Қазақстан археологиясы


Қаратау жотасының ескерткіштері



бет14/138
Дата02.10.2024
өлшемі0,76 Mb.
#146547
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   138
Байланысты:
атбасар (копия) (копия)

Қаратау жотасының ескерткіштері. Оңтүстік Қазақстанда, әсіресе, Қаратау жотасының солтүстік және оңтүстік бөктерлерінде, жаңа тас дәуірінің көп ескерткіштері ашылды. Бүркітті өзенінің жағадағы аланқайларын зерттегенде мезо­лит дәуіріне жататын тас индустриясының үлгілері жиналды. Өзеннің оң жағасында малта тас қабатында көптеген мезолиттік шақпақ тас бұйымдары: жергілікті ұсақ түйіршікті шақпақ тастан дайындалан призмалық өзектастар, пышақ тәрізді тас тіліктері және олардың сынықтары табылды.
Халцедондық 140 бұйымнан тұратын ендігі бір топтама Бүркітті өзенінің жайылма үстіндегі Қойтас қойнауының солтүстік жағындағы екінші алаңқайын тазартқанда жиналды. Тас бұйымдардың ішінде пышақ тәрізді тас тілігінен жасалған бір қырлы мезолиттік трапеция ерекше көзге түседі; оның бүйір қырлары мен үстіңгі жағы тігінен түзетілген.
Мезолит дәуіріне жататын заттардың үшінші ірі тобы Ақтау тауының етегіндегі Үшбұлақ бұлағының арнасынан балшық қабатынан табылды. Қара және ақ майда шақпақтан жасалған бұйымдар жиынтығының ішінде қалам тәрізді, сүйір тәрізді, ұзындығы 3-6 см-дей призмалық өзектастар, шағын тас тілікшелері, тескіштер, трапециялар, қырғыштар да кездеседі.
Қаратау жотасының оңтүстік бөктерінде (Шымкент қаласының солтүстік-шығыс жағында) Қараүңгір өзенінің оң жағасына орналасқан Қараүңгір неолиттік үңгір тұрағын қазғанда нео­лит дәуіріне қатысты ең көп және көрнекі материал алынды. Мұнда қалың мәдени қабат сақталған; оның жоғарғы бөлімі ғана соңғы мезолиттен қоса есептегенде неолитке дейінгі уақытты қамтиды. Жер ошақтар мен от орындарының жанынан хайуандар-дың көптеген сүйек қалдықтары табылды. Ежелгі қараүңгірліктердің аулағаны аю, бұғы, жабайы бұқа, қабан, арқар, қоян, борсық болған. Үңгірді мекендеушілердің аңшылық қорегінде бұлардан басқа, қырғауыл, кекілік, тасбақа болды. Сірә, хайу­андарды қолға үйрету басталса керек; мұны қолда ұсталған бұқа мен жер ошақтың қасындағы иттің сүйектері де дәлелдейді.
Қоныс тұрғындарының еңбек және аңшылық құралдары жұмырланған ұзынша қырғыштар, призма және қалам тәрізді өзектастар, бүйірлері ойылған және шеттері мұқалған тас тіліктері, тескіштер, садақ ұштары, шот-балталар, тас келісаптар, т.т. болды. Жүздері өңделгені бар, өңделмегені бар микролиттік тас тіліктері өте көп; бұлар құралдардың сүйектен немесе ағаштан жасалған сабына орнықтырылатын қыстырма ретінде қызмет еткен. Көптеген сү­йек заттар — біздер (бігіздер), тескіштер, осы заманғы иненің ежелгі түрі — көзі бар инелер, тегістегіш-жонғыштар табылды, хайуандардың жауырындарынан жасалған құралдар да болды. Бұлар хайуандардың терісін ұқсату үшін қолданылды. Әсемдігі жағы­нан сирек кездесетін заттар — сүйектен істелген, сызықшалары бар өлшеуіш, тесілген қауашақтардан, сызықша өрнегі бар азулардан, сүйек салпыншақтар мен моншақтардан құралған сәндік бұйымдар, хайуандардың топайларынан жонып жасалған мүсіндер шықты.
Қараүңгір үңгірінің тұрғындары керамикалық ыдыстарды қолмен жапсырып жасау әдісін игерген. Балшық ыдыстардың түбі дөңгелек етіп жасалды, ал олардың сырты кейде қызыл бояумен боялды. Көбінесе ыдыстардың жоғарғы жартысы тісті қалыппен түсірілген сызықшалар, ойықтар, мүсіндер түріндегі өрнекпен ажарландырылды. Өкінішке орай, біздің қолымыздағы Қараүңгір үңгірінен алынған материалдар дәстүрлі түрде кезеңдестіру мен хронология сауалдарын толыққанды шешуге мүмкіндік бермейді, сондықтан да барлық пікірлер жорамалдармен ғана шектеліп отыр.
Қазіргі таңда Қазақстан аумағынан атбасар, маханжар, келтеминар секілді бірнеше археологиялық мәдениеттер анықталған. Біз тек Қараүңгір үңгірінен алынған бұйымдарға ұқсас кейбір мәдениеттер мен кешендер материалдары жайында қысқаша мәлімет бере кетпекпіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет