Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің археологиялық мәдениетінің ерекшеліктері


Андрондық мәдени-тарихи қауымның мәдениеті



бет2/5
Дата06.01.2022
өлшемі19,57 Kb.
#15114
1   2   3   4   5
Андрондық мәдени-тарихи қауымның мәдениеті. Андрон ескерт- кіштерінің басым бөлігі Оңтүстік Орал мен Қазақстанда кездеседі. Олар төмендегі мәдениеттерге негізделген.

Сынтасты мәдениеті (б.з.б. ХХІ-ХҮІП ғғ.). Ресейдегі Оңтүстік Орал жазығында шоғырланған. Бүл мәдениет сазбалшықтан дөңгелете не- месе тікбұрышты пішінде ерекше үлгімен түрғызылған қоныстарымен, екі аяқты арба және жылқыны қоса көмген жерлеу орындарымен белгілі. Осы қоныстардың ішіндегі ең ірілері Арқайым және Сынтас- ты болып табылады. Қостанай облысында Арқайым архитектурасы- на ұқсас Қамысты қоныстары бар. Оның көлемі 140- 150 метр және бұрыштары дөңгеленген төртбұрыш пішіндегі қосарланған үймекпен жабылған. Сынтастықтар мүрдені қабірге сол қырымен алақандарын бетінің тұсына қойып жатқызған. Ерлер мен үл балаларды қарумен, әйелдерді әшекейлермен жерлеген. Металдан және тастан жасалған еңбек құралдары мен түрлі заттар ерлер қорымынан да, әйелдер қорымынан да табылды. Жерлеу кезінде құрбандыққа жануарлар (жылқы, ірі қара мен үсақ мал) шалынған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет