Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Соғыс тұтқындарының тағдыры. «Түркістан легионының» тарихы



бет67/78
Дата13.05.2023
өлшемі0,81 Mb.
#92831
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   78
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ГЭК НОВЫЙ

Соғыс тұтқындарының тағдыры. «Түркістан легионының» тарихы.

Екінші дүниежүзілік соғыс басталған сәтте-ақ кеңес өкіметінің тұтқынға түскен өз азаматтарынан біржолата бас тартып, әскери тұтқындардың құқықтарын анықтаған халықаралық Гаага және Женева конвенцияларын мойындамауы олардың жағдайын қиындата түскен. Әсіресе, бұл жағдай түркістандық соғыс тұтқындарына қатты әсер етті. Г.Гервардт «Гитлер мен Сталиннің арасында» деген кітабында соғыс жылдары түркістандық тұтқындардың 80 процентке жуығының ашаршылық пен аурудан өлгенін жазады. Францияның Шығыс тілдері мен өркениеттері ұлттық институтының кітапханасындағы жеке мұрағаттық қорындағы тұтқындардан алған мағлұматтары негізінде жазылған «1941 жылғы Мұстафа Шоқайдың Германиядағы қызметі: әскери тұтқындармен – Түркістан тұрғындарымен байланыстары» деген құжатта көрсетілген деректерге сүйенсек, соғыс басталғаннан кейін жалпы мобилизация бойынша майданға алынған түркістандықтардың оннан тоғызы винтовканы қалай ұстауды да білмеген. Орыс тілін меңгермеген, әскери команда тілін түсінбеген. Көпшілігі стратегиялық қателіктер, әскер командирлерінің тәжірибесіздігінен майдан «котелдарында» жазықсыз қырғынға ұшыраған. Көбіне жауынгерлер жараланып немесе контузия алып, жауға еш қайрат қыла алмай тұтқынға түскен.Соғыс кезінде қазақ, өзбек, қырғыз, т.б түрік-мұсылман халықтарының өкілдері мылтықпен, оқ-дәрімен жұрттың ең соңында жабдықталған. Мәселен, №106 Ақмола атты әскер дивизиясының көпшілігі қазақ болған екен. Соғыс өнеріне үйретілмеген, жөні түзу қару-жарақ та берілмеген .
Түркістан легионы (1941-1944). Кеңес пропогандасы легионның құрылуында Мұстафа Шоқайды айыптаған. Бірақ та кейбір деректерге сүйенсек, мұндай бөлімдерді ашуды немістер 1933 жылдарда-ақ жоспарлап қойған деседі.Оларды біріктірген негізгі мүдде Түркістанды орыстарды зұлымынан азат ету болды. Бөлім негізінен Қызыл Әскер жағында күресіп жүріп тұтқынға түскен әскерлер мен Еуропа мен Түркияда қоныс аударып кеткен түркі ұлттардан тұрды. 
Сайып келгенде, тұтқындар соғыстан кейін өзін күтпеген, сенбеген Отанына оралды. Оларды тексеріп, лагерьлерде ұстап, тексергеннен және адалдығына көз жеткізгеннен кейін еркіндікке жіберді. Енді біреулер Отанында күтіп тұрған ащы тағдырды сезіп, жат елде қалып қойды. Кеңес тұтқындары екі тоталитарлық мемлекеттің, екі диктатордың арасында көселген отқа күйді, жандары жаншылып, қорғансыз күй кешті.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет