Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы



бет1/9
Дата26.12.2023
өлшемі84,78 Kb.
#143412
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Тарих 1-10


  1. Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы.

  2. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті. Ерте палеолиттегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы.

  3. Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі.

  4. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті.

  5. Ерте темір дәуірі хронологиясы мен археологиялық мәдениет ескерткіштері.

  6. Ғұн тайпаларының шығу тегі мен этникалық тарихы мәселесі. Ғұндардың (сюнну) империясының саяси тарихы.

  7. Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы. Қаңлылардың шығу тегі және этностық тарихы.

  8. Ұлы Жібек жолы аумағындағы көшпелі және отырықшы мәдениет (б.з.б.III – б.з. II ғғ).

  9. Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси құрылымдары.

  10. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы.


  1. Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы.

Жалпы тас ғасыры үш кезеңнен тұрады. Палеолит, мезолит, неолит. Палеолиттің өзі өз кезегінде үш кезеңге бөлінеді: Олдувей ерте палеолит, ашель орта палеолит, мусьте кейінгі палеолит кезеңдері.
Палеолит «ерте тас ғасыры»: б.з.д 2млн жылдан б.з.д 12мыңжылдықты қамтиды. Осы аралықтағы археологиялық ескерткіштер:
Ашель кезеңіне жататын ескерткіштер: Қызылрысбек, Мұзбел, Үшбұлақ ескерткіштері, Қызылтау, Тәңірқазған, Бөріқазған орналасқан жерлері Жамбыл облысы Талас ауданы. Орталық Қазақстан Сары Арқаның шығысындағы тұрақтар: Семізбұғы, Құдайкөл, Жезқазғандағы Жаман Айбат тұрағы, Қарағанды облысы Жезді ауданындағы Обалысай тұрағы
Мустьер кезеңі: Қазақстанның оңтүстік және орталық өңірлерінде осы мәдениеттің іздері айқындалды. Олардың ішінде Оңтүстік Қазақстанның Алғабас ауданындағы Арыстанды өзенінің оңтүстік жағалауындағы тұрақтың орны ерекше. Оны 1958 жылы археолог X.А. Алпысбаев тапқан болатын. Бұл тұрақта 2 метрден 7 метрге дейінгі терең қабаттарда үш түрлі мәдениетқабаты табылды. Оларда тастан жасалғанқұралдар, адамдардың от жаққан ошақтарының орындары, жануарлардыңәр түрлі сүйектері, сондай-ақ еңбек құралдарын дайындайтын шеберханакездесті. Ал енді Қарағанды облысында мустьер мәдениетіне жататын нуклеустер, үшбұрышты формада кездесетін тас құралдары, бір жағы немесеекі жағы өңделген балталар табылды. Бұлар кварцит материалдарынан жасалынған екен
Кейінгі палеолит: Осы кезеңегі жақсы зерттелген ескерткіштерге Шығыс Қазақстандағы Шульбинка тұрағы, Оңтүстік Қазақстандағы көп қабатты Ш. Уалихановтың атындағы палеолит тұрақтары және жаңадан ашылған Майбұлақ тұрақтары жатады.
Тас ғасырындағы археологиялық ескерткіштер. Тас ғасыры үш кезеңге бөлінеді: палеолит,мезолит, неолит.
1.ЕРТЕ ПАЛЕОЛИТ
⊙Бөріқазған мен Шабақты. Орналасуы: Оңт. Қаз. , Жамбыл обл.
Ерекшелігі: 5000-ға жуық тас құралдар табылды, бәрі де қашау мен үшкіртас-р.
⊙Шақпақата мен Арыстанды.
Орналасуы: Маңғыстау түбегі мен Қаратауда.
Ерекшелігі: ерте тас ғ. тұрақтарының ең көнелері, табылған құралдар Шығыс Африканың Олдувэй сайынан табылған ең көне құралдармен бір заманға жатады.
⊙Қазанғап, Тәңірқазған.
Орналасуы: Оңт. Қаз.
2. ОРТА ПАЛЕОЛИТ.
⊙Обалысай.
Орналасуы: Жезқазған.
Ерекшелігі: мустьерлік кезеңнің ең ежелгі тұрағы.
⊙Мұзбел.
Орналасуы: Орт. Қаз.
⊙Қанай.
Орналасуы: Шығ. Қаз.
⊙Ш. Уәлиханов атындағы көпқабатты тұрақ.
Орналасуы: Арыстанды өз. бойында.
Ерекшелігі: неғұрлым жақсы зерттелген тұрақ.

3.КЕЙІНГІ ПАЛЕОЛИТ.


⊙Батпақ.
Орналасуы: Орт. Қаз.
Ерекшелігі: 300-ге жуық тас құрал табылған.
⊙Шульбинка.
Орналасуы: Шығ. Қаз.
Ерекшелігі: 5000 еңбек құралдар табылды.
⊙Семізбұғы.
Орналасуы: Орт. Қаз.
Ерекшелігі: түзу, кейде қайқы ас пышақ сияқты қырғыштар табылды.
⊙Қарабас, Ангренсор.
Орналасуы: Орт. Қаз.
⊙Бұқтырма, Шүлбі.
Орналасуы: Шығ. Қаз.
⊙Ащысай.
Орналасуы: Оңт. Қаз.
Ерекшелігі: бизон, арқар, жабайы жылқы сияқты жануарлардың сүйектері және пышақ тәрізді тілгіштер табылды.
⊙Майбұлақ.
Орналасуы: Жетісу.
4. МЕЗОЛИТ (ОРТА ТАС ДӘУІРІ).
Тұрақтар саны (жалпы Қаз. б/ша): 20-дан астам.
⊙Мичурин, Явленко.
Орналасуы: Қызылжар қ., Есіл өзені бойы.
⊙Дүзбай.
Орналасуы: Торғай ойпаны ауд.
⊙Тельман.
Орналасуы: Атбасар маңы.
⊙Ерейментау.
Орналасуы: Ақмола.
⊙Әкімбек, Қарағанды.
Орналасуы: Қарағанды маңы.
⊙Қызылсу.
Орналасуы: Маңғыстау.

5. НЕОЛИТ.


150-ге жуық тұрақ, көне кен шығару, жерлеу орындары.
⊙Жезқазған өңірі.
Ерекшелігі: жерлеу орындарының үстіне тас үйген, қабірдің қабырғасы тас плиталармен қоршалған, адамның басын батысқа қаратып, шалқасынан жатқызды.
⊙Усть-Нарым.
Орналасуы: Шығ. Қаз.
Ерекшелігі: құрал-саймандарға өте бай, өткір, ұсақ сынатастар көп табылды.
⊙Зеленая Балка, Қарағанды.
Орналасуы: Орт. Қаз.
Ерекшелігі: үй малының сүйектері табылды.
⊙Пеньки.
Орналасуы: Солт. Қаз
Ерекшелігі: тас шапқылар, жалпақ пышақтар, жаңқадан жасалған қырғыштар көптеп кездеседі.
⊙Сексеуіл.
Орналасуы: Қызылорда обл.
Ерекшелігі: табылған сүйектердің 80% қойлар мен сиырдікі.
⊙Железинка.
Орналасуы: Солт. Қаз.
Ерекшелігі: селосының маңында өліктің кремациясы (өрттелу) рәсімі орындалып, күлінің жанына үш құмыра, жебелер және сүйектердің жасалынған әшекейлер қойылған.
⊙Қараүңгір.
Орналасуы: Қаратау.
Ерекшелігі: мекенінен табылған қыш ыдыстардың дөңгелек түптері қызыл бояумен боялған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет