Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру



бет68/78
Дата13.05.2023
өлшемі0,81 Mb.
#92831
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   78
Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру.

Соғыс жылдарында КазКСР-де, бүкіл елдегідей, қалалық пен ауылдық мекендерде он және жеті жылдық жаппай білім беруді жүзеге асыру уақытша тоқтатылды.
Ауыр материалдық қиыншылықтарға қарамастан мемлекет орта білімге ауқымды қаржы бөліп отырды. 1946 ж. бұл мақсаттарға 85,6 млн. рубль бөлінсе, 1950 ж. 146,5 млн. рубльге көтерілді. Одан қалды, бүкіл елдегідей, Қазақстанда да мектепке көмек көрсету, ортақ білім, сонымен қатар жетімдерге көмек көрсету фондын құружөнінде жексенбілікер өтіп отырды. Сирек қоныстанган аймақтарда интернат мекемелер торабы құрылды және онда 1953 жылға қарай 40 мың бала оқыды. Қазақ мектептерінде Мәскеуден шыққан аударма оқулықтар оқытылды.Елімізге инженерлер, мұғалімдер мен дәрігерлер және басқа мамандар өте қажет болды. Қазақжұмысшылар саны жылдан жыла өсе бергенімен,бірақ олардың көпшілігінің мамандығы жоқболатын. Елде күнәсіз жазалау барысында керекті мемлекет кайраткерлері, ғалымдар, мәдениетөкілдері кінәсіз жазалаудың құрбаны болды.Ғалымдар, жоғары оқу орындарының ұстаздары, мектеп мұғалімдері және тағы басқалары халық арасындағы идеялық-тәрбие беру саласында үлкен жұмыс жүргізді. Денсаулық сақтау қызметкерлері қажырлықпен еңбек етті. Соғыстың арқасында емханаларда емдеуде болған жаралы жауынгерлердің жетпіс пайыздан астам қайтадан қатарға қосылды. Соғыс кезінде 118 техникумнан 92-сі сақталды, онда оқитын оқушылар саны тек 389 адамға ғана қысқарды. 1941ж дейінгі 20 жоғары оқу орына 1944 ж жаңадан 5 институт қосылды. Олар: Алматы шетел тілдері, Шымкент технологиялық, Қазақ дене тәрбие институттары, Алматы консерваториясы, Қазақ педогогикалық қыздар институты. Республика жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің саны 1941 ж 10,4 мыңнан 1945 жылы 15 мыңға дейін өсті. 

  1. Соғытан кейінгі жылдардағы Қазақстан. Бейбіт құрылысқа көшудің қиындықтары.

Кеңес Одағы соғыстан экономикалық жағынан әбден әлсіреп шықты. 32 мың өнеркәсіп орны, сондай-ақ 100 мың ауыл шаруашылық өнеркәсіп орындары үлкен шығынға батты, олардың біраз бөлігі толығымен жойылды.Соғыс жылдарында еліміз 30 млн-ға жуық халқынан айырылғаны белгілі, одан да көп болуы мүмкін. соғыстың зардабы Қазақстанға ауыр тиді. Мысалы: зауыттарда, фабрикаларда және ауыл шаруашылығында жүмыс күші жетіспеді. Бұл жағдай бірнеше себептерге байланысты еді. Соғыс кезінде Қазақстанға қоныс аударған мамандардың көпшілігі туған жерлеріне кайтты. Көптеген Қазақстандықтар майданда қаза тапты және соғыстан оралмады.
Соғыстан кейінгі елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Ал Қазақстанда ел экономикасын бейбіт өмірге қайта бейімдеу шаралары жүргізілді. Әсіресе өнеркәсіпті дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Болат өндіру, цемент, қара және түсті металл өндірісі жабдықтарын шығару, кемір және тау-кен кәсіпорындарын дамыту жақсы жолға қойылды. Өйткені Қазақстанда ауыр өнеркәсіпті дамыту басты назарда болып, негізгі күш осы са-лағажұмсалды. Бүған елдің қорғаныс күшін арттыру бағыты қосылды. Қазақстан Кеңес Одағының әскери-өнеркәсіптік кешенінің ірі ошағына айналды.
Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуда біраз шаралар қолданылды. Бірақ бұл мәселе онымен шешілмеді. Жұмысшылардың жалақысы көп ретте азық-түлікті сатып алып отырды. Әсіресе, ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекет өте арзан бағамен сатып алды. 1946 жылы Кеңестер Одағының біраз өңірін аштық жайлады. Бұл туралы ешқандай мәліметтерде айтылмайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет