Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Ақ Орда мемлекеті. (XIII ғ. соңы – XVғ. басы)



бет22/78
Дата13.05.2023
өлшемі0,81 Mb.
#92831
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   78
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ГЭК НОВЫЙ

Ақ Орда мемлекеті. (XIII ғ. соңы – XVғ. басы).

XIII ғасырдың ортасында Шығыс Дешті Қыпшақта құрылған Ақ Орда мемлекеті XV ғасырдың 1 - ширегіне дейін өмір сүрді. Бұл мемлекет Жошы ұлысының шығыс жағында орналастыАқ Орда мемлекетінің негізін Жошының үлкен ұлы - Орда Ежен салған еді.
Бастапқы кезде Ақ Орданың құрамына Жетісудың солтүстік - шығысы, ұлытау мен Кентау (ұлытау - бүгінгі Жезқазған облысында, Кентау - бүгінгі Оңтүстік Қазақстан, Түркістан қаласы маңында), сондай - ақ Ертіс өзені бойы кірді. ұзақ уақыт Ақ Орданың саяси орталығы Ертіс өзені мен Алакөл маңында болды. Кейіннен хан ордасы Қазақстанның оңтүстігіне Сығанақ қаласына көшірілді.
Орталығын Оңтүстік Қазақстанға көшіріп, Сығанақ қаласын астана еткен Ақ Орда мемлекеті - Орта Азия мен Хорезмнің отырықшы аудандарымен байланысты кеңейтті. XIV ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда билеушілерінің арасында қайшылықтар туып, өзара билік үшін күрес жүргізіп "дүрбелең жылдарды" бастарынан өткізді. Тақ үшін күреске Ақ Орда хандары белсене араласты. Әсіресе, 1361 жылы билікке келген Орыс хан Алтын Орда тағы үшін күрес жүргізіп, 1368 жылы Еділ өзені маңына бірқатар жорықтар жасады. Ол 1374 - 1375 жылдарда Алтын Орданың астанасы Сарай қаласын жаулап алып, Хаджы - Тархан (Астрахань) қаласын қоршауға алды. Біраз уақытта Кама болғарларын өзіне бағындырды. Алайда Орыс ханның жетістіктері уақытша сипат алды. өйткені, ол Алтын Орданы уақытша билеуші Мамайды биліктен кетіре алмады, сонымен қатар 1376 жылы Ақ Орданың оңтүстік шекараларында Орта Азия билеушісі Әмір Темірдің (қаталдығы жағынан аты шыққан Темірлан) агрессиялық әрекеті белең ала бастады. Осындай жағдайларға байланысты Орыс хан Еділ өзені маңынан Дешті Қыпшаққа қайтуға мәжбүр болды.
Ақ Орда хандары Жошы ұлысы (шығыс және батыс бөлігі) жерлерін бір тудың астына жинастыруды алдарына мақсат етіп қойды. Бұл істі Әмір Темірдің көмегімен билікке келген Тоқтамыс одан әрі жалғастырды. Жошы ұлысының батыс бөлігі үшін Мамаймен күреске түскен Тоқтамыс Куликов даласында (1380 ж.) Дмитрий Донскойдың көмегімен шыңғыстық емес ханды(Шыңғыс ұрпағы емес) жеңді. Жеңілген Мамай Польшаға кетуге мәжбүр болды. Алайда Алтын Орда уақытша ғана қалпына келтірілген еді. Мауераннахр билеушісі Әмір Темір өз ықпалына көнгісі келмеген Тоқтамысқа қарсы күресті бастады. 1395 жылы Әмір Темірден жеңілген Тоқтамыс Сібірді паналады.
XV ғасырдың басында, бір жағы Әмір Темірмен күресте, екінші жағы ішкі күресте Ақ Орда мемлекеті әлсіреді. Тек 1423 - 1424 жылдары билікке келген Орыс ханның немересі Барақ сұлтан аз уақытқа жағдайды жақсарта алды. Ол өз қарсыластарын құрту арқылы біртұтас билік орната алды. Алайда Әмір Темірдің жорығынан кейін Сыр бойы Ақ Орда астанасы Сығанақ қаласымен қоса Темір әулеті мемлекеті құрамына өткен еді.
Соған қарамастан Ақ Орда мемлекетінің этникалық құрамына кіретін рулар мен тайпалар, кейіннен құрылған Қазақ хандығының этникалық ядросын құрады. Бұл жайлы белгілі башқұрт ғалымы Ахмед Зәки Уәли былай деп жазады: "Барақ хан өлтірілгеннен кейін (1428 ж.) Көк Орда мен Ақ Ордада шейбани әулетінен шыққан Мақмұдқожа хан мен Әбілқайыр күшейіп, Барақ ұрпақтарын қуғындай бастады. Әбілқайыр оларға тиеселі жерлерді тартып ала бастады, бұл әрекет Есен Бұғаға ұнамады. Әбілқайырдан зорлық көрген Керей мен Жәнібек сұлтандар қарамағындағы халықтармен моғол ханы Есен Бұғаның қарамағына көшіп барды. Осында көшіп келген Ақ Орда халқының өкілдері "қазақтар" деп атала бастады. Сөйтіп, олар күшті Қазақ хандығының негізін қалады. Хандықтың басында Керей хан мен Жәнібек сұлтандар тұрған еді".
Жоғарыда айтылған жайттардан Ақ Орданың тайпалары мен рулары XV ғасырда Қазақ хандығы құрылуы мен халқының қалыптасуына әсер етті деген түйін жасауға болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет