жоталарына 1600 км-ге созылып жатыр. 

Қазақстан сияқты жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында 

тұрған, табиғи байлығы мол. Оның ішінде хромның әлемдік қорының жарты-

сынан астамы Қазақстан аумағында болса, одан өзге де қорғасын, мырыш, 

мыс, алтын мен күмістің бай қоры бар. Вольфрам қоры бойынша екінші, мар-

ганец қоры бойынша үшінші, қорғасын мен молибден қоры бойынша 

төртінші, темір кентасының қоры бойынша сегізінші орын алады. 

Қазақстанның батысы мен солтүстік Ресей Федерациясымен, оңтүстігі 

Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстанмен, шығысы Қытаймен шекте-

седі. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, 

Бразилия, Канада, Үндістан және Австралия кейінгі 9-орын алады. Климаты 

— барынша континентальді. 

Қазіргі уақытта 2700 кәсіпорын өнеркәсіп өнімдерін өндірумен айна-

лысады. Бұл кәсіпорындарда өндіріс 812 мың адам жұмыс істейді. 

Жетекші өнеркәсіп салаларының қатарына түсті және қара металлургия 

жатады. Жоғары сапалы мыс пен мырыш, қорғасын мен кадмий әлемдік на-

рықта үлкен сұранысқа ие. 



Қазақстан — дәнді дақылдар (негізінен астық), азық түлік пен техни-

калық дақылдардың (күнбағыс, мақта) ірі өндірушісі. Ауыл шаруашылығын-

дағы негізгі салалардың бірі — жеңіл өнеркәсіпті шикізатпен, халықты тамақ 

өнімдерімен қамтамасыз ететін мал шаруашылығы. 

Қазақстан мұнай қоры бойынша әлемнің көптеген мұнай өндіруші ел-

дерінен алда тұрды. Республикада қазіргі уақытта барланған және табылған 

2,8 млрд. тонна мұнай мен конденсат қорынан және 1,9 триллион текше метр 

газ қорынан тұратын 172 мұнай, 42 конденсат және 94 газ кен орны бар. 

1993 жылы сәуір айында Қазақстан мен «Шеврон» компаниясы мұнай мен 

барлау ісі бойынша — «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнын құру туралы 

келісім жасады. Қазақстанның газ өндірісінің болашағы үлкен. Әлемдегі ірі 

кен орындарының қатарына жататын негізгі газ кен орындары Қара-

шығанақта орналасқан. Қазақстанмен арада жасалған келісімдерге сәйкес 

«Бритиш газ» бен «Аджип» компанияларының осы кен орны аумағында 

жүргізілетін жұмыстары басталғаннан кейін республикада газ өндіру айтар-

лықтай өсетін болады. Өзіндік даму жолын таба білген елдің ең жаңа тарихы, 

әсіресе, оның бастапқы кезеңі, атап айтқанда жаңа мемлекет ретінде дүниеге 

келіп, қалыптасу және даму тарихы кімді де болса қызықтырары сөзсіз. Ең 

алдымен ол, ұлт тағдыры үшін шешуші рөл атқарған аса маңызды тарихи 

құбылыс ретінде, осы елдің қазіргі және келешекте дүниеге келер жас ұрпағы 

үшін қымбат. Уақыт озған сайын қайта құрылған мемлекетіміздің алғашқы 

қалыптасу кезеңіне, яғни іргетасының қайта қалану кезеңіне деген 

қызығушылықтың арта түсері, ол кезеңнің қарама-қайшылықтарға толы 

күрделі де маңызды кезең ретінде жан-жақты зерттелері, оның тарихына ар-

налған іргелі еңбектердің дүниеге келері анық. 

Қазақстандағы білім беру жүйесі бір-бірімен өзара байланысты бірнеше 

деңгейден тұрады, олар: мектепке дейінгі тәрбие орындары, жалпы білім бе-

ру мектептері, кәсіптік — техникалық мектеп, арнаулы орта және жоғарғы 

оқу орындары жұмыс істейді. Олардың арасында Қазақ ұлттық университеті, 

Қарағанды мемлекеттік университеті, Евразия ұлттық университеті т. б. 

тәрізді жоғары сапалы мамандар даярлап келе жатқан оқу орындары бар. 

Қазақстан ғылымы әлемдік ғылым қазынасына зор үлес қосты, іргелі 

ғылымдарды түбегейлі зертеуге бағытталған ірі институттар жұмыс істейді. 

Республиканың ғалым-археологтары әлемдік маңызға ие сақ дәуірінің 

ғажайып ескерткіштерін — Есік және Берел қорғандарын іздестіріп тапты. 

Есік қорғанынан біздің заманымызға дейін 5 ғасырға жататын «Алтын адам» 

мүрдесі табылды. 

Денсаулық сақтау саласы мемлекеттік және мемлекеттік емес сек-

торларға бөлінеді. «Қазақстан — 2030» Стратегиясына сәйкес салауатты өмір 


салты мемлекет дамуындағы аса маңызды бағаттардың бірі болып жариялан-

ды. 


Республиканың мәдени өмірі сан салалы. Елде 52 театр (оның екеуі опе-

ра және балет театры, 15-і қазақ, 14-і орыс, ұйғыр, корей және неміс драма 

театры, жетеуі қуыршақ театры), 15 филормония, 64 музей, 10 мыңнан астам 

кітапхана (оның 3066-сы мемлекеттік), 2227 мәдени-сауық мекемелері, 

271 кинотеатр, 24 концерттік мекемелер бар. 

Қазақстанды әлемге танытатын белгілердің бірі ел спортшыларының 

әлемдік аренадағы жетістіктері болып табылады. Болашақ спортшыларға 

олимпиада чемпиондары Е. Ибраимов, В. Смирнов, Б. Саттарханов, О. Ши-

шигина, т. б. спортшылардың жарқын жеңістері үлгі бола алады. 

Әлемнің 120-дан астам мемлекеттері ресми түрде таныған Қазақстан 

Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына (1992ж.), басқа да халықаралық 

ұйымдарға мүше. 

Қазақстан — ядролық қарудан бас тартқан ең алғашқы мемлекет. 

Ел тәуелсіздік мемлекет ретінде дамыған жылдары құқықтық және аза-

маттық қоғам құру жолында елеулі табыстарға жетті. 

2 тарау

. Қазақстанның табиғаты 

Қазақстанның жер бедері барынша әр алуан. Оның кең-байтақ аумағын-

да таулар да, орман-тоғайлар да, кең жазықтар да бар. Жер бедері Қазақстан-

ның батыс және солтүстік аудандарынан шығыс және оңтүстік-шығысына 

қарай биіктей түседі. Маңғыстау түбегіндегі теңіз дейгейінен 132 м мөмен 

жатқан Қарақия ойысы мен Қазақстанның ең биік жері — республиканың 

оңтүстік-шығысында орналасқан Хантәңірі шыңының (абс. биіктігі 6995 м) 

арасындағы биіктік айырмашылығы 7127 м. Каспий теңізінің қазақстандық 

бөлігінің ең терең жері 600 м-ге жетеді.

 

Республика аумағының солтүстік-батысын Каспий жағалауы ойпаты 

(абс. биіктігі 28 м-ден +50 м-ге дейін) алып жатыр. Әлемдік мұхит деңгейінен 

төмен жатқан Каспий ойпатының ені теңіздің солтүстік жағалауында 250 км-

ге, ал солтүстік-шығысында 120 км-ге жетеді. Жайық Маңғыстау тауларымен 

(300м) шектеледі. 

Оңтүстік Орал және Мұғаджар таулары мен Сарыарқа шоқылары ара-

сында ені 250 -500 км-ге жететін Торғай қолаты меридиандық бағатта со-

зылып жатыр. 


Солтүстік тізбекте Сарымсақты (3373), Нарым (3483 м) және Күршім 

(2645 м) жоталары енеді. Оларды Күршім өзенінің аңғары бөліп жатыр. Ертіс 

өзенінің аңғары арқылы бөлінген Сауыр (2053) және Тарбағатай (2992 м) та-

уларынан Зайсан көлі орналасқан қазаншұңқыр (400 м) бөліп тұр. 

Алтайдан солтүстік-батысқа қарай, Орталық Қазақстанда Шыңғыстау 

созылып жатыр. Тарбағатай жоталары мен одан оңтүстікке қарай орналасқан 

Жетісу (Жоңғар) Алатауының аралығындағы кең алқапта Алакөл ойпаты 

(340 м) бар, ол оңтүстік-шығысында Жетісу (Жоңғар) қақпасы (600 м) деп 

аталатын сүйірленіп келген тауаралық аңғар түзеді. 

Жетісу таулы аймағына оның басты тізбегін (ең биік тұсы — Бесбақан 

шыңы, 4464 м) жанай орналасқан Тоқсанбай (3600м), Тышқантау (4359 м), 

Алтынеміл (293 м) жоталары енеді. 

Қазақстан, Қырғызстан және Қытай мемлекеттері шекараларының 

түйісінде жатқан Хантәңірі шыңы (6995 м) Орталық Тянь-Шаньнің 

Қазақстандағы бөлігі болып табылады. Тянь-Шяньның тармақтары — Үлкен 

және Кіші Қаратау жоталары Тұран жазығына ішкерілей еніп, толығымен 

Қазақстан аумағында жатыр. 

2 тарау

. Қазақстанның табиғаты 

Тәуелсіздік

 — ғасырлар бойы аңсаған арманын жүзеге асырып, Ұлы Ев-

разияның төсінде егемен, тәуелсіздік мемлекетін Қазақстанда тұратын әрбір 

адам өзін осы елдің перзенті сезінбейінше, болашағына сенбейінше, біздің 

жұмысымыз ілгері баспайды. 

Қазақстан Республикасы

 — Евразия құрлығының орталық бөлігінде 

орналасқан мемлекет. Жер көлемі — 2724,4 мың шаршы км. Халқы — 

16,1968 млн. Адам (2009 жылғы санақ бойынша). Ұлттық құрамы жағынан: 

қазақтар — 53,4%, орыстар — 30,0%, украиндар — 3,7%, немістер — 2,4%, 

ұйғырлар — 1,4%, корейлер (кәрістер) — 0,7%, өзге ұлттар — 5,9%. 



Мемлекеттік тіл

 — қазақ тілі. Қазақстан Республикасы — демократи-

ялық және біртұтас мемлекет болып табылады. Ел тұрғындары негізінен ис-

лам және христиан дінін ұстанады. Басты қаламыз — Астана. Мемлекет бас-

шысы — Президент. Заң шығарушы жоғарғы өкілді органы — Сенат (39 де-

путат) пен Мәжілістен (77депутат) тұратын Парламент. Атқарушы билік ор-

ганы — Үкімет. Ақша бірлігі — теңге. 

Парламент

 — заң шығару міндеттерін жүзеге асыратын ең жоғарғы 

өкілеттік орган болып табылады. 

Үкімет дегеніміз

 — мемлекеттік атқару билігінің ең жоғарғы органы. 

Үкіметке министрліктер, агенттіктер, комитеттер, облыстық, аудандық және 


қалалық әкімшіліктер бағынады. Үкіметті ең басты министр — Премьер -Ми-

нистр басқарады. Оны бұл лауазымға Парламенттің мақұлдауымен ел Пре-

зиденті тағайындайды. 

Ұлттық ақша 

— теңге. Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы 

пайдалануға 1993 жылдың қарашасында енгізілді. Ақша белгілерін — теңге 

мен тиындардың түрлерін Қазақстанның ең таңдаулы суретшілерін қатысты-

ра отырып, Ұлттық банк жасаған болатын. 

 

                                             Мазмұны: 



  Кіріспе 

1 тарау.

 

Егемендік құрылуының негізгі даталары 

2 тарау

.

 Қазақстан жайлы мәліметтер 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет