Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Қағанатта қоғамдық-экономикалық қатынастардың дамуы



бет9/45
Дата04.05.2023
өлшемі357,75 Kb.
#89960
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
Байланысты:
?àçà?ñòàí àóìà?ûíäà?û òàñ ?àñûðûíà ?àòûñòû àðõåîëîãèÿëû? åñêåðòê

Қағанатта қоғамдық-экономикалық қатынастардың дамуы. Еуразияның басқа аудандарындағы осы сияқты үрдістерге байланысты жүріп, феодалдық қатынастардың орнығу арнасында жүргенімен, оның өз ерекшеліктері де болды. Батыс түркілері мемлекетінің бірінші басшысы — қаған, жоғарғы билеуші, билеп-төстеуші, әскербасы болды. Ол нақты алғанда Шығыс түрік қағанатына тәуелді болды, бұл оның таққа отыруына өз келісімін беретін немесе бермей де қоя алатын еді. 
18. Түркеш мемлекетінің құрылуы мен нығаюы.
Түргеш қағанаты — 704-756 жылдары билік құрған, Батыс Түрік қағанатының ыдырауы нәтижесінде құрылған ерте ортағасырлық түркі мемлекеті. Батыс Түрік қағанатының мемлекеттік-әкімшілік, әскери және мәдени дәстүрлерін жалғастырған және уақытында сол елдің сол қанатына жатқызылған. Дулу тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа бөліктерін этникалық емес, саяси жағынан қарастырған жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш қағанаты екіге бөлініп кетеді. Біреуінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сұлу. Сақалға бағынатын халықты "сары түргеш", ал Сұлуға бағынған халықты - "қара түргеш" деп атаған.)
Түргештер - Батыс Түрік қағанатындағы бес арыс ел дулаттың белді тайпасы. Шежіре деректерінде "сары үйсін" деп аталады. Түргештер Іле мен Шу өзені аралығында, Іле Алатауынан Балқаш көлінің оңтүстігіне дейінгі өңірде көшіп-қонып жүрген. Бұл өлке мал шаруашылығына қолайлы, құнарлы өріс-қоныс болды. Сонымен қатар отырықшы егіншілік ошағы, біршама көркейген қалалары бар бай өлке еді. Шығыс пен батыс арасындағы сауда-керуен жолының осы өңірді басып өтетін басты бөлігі түркештердің бақылауында болды. Бұл жағдай түркештердің әскери-саяси және шаруашылық қуатын арттыра түсті.
Түргеш қағанатының қалыптасуы. Батыс Tүрік қағанатындағы өзара тартыстар, Жетісуда өз үстемдігін орнатуға ұмтылған Қытай императорлық әулетінің әскери- саяси әрекеттері қаған билігінің әлсіреуіне, сөйтіп бірте-бірте тек аты ғана қалуына көбіне-көп себепші болды. «Он оқ бұдун» құрамына кірген тайпалардың енді қаған атынан емес, өз туын көтеріп қимыл жасауы жиілей түсті. Бытыраңқылық және Хусэло қағанның қашып кетуі жағдайында түргештердің көтерілуі күтпеген жерден болған оқиға емес еді. Қағанаттың сол қанатының құрамына кіретін, халқы көп тайпа болған түргештер VI ғасырда-ақ Шу-Іле қос өзені аралығындағы үлкен аймақты алып жатты және Жетісудағы керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болды. Түргештердің ықпалы бірте-бірте күшейеберді, оларға бағынышты тайпалар саны көбейді. Үшлік өз жерін әрқайсысы 7 мың сарбаздан тұратын20 аймаққа бөлді. Бұрын Шудың солтүстік-батысжағында болған өз ордасын ол Суябқа көшіріп, оны Үлкен орда деп атады; Күнгіт қаласында оның Кішіордасы болды. Күнгіт және солай аталатын тайпа Ілеөзені аңғарында орналасқан (олар мұнда XI ғасырдада тұрған, мұны Махмұд Қашғари атап көрсеткен).Түргеш қағанатында Үшліктен кейін оның мұрагеріболып, баласы Сақал қаған (706-711) таққа отырады. Оның кезіңде Түргеш мемлекетінде ішкі бірлікболмайды және қағанат үнемі арабтармен, қытайлармен күрес жүргізіп отырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет