Лизомды ферменнтер
Бірінші лизосоманың пайда болуы жасушадағы секреттердің түзілу жолына
ұқсайды. Біріншілизосома түйіршікті эндоплазмалық торда синтезделіп, ГА-ының
түтікшелеріне келіп түседі, одан кішірек вакуольдар түрінде бөлініп шығады. Бірінші
лизосомалар жасушаға сырттан келіп түскен түйіршіктермен немесе сұйық заттармен
қосылып, лизосоманың екінші түрін түзеді. Клеткаға сырттан келген түйіршік заттарды
(фагоцитоз), сұйық заттарды (пиноцитоз) ыдыратуда осы лизосоманың екінші түрінің,
рөлі күшті. Сонымен лизосоманың екінші түрі озінің құрамындағы
ферменттердің (гидролаза) көмегімен келген заттарды қоршап алып оларды
ыдыратады (полимерді мономерлерге дейін). Ыдыраған заттар гиалоплазмаға түседі
де әр түрлі зат алмасу процестеріне қатысады. Кей жагдайларда екінші лизосомалар
биогенді материалдарды толық ыдырата алмайды, мұндай жағдайда қорытылмай
қалып қояды, сондықтан екінші ліпосом телолизосомға немесе қалдық денеге
ауысады. Қалдық денешіктерде ферменттердің саны екінші лизосомдарға карағанда
аз болып келеді, кей жағдайларда қалдықты денешіктерде қорытылмаған заттар
тығыздалып, өзінің бұрынғы құрылысын өзгертеді.
1. Ферменттік реакциялар жылдамдығына температураның әсері;
2. Ортаның рН көрсеткішінің әсері;
3. Фермент әсерінің ерекшелігі;
4. Фермент активаторлары мен ингибиторлары;
5. Проферменттер және оларды активтендіру;
6. Изоферменттер;
7. Мультиферменттік жүйе.
Ферменттердің қасиеттері
Ферменттердің практикалық маңызы
Тұңғыш рет 1910 жылы А.Гэррод зат алмасу ферменттермен және тұқым
қуалайтын аурулардың арасындағы байланысты анықтады. Медицинада
ферменттер емдеу мақсатында қолданылады:
-амилазалар. асқазан, ішек-қарын ауруларын емдеуде;
-протеазалар- іріңдеген жараны емдеуде;
-стрептокиназа-тромбоздар емдеуіне қолданылады.
-химотрипсин (гидролаза) iрiңдi жарақаттар, көздiң қасаң қабығының
ойылымдары және қатты күйiктердiң емдеуiнде тиiмдi.
-iрi қараның асқазан асты бездерінен алатын трипсин ферменті трахеиттер
және бронхит сияқты тыныс жолдарының iсiп қызару ауруларында қолданады
-Лидаза гематомалар және тыртықтардың тарауында маңызды. Оның
көмегімен жараланған буындардың қозғалғыштығы жақсарады.
-пепсин ас қорыту аурулары (гастрит) кезінде қолданылады.
- Ұйқы безі (панкреатин) ферментi ас қорытудың жақсарту мақсаты-мен
бауырдың әр түрлi ауруларында қолданады.
|