Қазақстан археологиясы


Арал маңынан табылған олжалар



бет16/138
Дата02.10.2024
өлшемі0,76 Mb.
#146547
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   138
Байланысты:
атбасар (копия) (копия)

Арал маңынан табылған олжалар. Неолиттік ескерткіштердің жергілікті неолиттік мәдениет құрайтын келесі бір тобы Сырдарияның көне құйылмасынан белгілі. Олардың көбі Сырдарияның ежелгі сағасы болып табылатын Іңкәрдарияның құрғақ арнасынан, ірі құм жалдарын жел айдап әкетіп жататын қазаншұңқырлардан табылды. Тарихи-мәдени жағынан алғанда бұл ауданның ескерткіштері Орта Азияның солтүстік далалық аймақтары мен Оралдың сыртқы жағынның неолиті ортасындағы аралық қалыпта бола отырып, келтеминарлық мәдениетке де, Оралдың сыртқы оңтүстігі мен Аралдың шығыс өңірінің неолиттік мәдениетіне де ұқсас.
Жалпақ қойнауында алты тұрақ табылды; олардан жапсы­рылған керамиканың сынықтары және кварциттен жасалған құралдар жиналды. Балшықтан жасалган ыдыстардан көбі — мойны анық шығарылып жасалган ірі қыш құмыралар мен дөңгелек тостағандар. Бұлардың екеуінің де түбі томпақ немесе жайпақ. Ыдыстардың сырты тісті қалыппен басылған және сы­зып жасалган қарапайым өрнекпен ажарландырылған. Кварциттік бұйымдардың ішінде үсті мұқалған және шеті қисайтылған қыстырмалар, тас тілікшелері немесе тас жаңқаларынан жасалынған тескіштер көп.
Қосмола-4 және Қосмола-5 тұрақтарында шақпақ тас пен ақ кварциттен жасалған құралдар, өңделмеген пышақ тәрізді тас тілікшелер және балшықтан жасалған өзінше бір үлгідегі ыдыс жиналды. Бұл ыдыс бүтіндей ірі құм қосылған балшықтан жа­салған, жұқа, әжептәуір жақсы күйдірілген, тегістелген, майдаланған; өрнегі жоқ дерлік, мұның өзі неолит үшін сирек құбылыс. Қыш құмыраның жиегі ғана қамыспен батырылып түсірілген ойықтармен, сызықшалармен сәнделген, ал оның сыртына біреуінде көлденеңнен қатар-қатар қамысты батырып ізі түсірілген, екіншісінде терең шұңқырлы және ирек сызықты өрнек салынған. Құмыралардың бітімдеріне бітімдері ден қоярлық. Дөңгелек тостағандар мен кейде ішіне қарай иілген мойны шығыңқы құмыралардан басқа, тұрақта төрт-бес науаның фрагменттері кездесті. Осыған ұқсас кешен Әмударияның оңтүстігіндегі Ақшадария құймасынан, келтеминар мәдениетінің Дингильдже-6 және Кават-7 тұрақтарынан табылды. Олар б.з.б. IІI мыңжылдықтың бірінші жартысына — орта шеніне жатады. Егер Қосмола-4 және Қосмола-5 тұрақтарын сол уақытқа жатқызсақ, онда бұлар Сырдария өзенінің көне алқабындағы қазіргі кезде белгілі ескерткіштердің ішіндегі ең ежелгі ескерткіштер болып шығады.
Арал төңірегінен табылған кейбір ескерткіштер екі хронологиялық дәуірді қамтиды. Мысалы, неолит пен энеолитке жатады. Сек­сеуіл-1, Ақеспе неолиттік тұрақтарынан табылған заттардың ішінде екі жағы өңделген жебе мен сүңгі ұштары жоқ, бірақ оның есесіне трапеция тұрпатындағы қыстырмалар, көптеген ұсақ, дұрыс қырланған, пышақ тәрізді тас тілікшелер бар; ыдыстар­дың сынықтарында тісті қалыптың таңбасы қалған немесе түгел көлденең ирек сызықтар сызылған. Ал Сексеуіл-2 тұрағындағы жебелердің ұштары екі жағынан қысып түзету арқылы мұқият өнделген; олар ойықтау сағалы, қалақша бітімді келеді; сондай-ақ, найзалардың, сүнгілердің ұштары, көлемі мен бітімі әр түрлі қырғыштар бар.
Керамикалық ыдыстар — негізінде ұсақ, түбі жайпақ және дөңгелек; мойны дұрыс шығарылып, үстіңгі жағы жалпайтылған. Құмыраларға өрнек салу тәсілдері мейлінше әр алуан: сызықты (тік сызықты және ирек сызықты) тісті қалыптың танбасын түсіру, әр түрлі геометриялық фигуралар болып шығатын ойықшалар салу болып келеді.
Соңғы жылдары Арал өңіріндегі бірқатар неолиттік ескерткіштерде зерттеулер жүрді. Олардың арасынан біріккен Қазақстан-Ресей археологиялық экспедициясы ғылыми айналымға енгізген Ағеспе, Арал, т.б. ескерткіштерді атап кетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет