Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


 Түркістан өлкесін басқару туралы ереже (1886 ж.). Дала облыстарын басқару туралы ереже (1891 ж.)



бет26/45
Дата04.05.2023
өлшемі357,75 Kb.
#89960
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45
Байланысты:
?àçà?ñòàí àóìà?ûíäà?û òàñ ?àñûðûíà ?àòûñòû àðõåîëîãèÿëû? åñêåðòê

59. Түркістан өлкесін басқару туралы ереже (1886 ж.). Дала облыстарын басқару туралы ереже (1891 ж.). 
Түркістан генерал-губернаторлығы– Ресей империясының 1867—1917 жылдар аралығындағы әкімшілік-территориялық аймағы. 1867 жылы ЖетісуСырдария облыстарынан құралды.Солтүстігінде — Торғай,АқмолаСемей облыстарымен; шығысында — Шығыс Түркістанның ЖоңғарҮрімжі аймағымен; оңтүстігінде — ҚашғарияменПамир, Бұхар жеріХиуа хандығымен, батысында Арал теңізімен шектесті. 1868 жылы Түркістан генерал-губернаторлығына патша өкіметі жаулап алған Зеравшан округі, 1871 жылы Құлжа аймағы, 1873 жылы Әмудария аймағы қосылды. 1876 жылы бұрынғы Қоқан хандығының орнына Ферғана облысы құрылды.Түркістан генерал-губернаторлығында 3 038 119 адам тұрды. Халық санының көптігінен Сырдария (1 094 557 адам), Жетісу (758 250) облыстары, ал халқының тығыздығынан ЗеравшанФерғана облыстары ерекшеленді. Түркістан генерал-губернаторлығында қазақтар 1 532 790, өзбектер — 1 970 420, құрамалар - 77 330, қарақалпақтар — 58 770, орыстар - 59 280, тәжіктер - 137 280 адамды кұрады. Өлкенің әкімшілігі Ташкент қаласында орналасты. Сонымен қатар мұнда әскери губернаторлықты округ әскерінің қолбасшысыСырдария облысы мен уезінің, Құрама уезінің әкімшілігі орналасты. Жетісудың орталығы — Верный, Ферғананікі — Марғилан, Зеравшан округінікі — Самарканд, Құлжа ауданының орталығы — Құлжа, Әмудария бөлімшесінің орталығы — Петро-Александровск қалалары болды. 1886 жылғы "Түркістан өлкесін басқару жөніндегі ереже" бойынша Түркістан генерал-губернаторлығы СырдарияЖетісуСамарканд облыстарына бөлінді.Өлкені басқару генерал-губернаторға жүктеліп, облыстарды әскери губернатор мен облыстық басқарма, ал уездерді уезд (ояз) бастығы басқарды. Уездер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Түркістан генерал-губернаторлығында барлық билік отаршылдар қолына шоғырланды. Жергілікті халық өкілдері басқару жүйесінің төменгі сатыларына — болыстар мен ауылнайлар қызметіне ғана тартылды. Түркістан генерал-губернаторлығындағы көшпелі халықтар қазына пайдасына әрбір шаруашылықтан 4 сом төлеуге міндетті болып белгіленді. Бұған қоса елді мекендердің үстімен өткен патша әскерлерін үй және отынмен қамтамасыз ету де жергілікті халықтың мойнына жүктелді. Патша өкіметінің отаршылдық саясатына карсы Түркістан генерал-губернаторлығында 1898 жылы Әндіжан көтерілісі болды. 1916 жылы Түркістан генерал-губернаторлығы көлемінде Жетісуда, Сырдарияда, Ферғанада ұлт-азаттық көтерілістің ірі ошақтары болды. Бұл көтеріліс патша үкіметінің әскери күшімен аяусыз басып, жаншылды. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін Түркістан генерал-губернаторлығы жойылды. Өлкедегі барлық билік Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті қолына көшті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет