Қазақстан «Қайта құрудың» бастапқы кезеңінде1986-1991жж



Дата07.02.2023
өлшемі14,53 Kb.
#65795
Байланысты:
1 Қазақстантарихы мәтін 9 Қазақстан Қайта құрудың бастапқы кезеңінде Павлодар ХББ


Қазақстан «Қайта құрудың» бастапқы кезеңінде1986-1991жж

1985 жылғы наурызда партия мен мемлекет басына М.С. Горбачев келді. 1985 жылғы сәуірде партия қоғамды демократияландыру және оны жариялылық негізде қайта құруды, халық алдындағы жауапкершілікті өзіне алды: ғылыми-техникалық серпінділікті жеделдету арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының тұжырымдамасы жарияланды. Шын мәнінде қайта құрудың қажеттігі туралы 80-жылдардың басында-ақ партия басшысы Ю.В. Андропов тұңғыш рет «өндірістік дамудың ойдан шығарылған сталиндік үлгісі өзінің мүмкіндігін тауысты», – деп ашық айтып, әр елдің қарусыздануын ұсынған болатын.


Қайта құрудың жеделдету тұжырымына сәйкес 1985–1987 жылдары қазіргі заманның талабына сай алға басуға ұмтылыс жасалды. Бірақ М.С. Горбачев 1987 жылы елдегі қоғамдық-саяси жүйені түбірімен қайта құрумен шұғылданудың орнына сыртқы саясатпен көбірек айналысты.
Ел ішінде жариялылық негізде сын айту бостандығы орын алып, жаңа партиялар, түрлі қоғамдық қозғалыстар, кооперативтер, т.б. құрылып жатты.
КОКП-ның Бас хатшысы М.С. Горбачев «Күшті орталық және күшті республикалар» деген ереже ұсынып, өзін нағыз сталиндік үлгідегі озбыр орталықтың қолдаушысы ретінде көрсетті. Әзірленген жобада республикалардың жалпымемлекеттік маңызы бар істерден өзге мәселелердің бәрін орталықсыз өздері шешпек болған ұмтылысы ескерілмей, партиялық билік Мәскеуге шоғырланды. 90-жылдары Кеңес өкіметінің жүргізіп отырған билігіне наразылық өршіді. 1990 жылдың 25 қазанында сол кездегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақстанның егемендігі туралы Декларация қабылдады. Бірақ одақтас республикалар әлі КСРО-ның құрамында болғандықтан бұл Декларацияның заңды күші болмады. М.С. Горбачев ОК-нің Бас хатшысы қызметінен бас тартып, КОКП-ға өзін-өзі таратуды ұсынғаннан кейін 1991 жылы тамызда демократиялық күштердің тегеурінімен тарихи оқиға болды: 70 жыл бойы өмір сүрген КСРО ыдырап, асығыс шақырылған Жоғарғы Кеңестің сессиясында одақтас республикалар бірінен соң бірі өздерінің толық тәуелсіздігін жариялады

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет