Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Бұрындық хан тұсындағы Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар мен өңірлер үшін күресі және оның барысы, қорытындысы



бет30/78
Дата13.05.2023
өлшемі0,81 Mb.
#92831
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   78
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ГЭК НОВЫЙ

Бұрындық хан тұсындағы Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар мен өңірлер үшін күресі және оның барысы, қорытындысы.

Бұрындық хан — 1480-1511ж аралығында Қазақхандығында билік құрған Керей ханның ұлы. Бұрындықханның өмірі Қазақ хандығы тарихының алғашқы дәуірімен тығыз байланысты. Бұрындық хан өміріндегі белестер: 
1)Қазақ хандығы құрылуының екінші кезеңдегі атқарған рөлі (1469-1472ж);
2)1472_1473 жылдардан XV ғасырдың 90 жылдарының ортасына дейін, қазақ хандығының батыста Ноғай мырзаларымен және оңтүстікте Сыр бойы
қалалары мен өңірлері үшін күрестегі атқарған рөлі;
3)XV ғасырдың 90жылдарының ортасынан XVI ғасырдыңалғашқы 10 жылдығы ішіндегі Қасым сұлтанмен арадағықайшылықтар, Шайбани ханмен одақтасу, қазақ қоғамындағы беделін жоғалтып, елден кетуі.ШайхХайдарға қарсы Қазақ хандығы тарапынан күресті басқарушы Жәнібек хан болса, ал оны іске асырушы, ұлыс басқарушы Бұрындық. Жорықтың мақсаты — Дешті Қыпшақтағы шайбанилық сұлтандарды жою болған. Сөйтіп ол Қазақ хандығының құрылу кезеңіне, әсіресе оның екінші кезеңіне өз үлесін қосады.
Бұрындық ханның қазақ тарихында аты жарқырап көрінген тұсы — XV ғасырдың 70-90 жылдары болды. Бұлжылдар қазақ хандығы үшін күшею, нығаю және қазақ халқының этникалық территориясын біріктіру жолындағы күрес дәуірі еді. Дәуірдегі ең басты оқиғаға Қазақ хандығының Сыр өңірі үшін Мәуереннахрлық билеушілерімен, шайбанилық сұлтандармен және Моғолстан хандарымен жүргізген ұрыстары жатады. Осы ұрыстарда тарих сахнасына қазақ хандарының екінші буыны: Бұрындық, Қасым хандар шығып, қазақ мемлекеттігінің одан әрі күшейіп, нығаюына өз үлестерін қосады.
Сыр өңірі үшін болған күрес жылдары Қазақ хандығынБұрындық хан билеп тұрды. Сыр бойы —Сырдария өзенінің орта ағысы бойындағы жерлер. XIV-XVI ғғ. Жазба деректер өңірді Түркістан аймағы деп атайды. Аймақ ХІ ғасырдан бері Дешті Қыпшақтың ажырамас,құрамдас бөлігі және онымен бірге біртұтас шаруашылық, мәдени, этникалық, діни, тілдік кеңістікті құраған. Кей тарихи кезеңдерде Сыр өңірі саяси жағынан Мәуереннахрға уақытша қарады. Дешті Қыпшақ пен Мәуереннахр билеушілері арасындағы XI-XVғ қарым-қатынастың негізгі нысаны сыр өңірі болып саналады. Саяси қатынастар Қазақхандығы құрылғаннан кейін де жалғасын тапты. Сыр бойы үшін жүргізілген күрестің басталуына түрткі болған Әбілқайыр ханның немересі Мұхамед Шайбани ханның Мәуереннахрдың қол астындағы Түркістан аймағына келіп бекінуі. Осы жылдары өзара феодалдық соғыстарды бастан өткеріп жатқан Мәуереннахр билеушілерінде Түркістан аймағын қорғайтындай күш жоқ болатын. Сондықтан оларға Қазақ хандығының негізгі жауы — шайбанилық сұлтандарды қазақтарға қарсы қою өте тиімді еді. Қазақ хандығы Мәуереннахр билеушілерінің бұл әрекетіне бірденқарсы шығады. Қыс мезгіліне қарамастан Бұрындық хан бастаған қазақ әскерлері Мұхаммед Шайбани хан бекінген Сығанақ, Сауран және Созақ өңірлерінде ұрысқа түседі. Бірнеше рет болған ұрыстарда жеңілген Шайбанихан қашуға мәжбүр болады. Аймақтың басқа да өңірлерінен айырылу қаупін сезген аймақтың әкімі МұхаммедМазид-тархан Шайбани ханды Самарқанға кетуге көндіреді. Осылайша күрестің алғашқы кезеңі Қазақ хандығы үшін сәтті басталып, аймақтың солтүстік өңірлері Қазақ хандығына өтеді. Бұл ұрыстар шамамен алғанда, 1470- жылдардың ортасында өтеді.
Ал XV ғасырдың 80-жылдарында Шайбани Мәуереннахр билеушілеріне арқа сүйеп, аймаққа тағы да еніп, солтүстік өңірді басып алады. Бұрындық хан және Жәнібек хан ұлдарының қарсы қолданған әрекеттері нәтижесінде Әбілқайыр ханның немересі Түркістан аймағынан кетуге мәжбүр болады. Ал қазақ хандығы болса аймақтың солтүстік өңірін қорғап қана қоймай, аймақтың орталық және оңтүстік өңірлерінде өз ықпалын күшейте бастайды. Негізінен аймақта Жәнібек ханның 9 ұлының ықпал-әсеріөседі. Олардың ұлыстары кеңейіп, қалалар мен жақсықысқы жайылымдар солардың иелігіне көшеді.
XV ғасырдың 90-жылдарында Бұрындық хан мен Жәнібекхан ұлдары арасында қайшылықтар туа бастайды. Қайшылықтың негізіне Сыр өңірінде Жәнібек хан ұлдарының ықпалының нығаюы жатыр. Ішкі саяси өмірдегіосы қайшылық сыртқы саясатқа да өз әсерін тигізеді. 1493-96 жылдары Түркістан аймағы үшін болған ұрыстар қиында ұзақ болды. Шайбани хан бірде Моғол ханы жағына, бірде Мәуереннахрлық билеушілер жағына шығып, өзбағытын өзгертіп отырады. Тіпті негізгі қарсыласы — Бұрындық ханменде жақындасуға ұмтылады. Жәнібек хан ұлдарымен арадағы қайшылықтың одан әрі шиеленісуіБұрындықты Шайбани ханмен одақтас еткізеді. Сөйтіп, 1496 жылы үш жылға созылған ұзақ ұрыстардан соңсоғысушы жақтар келісімге келеді. Келісімніңқорытындысы бойынша Түркістан аймағы үшке бөлініп, солтүстігінде қазақ хандығы, оңтүстігінде Моғолстан, орталығында Шайбани хан билік жүргізеді. Бұрындық пенЖәнібек арасындағы одақтастықты тереңдету үшін 2қызыншайбанилық 2сұлтанға ұзатады. Бұл одақтастыққа қарсыЖәнібек ұлдары Моғолстан ханымен қарсы одақ құрады. Қасым сұлтанның ағасы Әдік сұлтан Моғол ханыныңқарындасына үйленеді. Осылай, қазақ қоғамындағы хандықәулет ішінде бір біріне қарама-қарсы күштер қалыптасады. Бұрындық хан тұсында XVғ соңында Қазақ хандығындағысаяси күштер 2 бөлініп, ол хандықтың сыртқы саясижағдайына әсерін тигізеді.Хан ретінде мемлекеттегі саясикүштердің басын қосудың орнына, олардың бір-біріне қарсытұруына, күштердің бірінде өзі болуы — оның беделініңқұлдырауының басы болды. XVI ғасырдың алғашқы 10 жылдығында Бұрындық хан өміріне түбегейлі бетбұрысәкелген күрделі ірі оқиғалар болып өтті. 1500-жылдың жазында Самарқан тағына келген шайбанилық сұлтанайналасы 3-4 жыл ішінде бүкіл Мәуереннахрды біріктіріп, Моғолстанның қол астындағы Ташкентті моғол ханынантартып алды. Әбден күшейген Шайбани хан 1505-1510ж дейін қазақ хандығына қарсы 4 рет жорық ұйымдастырады. Жорықтардың алдына қойған саяси және экономикалықмақсаттарына қазақ хандығын бағындыру не әлсірету жәнеТүркістан аймағын Мәуереннахрға қосу жатты. Бұрындықхан дәл осы жорықтар кезінде үлкен қателіктер жібереді. Алғашқы 3жорық кезінде Бұрындық хан жауға қарсы шара қолданбайды. Шайбани хан емін-еркін Жәнібек хан ұлдары: Жаныштың, Таныштың ұлыстарын ойрандап, мыңдағанмал-жанды олжалайды. 1509жылдың қысында болған3жорық кезінде, өз ұлысына қарай жау әскерінің кележатқанынан біліп, қарсылық көрсетпей, қашуға мәжбүрболады. 1510-жылдың қысында жау тағы да қазақтарғажорық жасайды. Бұл жолғы жорық бағыты Қасым сұлтанұлысына қарсы бағытталады. Қасым ресми хан болмаса да, осы жылдары оның беделі Бұрындық ханнан да күшті еді.Қазақ хандығының құрылуы кезінде белсене араласып, оданкейінгі кезеңдерде хандықтың күшеюіне өз үлесін қосқанБұрындық ханXVI ғасырдың алғашқы жылдарында үлкен, мемлекеттік дәрежеде көрегендік көрсете алмайды. Елдікмүддеден жеке, тар мүддеге көшу оның беделін түсіртті, атақ-абыройын жоғалтты. 



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет