Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің археологиялық мәдениетінің ерекшеліктері



бет3/5
Дата06.01.2022
өлшемі19,57 Kb.
#15114
1   2   3   4   5
Байланысты:
e34eb921-c767-425e-b7ce-360c733b2ec8-История-Казахстана-217263

Петров мәдениеті (б.з.б. ХҮІІ-ХҮІ ғғ.). Сынтастымен жақын болып келеді. Петров қоныстарының негізгі ерекшелігі - қорғаныс орларының болуында. Петровтық жерлеу ескерткіштерінде балалар мен жауынгер- лердің жерлеу орындары бөлек орналасқан. Қорымдардан әскери арбалардың калдықтары табылды. Үй жануарларының сүйектері көп кездесті. Петровтықтарда қыш өндірісі, тоқымашылық, сүйек өңдеу ісі, әшекейлер жасау, қоладан қарулар мен еңбек қүралдарын қүю өркендеді

Алакөл мәдениеті (б.з.б. ХҮП-ХПІ ғғ.). Орманды далада өмір сүрген алакөлдіктер қабырғалары бөренемен құрастырылған үлкен жартылай жер үйлерде тұрған. Әрбір үлкен үйде жерден казылып, таспен өрілген бірнеше ошақ болды. Батыс Қазақстан далаларында орманның болмауы Тасты-Бүтақ қоныстарының өзіндік ерекшелігін қалыптастырды, онда ағаш орнына тас қолданды.

Алакөлдіктердің жерлеу қүрылыстары әртүрлі: топырақ және тас қорғандар, тасты қоршаулар, шеңберлене қаланған тастары бар қорған- дар болды. Мәйіттердің шынтағын бүгіп, сол жағымен бүктестіре жаткызып, басын батысқа қарата жерледі. Алакөл мәдениеті дамуының соңғы кезеңінде мәйітті өртеу (Тасты-Бүтақ) белгілері де кездесті. Жер- леу орындарында қарулар мен еңбек қүралдары сирек, бірак әйелдердің әшекейлері көптеп табылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет