1 Әлеуметтік этникалық қауымдастықтар. Этникалық жүйелер. Этнос, халық, ұлт. Этникалық сәйкестілік



бет1/3
Дата25.11.2023
өлшемі18,7 Kb.
#126056
  1   2   3

1) Әлеуметтік этникалық қауымдастықтар. Этникалық жүйелер. Этнос, халық, ұлт. Этникалық сәйкестілік. Этнос - бір-бірімен әлеуметтік-экономикалық байланыстағы, өзара түсінікті тілде сөйлейтін адамдар арасындағы белгілі бір аумақта қалыптасады. Олар өмір сүру жолында белгілі бір мәдени тұтастықты сақтайды және өздерін жеке дербес топ ретінде сезінеді. Қалыптасқан Этникалық көші-қон әлеум. ағза ретінде ұрпақ жалғастығы арқасында сақталып отырылады әрі дамиды, неке, мәдениет, тіл, дәстүр, т.б. арқылы беріледі. Этногенез барысында, әсіресе белгілі бір табиғи жағдайлар әсерінен жүргізілген шаруашылық қарекеттер нәтижесінде Этникалық көші-қонтың рухани және заттай мәдениеттері, тұрмысы мен топтық психол. келбеті қалыптасады. Қауымдастық мүшелерінің ортақ таным-түсініктері орнығады. Ортақ сана арасынан ең алдымен қауымдастықтың қалыптасуы жайындағы таным-түсініктері ерекше байқалады. Мұның сыртқы көрінісі тікелей этнониммен байланысады. Тарихи үрдістер нәтижесінде ол өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Этникалық көші-қон теориясы туралы пікір таластар әлі күнге дейін толастаған жоқ. Әсіресе этн. топтарды түрге бөлуде көмескі мәселелер жеткілікті. Әзірге Этникалық көші-қонтың тарихи түрлері – тайпа, халық, ұлт деп есептелінеді. Сондай-ақ белгілі бір жерде (аумақта) тұратын тұтас және әлеум. ұйымы бар Э. қ-тар да, терр. жағынан бөлек-бөлек (әр жерде) Этникалық көші-қондар да кездеседі.
2) Ұлттық бірегейлік. ьКез келген мемлекеттің, қоғамның өзіндік ерекшеліктері болады. Ол ерекшеліктер ғасырлар бойы қалыптасып отыратын мемлекеттің мүддесімен, ұлттың тарихымен және өмір сүру тәжірибелерімен тығыз байланысты. Яғни мемлекеттің, оның қоғамының ерекшеліктерін айқындап отыратын ұлттық құндылықтар. Ұлттық құндылықтар болмаса ұлттың мәдениеті, дін мен дәстүр, қоғамдағы тұрақтылықты, рухани тұтастықты айқындап отыратын ұлттық бірегейлік сақталмайды. Бұның барлығы ұрпақ санасында өмір сүретін ұлттық құндылықтар туралы ұғымға тікелей тәуелді. Сондықтан да ұлттық құндылықтар деп мемлекет құрушы ұлттың рухани өмірін, болмысын, мәдениетін жалғастырып, болашағын айқындап отыратын және мемлекет мүддесінің негізін құрайтын, жеке адамды мемлекетімен, ұлттық болмысымен біріктіріп отыратын дүниелерді айтамыз. Ұлттық бірегейлілік санатына дүниетаным, ана тілі, ұлттың ділі, дәстүрі, мәдениеті, діні, ұлттық өнер түрлері, атамекен, осы атамекен жер рухын негіздеп отыратын ата кәсіп түрлері, білім, ғылым және т.б. жатады. Бір сөзбен айтқанда ұлттың табиғи ортасына сай өмір сүрудегі қол жеткізген тәжірибелері мен игіліктерін ұлттық бірегейлілік дейміз. Адамзат баласының ғасырлар бойғы игілік тақырыбындағы ізденістерінің мәні мен себеп-салдары ағартушылық деңгейімен көрінеді. Себебі игілік ұғымын зерделеуде адам баласы көптеген білім түрлерін қалыптастырған. Дәстүрлі ата дініміздің өзі білімді, сауатты, мәдениетті болуды қашанда ұрпақтан талап етіп отырған. Міне ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрлерімізді сақтау арқылы жаһандану кезеңінде әлемдік мәдениеттен ойып тұрып орын алуға мүмкіндік аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет