Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы



бет22/45
Дата14.05.2023
өлшемі248,33 Kb.
#92995
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45
Байланысты:
Тарих 105 сұрақ (15)

Қазақ хандығы — 1465 жылы Алтын Орданың және 1468 жылы Өзбек хандығының ыдырау кезінде қалыптасқанқазіргі Қазақстан мен оған іргелес мемлекеттераумағындағы қазақ мемлекеті. Оның аумағының көбісі Орта Азияда болып, бір бөлігі Шығыс Еуропада орналасқан. XV ғасырда қазақтар Өзбек хандығындағы жемқорлық, саяситұрақсыздық пен әлсіз үкіметтен шаршап, қазақтарды Жетісуда жинаған Керей мен Жәнібек хан 1465 жылда Қазақ хандығын құрған. Тарих бойы Қазақ хандығыөз аумақтарын үлкейтіп, қазіргі Қазақстанның территорияларының көбісіне иеболған.[1] XVII ғасырда қазақтар Жоңғарлармен соғысып, әлсізденген де, келесі ғасырда хандықты Ресейпатшалығы жаулап алған.

Қазақ хандығы

Астаналары:1465-1469 Созақ
1469-1511 Сығанақ
1511-1521 Сарайшық
1521-1599 Сығанақ
1599-1729 Түркістан. Аумағы:3.2млн га. Халқы:Қазақ;Қарақалпақ;Қырғыз
Қазақ жерінде ежелгі дәуірден бастап сақ, ғұн, үйсін, қаңлысияқты мемлекеттер, орта ғасырларда Түркі, Батыс Түркі, Түргеш, Қарлұқ, Қимақ, Қыпшақ т.б., моңғолшапқыншылығынан кейінгі кезеңдерде Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы сияқты мемлекеттер болды.
Ал Қазақ хандығының құрылуы «жаңа мемлекеттікжүйенің» басталуы болды. Қазақ халқы қалыптасуға бет бұрған кезеңде халықтың тұрақты өмірі мен тіршілігін, атамекеннің тұтастығын, дамуға деген талпынысынқамтамасыз ете алатын жалғыз фактор – мемлекеттұтастығының болуы еді.
Мұндай қоғамдық сұранысты дер кезінде түсінген Кереймен Жәнібек болды.
Қазақ хандығы шаруашылықтың дамуы, өндіргішкүштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуынәтижесінде ерте заманнан бері ұлан-байтақ Орта Азиянымекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ құраған қазақ халқының бірігуі арқылы XV ғасырдың орта шенінде құрылды.
1457 жылы Әбілқайыр хан ҮзТемір тайшы бастағанойраттардан Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқараауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлерінекетті. Ал Әбілқайыр өз ұлысында қатал тәртіп шараларынорнатуға кіріседі. Бұл халықтың оған деген өшпенділігінкүшейтті. Оған қарсы күресті Жәнібек пен Керей басқарды.
Қазақ хандығының құрылуына 1457 жылдан кейін Кереймен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр хан үстемдігінеқарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс ДештіҚыпшақтан Батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңірінеқоныс аударуы мұрындық болды.
Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434-1462 жж.) қоныс аударған қазақтарды Әбілқайырға қарсыпайдалану үшін оларды құшақ жая қарсы алып, қонысберді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Олкезде Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошыәулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. НәтижесіндеЖәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұғахан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батысшегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барыпорналасқан соң Әбілқайыр хан дүние салды да, Өзбекұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханға көшіпкетті. Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер «қазақтар» деп атады. Қазақсұлтандары 870 жылдары (1465-1466 жж.) билік жүргізебастады…».
Алғашында Қазақ хандығының территориясы Жетісужерінің батысы, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Ежелден осы алапты мекендеген тайпалар ДештіҚыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етенеараласып кетті. Әбілқайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан күйзелген қазақ тайпалары бұл арағакеліп ес жинап, етек жауып, тұрмыстарын түзей бастады. Олардың қоныс аударуына Шыңғыс әулетінен шыққанКерей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып кележатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оныңтәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз етужолындағы қызметтері ықпал етті.
Жетісу рулар мен тайпалар және мемлекет бірлестігініңорталығына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтергенБарақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханныңбаласы еді. Қазақтың алғашқы ханы болып Керейжарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болыпЖәнібек сайланды (1473-1480 жж.).
Алайда жаңадан құрылған Қазақ хандығыныңэкономикалық негізі әлсіз еді және бірсыпыра қазақтайпалары Әбілқайыр хандығының, Моғолстанның, НоғайОрдасының және Батыс Сібір хандығының қол астындатөрт хандыққа бөлшектеніп отырған болатын.
Жаңа кұрылған Қазақ хандығы құрамына, яғни батысЖетісу өңіріне он шақты жыл айналасында екі жүз мыңдайадамнан құралған көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріспен қонысты керек етті. Сонымен қатар көшпелі ел үшінотырықшы, егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе, қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық – Сырдария жағалауыңдағы қалалармен сауда-саттық жасаумаңызды мәселеге айналды. Бұл қарым-қатынастың оңалуына тек көшпелі ел ғана емес отырықшыаймақтардағы халық та мүдделі болды. 
Осы жағдайларға байланысты Қазақ хандығының алдында үлкен тарихи міндеттер тұрды: 1. Мал жайылымдарынпайдаланудың Дешті Қыпшақ даласында бұрыннанқалыптасқан дәстүрлі тәртібін қалпына келтіру. 2. Шығыспен батыс сауда керуен жолдары өтетін Сырдарияжағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Яса (Түркістан) т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату. Себебі Сырдариябойындағы қалаларды экономикалық және әскери тіреккеайналдыру Дешті Қыпшақ даласын билеудің басты шартыболып келген. 3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территориясын біріктіру.
XV ғасырдың 70 жылдарында қазақтар Сырдария бойыжәне оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыратерриториясын басып алды. Сөйтіп қазақ хандығыныңтерриториясы әлдеқайда кеңейді, оған жан-жақтан қазақтайпалары келіп қосылып жатты.
Алайда Сырдария жағасындағы қалалар үшінӘбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен күресотыз жылдан астам уақытқа созылды.
1470 жылы қыста Қазақ ханы Керей қол бастап Түркістанғашабуыл жасады. Сауран түбінде қазақтардан соққы жегенМұхаммед Шайбани Бұхараға қашты. Сөйтіп Сырдарияжағасындағы Созақ және Сауран қалалары Қазақхандығының құрамына кірді.
Оңтүстік Қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетіменарадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін Қазақ хандығынбилеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да тоқтамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне, оңтүстіктегіөздеріне қараған қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйенеотырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкіметбилігінен дәмеленуші барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерінұлғайтты.

Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі территорияны, Сырдария мен Әмудария өзендерінің аралығын, Хорасан жерін қамтыды.


Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы дала демократиясына негізделген монархия болды. Мемлекетбасшысы – хандар саяси билік жүргізді. Олар төретұқымынан шыққан сұлтандар арасындағы таңдау негізіндесайланып отырды.
Тезистер
Қазақ хандығының құрылуы «жаңа мемлекеттік жүйенің» бастауы болды.
1457жылы Әбілқайыр хан Үз-Темір тайшы бастағанойраттардан Түркістан өңірінде жеңіліп қалып, өз ұлысындақатал тәртіп орнатуға кіріседі.
Оған қарсы күресті Жәнібек пен Керей басқарды.
Қазақ хандығының құрылуына 1457 жылдан кейін Кереймен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр хан үстемдігінеқарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап, Шығыс ДештіҚыпшақтан Батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мұрындық болды.
Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434-1462 жылдары билік еткен) қоныс аударған қазақтардыӘбілқайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қонысберді.
Алғашында Қазақ хандығының территориясы Батыс Жетісужері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. 
Әбілқайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынанкүйзелген қазақ тайпалары бұл араға келіп ес жинап, етекжауып, тұрмыстарын түзей бастады. 
Жетісу рулар мен тайпалар және мемлекет бірлестігініңорталығына айналды.
Жетісуға қоныс аударушылардың саны 200 мың адамғажетті.
Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтергенБарақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханныңбаласы еді.
Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды(1473-1480 жж.).
Қазақ хандығының алдында үлкен тарихи міндеттер тұрды: 1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті Қыпшақдаласында бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі тәртібінқалпына келтіру. 2. Шығыс пен батыс сауда керуен жолдарыөтетін Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Яса (Түркістан) т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату. СебебіСырдария бойындағы қалаларды өзінің экономикалық жәнеәскери тірегіне айналдыру Дешті Қыпшақ даласын билеудіңбасты шарты болып келген. 3. Қазақ тайпаларының басынқосып, қазақтың этникалық территориясын біріктіру.
Алайда Сырдария жағасындағы қалалар үшінӘбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен күресотыз жылдан астам уақытқа созылды.
1470 жылы қыста Қазақ ханы Керей қол бастап Түркістанғашабуыл жасады. Сауран түбінде қазақтардан соққы жегенМұхаммед Шайбани Бұхараға қашты. Ал Сырдарияжағасындағы Созақ және Сауран қалалары Қазақхандығының құрамына кірді.
Оңтүстік Қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетіменарадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығынбилеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады.
Батыс Жетісудағы иеліктеріне, оңтүстіктегі өздеріне қарағанқалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігінеталаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерінұлғайтты.
Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі территорияны, Сырдария мен Әмудария өзендерінің аралығын, Хорасан жерін қамтыды.
Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы дала демократиясына негізделген монархия болды. Мемлекетбасшысы – хандар саяси билік жүргізді. Олар төретұқымынан шыққан сұлтандар арасындағы таңдау негізіндесайланып отырды.
Үш жарым ғасырдан астам өмір сүрген Қазақ хандығыдәуірі өз ішінде екі үлкен тарихи кезеңге бөлінеді. Біріншісі– бір орталықтан басқарылған кезең, екіншісі – бытыраңқылық кезең деп аталады.
Бірінші кезеңге хандық құрылғаннан 1715 жылы Тәуке хан қайтыс болғанға дейінгі аралық жатса, ал екінші кезең 1715 – 1824 жылдар аралығын қамтиды. Бірінші кезең тағы да өзішінде шартты түрде бірнеше кішігірім кезеңдерге бөлінеді. Олар – хандықтың құрылуы, күшеюі, әлсіреуі, қайта өрлеуі, өзара талас немесе «текетірес», жоңғарлармен алғашқыкүрес, «алтын ғасыр» кезеңдері. Осы кезеңде Қазақхандығында мынадай хандар билік жүргізді: Керей хан, Жәнібек хан, Бұрындық хан, Қасым хан, Мамаш хан, Тайырхан, Бұйдаш, Ахмет, Тоғым хандар бір мезгілде, Хақназархан, Шығай хан, Тәуекел хан, Есім хан, Тұрсын хан, қайтаЕсім хан, Жәнібек хан, Жәңгір хан, Тәуке хан.
39 сұрақ
39 билет.
Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы . Керей және Жәнібек хандардың рөлі.
Қазақ хандығының құрылуы бізде тікелей Әбілқайыр хандығына байланысты. Яғни 1457 жылы Әбілқайыр хан мен ойраттардың басшысы Үз Темірдің арасында шайқас болады. Сол шайқаста Әбілқайыр хан жеңіліп Үз Темірдің айтқан шарттарына келіседі. Сондай масқара ауыр шарт жасасқан соң, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетеді. Ал Әбілқайыр өз ұлысында қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Ол салықты көбейткен кезінде ,оның бұндай іс әрекеттеріне халықтың ашу ызасы шығады. Оған қарсы күресті Жәнібек пен Керей басқарды.
1457 жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті Қыпшақтан Батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударады. Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға қоныс аударған қазақтарды Әбілқайырға қарсы пайдалану үшін оларды құшақ жая қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң Әбілқайыр хан дүние салды да, Өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер «қазақтар» деп атады. Осылайша бізде қазақ хандығы пайда болады. Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды. Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды . Қазақ хандығының құрылуы «жаңа мемлекеттік жүйенің» басталуы болды. Қазақ халқы қалыптасуға бет бұрған кезеңде халықтың тұрақты өмірі мен тіршілігін, атамекеннің тұтастығын, дамуға деген талпынысын қамтамасыз ете алатын жалғыз фактор – мемлекет тұтастығының болуы еді.Мұндай қоғамдық сұранысты дер кезінде түсінген Керей мен Жәнібек болды.
Жаңа кұрылған Қазақ хандығы құрамына, яғни батыс Жетісу өңіріне он шақты жыл айналасында екі жүз мыңдай адамнан құралған көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс пен қонысты керек етті. Сонымен қатар көшпелі ел үшін отырықшы, егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе, қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық – Сырдария жағалауыңдағы қалалармен сауда-саттық жасау маңызды мәселеге айналды. Бұл қарым-қатынастың оңалуына тек көшпелі ел ғана емес отырықшы аймақтардағы халық та мүдделі болды. Осы жағдайларға байланысты Қазақ хандығының алдында үлкен тарихи міндеттер тұрды:
1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі тәртібін қалпына келтіру.
2. Шығыс пен батыс сауда керуен жолдары өтетін Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Яса (Түркістан) т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату. Себебі Сырдария бойындағы қалаларды экономикалық және әскери тірекке айналдыру Дешті Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болып келген.
3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территориясын біріктіру болды.
XV ғасырдың 70 жылдарында қазақтар Сырдария бойы және оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп қазақ хандығының территориясы әлдеқайда кеңейді, оған жан-жақтан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты.
40 сұрақ
Бұрындық хан тұсындағы Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар мен өңірлер үшін күресі және оның барысы,қорытындысы
Сыр өңірі үшін болған күрес жылдары Қазақ хандығын Бұрындық хан билеп тұрады. Жәнібек ханның қашан қайтыс болып, Бұрындықтың қай жылдардан бастап билікқұра бастағаны бізге белгісіз. Ол туралы ешбір дерекжазбайды.

Т. И. Сұлтановтың пікірі бойынша Бұрындық хан 1473-74 жылдардан бастап билік құра бастаған. (Султанов Т. И. Коче¬вые племена Приаралья в XV-XVII вв. М., 1982, 112 б.). Біз де осы пікірді жөн деп санаймыз, өйткені дәл осы жылдардан бастап Сыр бойы үшін күресте қазақ ханы ретінде Бұрындықтың есімі айтылып, Жәнібек хан ұлдарының бәрі «сұлтан» лауазымен жазылады.

Сыр бойы деп отырғанымыз — Сырдария өзенінің ортаағысы бойындағы жерлер. XIV-XVI ғғ. жазба деректерөңірді Түркістан аймағы деп атайды. Аймақ — XI ғасырдан бері Дешті Қыпшақтың ажырамас, құрамдас бөлігі және онымен бірге біртұтас шаруашылық, мәдени, этникалық, діни, тілдік кеңістікті құраған. Тек кейбір та¬рихикезеңдерде Сыр өңірі саяси жағынан Мауреннахрға уақытша қараған. Дешті Қыпшақ пен Мауреннахрбилеушілері арасындағы XI-XV ғғ. қарым-қатынастың негізгі нысаны Түркістан аймағы болып саналады. Ойымыздәлелді болуы үшін ХІ-ХІІ ғасырлардағы Қыпшақ хандығы мен Хо¬резм мемлекеті, ХШ ғасырдағы Орда Ежен ұлысы мен Шағатай ұлысы, Орыс хан мен Ақсақ Темір, Тоқтамыс хан мен Ақсақ Темір, Барақ хан мен Ұлығбек, Әбілқайыр хан мен Ақсақ Темір ұрпақтары арасындағы саясиқатынастарды айтсақ та жетіп жатыр. Саяси қатынастар Қазақ хандығы құрылғаннан кейін де жалғасын тапты. Аймақ үшін күрестің басталуы Бұрындық ханның билігітұсына сай келеді. Оның қазақ тарихында алатын рөлі де осы Сыр бойы үшін күресте көрініс береді..

Сыр бойы үшін жүргізілген күрестің себебін айттық, ал басталуына түрткі болған оқиғаға Әбілқайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани ханның Мауреннахрдың қол астындағы Түркістан аймағындағы қалалардың біріне келіп, бекінуі жатады. Осы жылдары өзара феодалдық соғыстарды бастан өткеріп жатқан Мауреннахрдағы темір әулетінің билеушілерінде Түркістан аймағын қорғайтындай күш жоқ болатын. Сондықтанда оларға Қазақ хандығының негізгіжауы — шибанилық сұлтандарды қазақтарға қарсы қою өте тиімді еді.

Қазақ хандығы Мауреннахр билеушілерінің бұл әрекетіне бірден қарсы шығады. Қыс мезгіліне қарамастан Бұрындық хан бастаған қазақ әскерлері Мұхаммед Шайбани хан бекінген Сығанақ, Сауран және Созақ өңірлерінде ұрысқа түседі. Бірнеше рет болған ұрыстарда жеңілген Шайбанихан қашуға мәжбүр болады. Аймақтың басқа да өңірлерінен айырылып қалу қаупін сезген аймақтың әкімі Мұхаммед Мазид-тархан Шайбани ханды Самарқанға кетуге көндіреді. Осылайша күрестің алғашқы кезеңі Қазақ хандығы үшін сәтті басталып, аймақтың солтүстік өңірлерінде Қазақ хандығының саяси билігі орнығады. Орны келгенде айтакету керек, бүкіл хандықтың әскерін Бұрындық басқарып, алғашқы жеңістерге қол жеткізілсе де, деректерде атапөтілгеніндей, Жәнібек хан ұлдары Қасым, Жиренше, Махмуд сұлтандар ерекше көзге түседі. Бұл ұрыстар шамамен алғанда, 1470- ші жылдардың ортасында өтеді.

Ал XV ғасырдың 80-ші жылдарында Мұхаммед Шайбанихан Мауреннахр билеушілеріне арқа сүйеп, аймаққа тағы да енеді де, солтүстік өңірдегі қалаларды басып ала бастайды. Бұрындық хан және Жәнібек хан ұлдарының қарсы қолданған әрекеттері нәтижесінде Әбілқайыр ханның немересі Түркістан аймағынан қашуға мәжбір болады. Ал Қазақ хандығы болса аймақтың солтүстік өңірін қорғап қана қоймай, аймақтың орталық және оңтүстік өңірлерінде өз ықпалын күшейте бастайды. Негізінен аймақта Жәнібек ханның 9 ұлының ықпалы мен әсері өсе бастайды. Олардың ұлыстарының аумағы кеңейіп, қалалар мен елді мекендер, жақсы қысқы жайылымдар солардың иелігіне көшеді.

XV ғасырдың 80—90 жылдары Мауреннахрда феодалдық бытыраңқылықтың одан әрі тереңдеуі Қазақ хандығына өте тиімді болды. Қазақтар хандығының аумақта саяси-экономикалық ықпалының күшюіне енді сол кездегікөршілес мемлекеттердің бірі – Моғолстан қарсылық білдіре бастайды. Моғол ханы Сұлтанмахмут хан тікелейашық соғысқа бара алмай, ол да Шайбани ханды қазақтарға қарсы қолданады. Сұлтанмахмут хан Мауреннахрданаймақтың бір бөлігін тартып алып, онда Шайбани хандыбилеуші етіп қояды. Деректерде, моғол ханының бұл ісінеқарсы Қазақ хандығы наразылық білдіреді және осыған байланысты екі жақ арасында екі рет ұрыс болады, екеуіндеде қазақтар жеңіске жетті деп жазылады. Осы кездердегісыртқы саясаттағы жеңістердің барлығында да Бұрындық ханның үлесі өте зор. Оның беделінің және атақ-даңқының әбден өскен кезі де осы тұс.

XV ғасырдың 90-шы жылдарында Бұрындық хан мен Жәнібек хан ұлдары арасында қайшылықтар туа бастайды. Біздің ойымызша, қайшылықтың негізіне Сыр өңіріндеЖәнібек хан ұлдары ықпалының өсуі мен нығаюы жатыр. Ішкі саяси өмірдегі осы қайшылық сыртқы саясатқа да өз салқындығын тигізеді. Сол себепті де 1493-96 жылдарыТүркістан аймағы үшін болған ұрыстар қиын да, ауыр ұзақ болады. Шайбани хан бірде Моғол ханы жағына, бірдеМауреннахрлық билеушілер жағына шығып, өз бағытын өзгертіп отырады. Тіпті ол негізгі қарсыласы — Бұрындық ханмен де жақындасуға ұмтылады. Жәнібек хан ұлдарымен арадағы қайшылықтың одан әрі шиеленісуі Бұрындықты Шайбани ханмен одақтас еткізеді. Сөйтіп, 1496 жылы үш жылға созылған ұзақ ұрыстар мен шайқастардан соң соғысушы жақтар келісімге келеді. Келісімнің қорытындысы бойынша Түркістан аймағы үшке бөлініп, оның солтүстігінде Қазақ хандығы, оңтүстігінде Моғолстан, орталығында Мұхаммед Шайбани хан билік жүргізуге тиісболады.


41 сұрақ
41 Қазақ хандығы кезіндегі билер институты
Қазақ хандығында елдің болашағын, жағдайын талқыға салып, ақылдасқан, әділдікті әрқашан қолдаған билер болатын. Билер халықтың көкейіндегісін айтқан, көмейіндегісін жарыққа шығарған әділет жоқшысы болған. Би болу үшін бай болу шарт емес, би болу үшін топты жарып шығу керек. Билер институтының бірнеше ғасырларға созылатын зерттелу тарихы бар. Кеңес дәуірінде әсіресе 70 жылдардан бастап белгілі ғылым академик С. Зимановтың басшылығымен қазақ әдет-ғұрып құқығының институттары мен нормалары кең масштапта ғылыми айналымға түсіп зерттеле бастайды. Қасым хан тұсында билер институтының орны ерекше болды. Оның басты еңбегі сол уақытқа дейінгі “жол жоралғыларды” жүйелеп бір ізге салуында. «Қасым хан қасқа жолы». Қасым хан өзінің сот шешімдеріне бұрынғы ата-баба ғұрыптарына сүйенудің қажеттілігін атап көрсетеді. Бұл ханның жолды жасаудағы ролін көрсетеді. Сол кезге дейінгі қазақ даласындағы қалыптасқан “жол “қасқа жолдың” халық арасына кең таралуының сыры оның хан тұсындағы билердің көкейінен шығуында еді. Өйткені, би ханның пәрменін халық арасында дұрыс түсіндірушісі, қамқоршысы болған. Сондықтанда бұл заң билердің, батырлардың тағы басқа игі жақсылардың бас қосқан жиынында келісілген. Билер бұл заманда негізінен ру басының қызметін атқарлы. Билердің беделі руларында зор болған. Сондықтанда қазақ хандығын нығайтуды ойлаған Қасым хан билердің ақыл-кеңестеріне сүйеніп, ел билеуге ұмтылған. Ал билердің беделінің неліктен артқандығына келетін болсақ, онда ол сол кездегі қалыптасқан шаруашылық жүргізуде еді. Сондықтан да халық ханнан гөрі, билерді көп сыйлаған. Билер халық сүйеніші, кеңесшісі болған. Хан саясатын ру ішінде жүргізуші. Егер ханнан би сырт айналса, халық та теріс қараған. Билер сол кездің өзінде ханға, хансың деп қарамай ойындағысын айта білген. XVІІ ғасырдың екінші жартысы мен XVІІІ ғасырдың басы Қазақстан үшін қилы да қиын дәуір болды. Ру-ру, ұлыс-жүз болып бөлініп, алауыздықпен өзара дау-жанжал, қақтығысқа белшесінен батқан қазақтарды Ресей патшалығының арамза саясаты, Шығыстан, арқадан тынымсыз шабуылдаған жоңғар қалмақтарының басқыншылығына ұшыратты. Тәуке хан тұсы. Осындай қиын кезеңде билік құрған Жәңгір ханның баласы Тәуке ыдырап, берекесі кеткен қазақ халқының басын қосып, ішкі дауларды, барымтаны, тежемелі ұсақ хандықтардың уақытша болса да ынтымаған көздемей, сыртқы жаулармен батыл күресуге болмайтынын түсінді. Осы мақсатпен Тәуке қазақ қоғамына ірі-ірі реформаларды енгізді. Билер Тәуке хан тұсында үлкен әлеуметтік күшке айналды. Сондықтан да “билер кеңесі” деген тұрақты органының өмірге келуітегін емес сияқты. Бұл кезде атышулы, мемлекеттік дәрежеге жеткен билер де болған. Олар бәрімізге таныс Үш пайғамбар атанған “Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер еді”.
Билер бұл кезде ру басы болумен қатар кәнігі сот қызметінде атқаралы және халықаралық қатынаста елшілікке де тартылады.
42 сұрақ
42 сұрақ: Қасым хан тұсында хандық аумақтың ұлғаюы
Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында нығайды. Оның сыртқы саясатындағы негізгі бағыт бұрынғысынша Сырдария бойындағы қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы күрес болды. Осы арқылы өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. «Тарихи-Рашиди», «Шайбани», т.б. деректемелердегі мәліметтерге қарағанда, Қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген» . XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ территориясын өз қол астына қаратты. Бұл кезде хандықтың шекарасы Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы қалаларды басып алды. Шығыс оңтүстікте оған Жетісу жерінің дені (Шу, Қаратал, Іле өзендерінің алабы) қарады. Солтүстік және Шығыс солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейін жетті, Батыс солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым ханның батыстағы территориялық иеліктері де ұлға түсті. Ноғай Ордасы бұл кезде ауыр дағдарысты басынан өткізіп жатқан еді. Ру басшылары, мырзалар, билер билік үшін өзара қарқысумен болды. Әбден қалжыраған Ноғай Ордасы рулары мен тайпаларының бір бөлігі қазақ хандары мен султандарының билігіне бағынып, елінен қазақ хандағына көшіп кетті. Осы кезде Қасым ханның қол астына қараған халықтың саны 1 миллион адамға жеткен.
43 сұрақ
43.Қазақ хандығының қайта өрлеуі. Хақназарханның билігі. 
Қасым хан қайтыс болған соң,Қазақ хандығында болған саяси дағдарыс ұзақ жылға созылды.Ішкі талас-тартыстар мен сыртқы феодалдық соғыстардың ауыртпалығы Қазақ хандығын біршама әлсіретті.Осындай саяси жағынан ыдырай бастаған Қазақ хандығын біріктіріп,аймақтық жағынан ұлғайтуға ,мемлекеттің халықаралық жағдайын нығайтуға Қасым ханның баласы Хақназар хан зор үлес қосты.Хақназар хан хан тағына отырысымен көршілес мемлекеттермен қарым-қатынасты күшейтіп,өз хандығының саяси белсенділігін арттыруға көп күш жұмсады. ҚазақХандығын Хақназар хан 15381580 жылдарыбиледі. Хақназар хан тұсында қазақ хандығы қайтабірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын жалпы42 жыл биледі. 
Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтіңбилігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайратжұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдашхан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақхандығын қайта біріктірді. Хақназар хандық құрғандәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар орын алды. Бұл кезде батыстакүшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай іргекеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын1556 жылы Астрахан хандығын басып алды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасындаұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғайордасы ыдырай бастады.Осылайша, Хақназар хан 1580 жылға дейін Қазақ хандығының батыс пен солтүстіктегі шекараларын қалпына келтіружолында Ноғай Ордасымен, Сібір хандығыментікелей қатынастарға түсіп, Қырым, Мәскеубилеушілерімен байланыстар орнатады. Оның атақ-даңқы бұрынғы Алтын Орда аумағындағы саясиөмірде өте танымал болады.
Хақназар ханның билігі тұсында Қазақхандығының жүргізген саясатының тағы бір бастыбағыты – оңтүстік және оңтүстік-шығыс бағытболды. Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысыбойындағы жерлер мен қалалар Қазақ хандығы өтемаңызды рөл атқарды. Шаруашылық тұрғыданалғанда көшпелі қазақ ру-тайпаларының қысқыжайылымдары мен қыстаулары Сырдың солжағалауында болса, Дешті Қыпшақтың солтүстікбөлігінде табиғи жазғы жайылымдар мен жайлаулар орналасты.
Хақназар хан саясат жолында Бұхар ханы IIАбдаллахпен дос болып,өзара көмектесу жөнінде «ант беріскен шарт»жасасқан.Хақназар ханның дипломатиялық шарасы халық құптаған тиімді шарасы болған.Нәтижесінде соғыс қимылдары тоқтап,сауда-саттық қатынасы ұлғаяды.Екі ел арасында шаруашылық байланыс одан әрі өрістей бастайды.
Хақназар хан билігі кезінде Қазақ хандығының көрші Ресей елімен қарым-қатынасы жақсара бастады.1569-1573 жылдары орыс елшісі Семен Мальцев пен Чебуков қазақ хандығына елшілік болып келген.Екі мемлекет елшілер арқылы сауда байланыс қатынастарын орнатады.Себебі Хақназар хан Ресеймен қарым-қатынас жасауда өз әкесі Қасым ханның жолын ұстанған.
Хақназар ханды Ташкент маңының билеушісі Баба сұлтан өлтіреді.
Хақназар хан билік еткен тұс саяси өрлеу кезеңі болып табылады.
44 сұрақ
44 СҰРАҚ🛑 Шығай хан. Тәуекел хан, оның саясаттары.
Шығай хан — қазақ хандығының 9-шы ханы (1580—1582 жж.) билік құрған. Шығай хан – Қазақ хан­ды­ғы­н­ың негізін салу­шылардың бірі – Жәнібек ханның немересі, Жәдік сұлтанның көп ұлдарының бірі. Шығай хан – қазақ тарихын­да өте аз уақыт билікте болғанымен, оның тікелей ұрпақтары Қазақ хан­ды­ғының туы түп­кі­лікті жы­ғыл­­ғанға дейін екі жарым ға­­­сыр билік жүргізді. Қазақ хан­дығының жығылған туын қайта көтеруге күш салған Кенесары хан да осы Шығай ханның ұрпағы болып келеді.
Тәуекел хан[1] — 1582-1598 жылдары билік құрған Қазақ хандығының билеушісі. Шығай ханның ұлы. 1582-1594 жылдар аралығында ол өзге сұлтандармен хан тағына таласып, біраз уақытын соған жұмсады. Ақыры хандыққа қол жеткізді. Өзбек ханына қарсы күресте әскери одақтас ету үшін ол Мәскеумен қарым-қатынасын жолға қойды. Сөйтіп, 1598 жылы Орта Азияға жаңа жорық жасады. Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алар жолда ұрыстар жүргізілген кезде Тәуекел хан ауыр жараланып, Ташкентте қайтыс болды.
Саясаттары:
🛑Жәнібек ханның немересі Шығай 1580-1582 жылдары хан болды. Ол бұл кезде сексен жаста болған. 1582 жылы Бухара ханы Абдолла, қазақ ханы Шығай және оның баласы Тәуекелмен күш біріктіріп, Ташкент билеушісі Баба қарсы Ұлытау жорығын ұйымдастырды. Баба сұлтан жеңіліп, Дешті-Қыпшақ даласына қашады, өзбек, қазақ әскерлері Баба сұлтанды Ұлытауға дейін қуады. Шығай хан сол жорықта қайтыс болды. Түркістанға қайтып келе жатқан Баба сұлтанды Тәуекел өлтіріп, басын Абдоллаға әкеледі. Қас жауын жойғанға риза болған Абдолла хан Тәуекелге Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын тарту етеді
🛑Тәуекел-1582-1594 жылдар аралығында ол өзге сұлтандармен хан тағына таласып, біраз уақытын соған жұмсады. Ақыры хандыққа қол жеткізді. Өзбек ханына қарсы күресте әскери одақтас ету үшін ол Мәскеумен қарым-қатынасын жолға қойды. Сөйтіп, 1598 жылы Орта Азияға жаңа жорық жасады. Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алар жолда ұрыстар жүргізілген кезде Тәуекел хан ауыр жараланып, Ташкентте қайтыс болды
45 сұрақ
45 СҰРАҚ: XVII ғ. және XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығы.
Тарихи зерттеулерде Тәукенің хандықтағы билікке келу жылының талас тудыратын мәселе екені белгілі Тәукенің хан жариялануын екінші бағытындағы талдау, оның 1653-1654 жылдардағы хандыққтағы билікке ие болғандығы тарихи оқиғаларды салыстырмалы-сараптау арқылы нақты тұжырым жасау. Тәуке ханның 1678-80 жылдарға дейінгі жазба деректерде есімнің ұштаспауы немесе осы жылдар аралығында Қазақ хандығы жағдайы туралы өзге халықтардың деректерінде кездеспеуінің себебі:
Қазақ хандығының сыртқы саясатындағы тұрақтылығы;
Көрші орналасқан мемлекеттердің өз ішіндегі саяси өзгерістердің әсері болды.
Қазақ хандығы Тәуке тұсында сыртқы жағдайдың бірсыпыра тұрақтанып, нығаюымен белгілі. Тәуке хан билігі күшейген кезден бастап сыртқы саясат көрші елдермен бейбіт түрде байланыс жасай отырып, экономикалық қарым-қатынас та орната білді.
Тәуке хан ойрат жасақтарының үздіксіз шабуылын тыю мақсатында Жоңғар ордасымен бейбіт қарым-қатынас орнату үшін ұдайы елшілер жіберіп тұрды. Соның бірі-1703 жылы 25 сәуірде Цебан-Рабданның текестегі ордасына қазақ елшілігі бейбіт қарым-қатынас ортануға келгендігін сол кезде Жоңғар еліндегі орыс мемлекетінің елшісі П.Гордеевке тілмашына хабарлады [15, 65 б.]. Елшілік қандай нәтижеге жеткендігін білдіретін мәліметтер ешқандай құжаттарда кездеспейді. Бірақ,осыдан кейін екі ел арасында ірі қақтығыстар бола қойған жоқ. Оның бір себебі, Жоңғар мемлекетіндегі ішкі қайшылықтардан болса, ал екіншіден қазақ жасағынын тарапынан берілген қатты соқылардың әсерінен болуы мүмкін.
1709 жылдары басталған ойрат феодалдарының жаңа шабуылы, Тәуке ханның қазақ билеушілерінің басын қосып 1710 жылы Қарақұм маңында үш жүздің өкілдерінен құрылтай өткізуге итермеледі.
46 сұрақ
46 - сұрақ: XVII ғ. екінші жартысындағы қазақ-жонғар қатынастарының сипаттамасы. 
XVII-XVIII ғасырдың басындағы қазақ жонғар қатынастары. 
Жоңғар шапқыншылығы, жоңғар-қазақ соғыстары (Отан соғысы деп те аталады) – Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, 18 ғасырдың 50-жылдарына дейін оның аумағына ойраттардың бірде өршелене, бірде беті қайта жасаған шапқыншылықтары. Қазақ халқы ойраттарды алғашқыда қалмақтар, кейін жоңғарлар деп атаған (қ. Жоңғар хандығы). 15 ғасырдың 50-жылдары ойраттардың қалмақ тайпасының билеушісі Үз-Темір тайшы өздерімен іргелес жатқан қазақ даласына шабуыл ұйымдастырады. Дешті Қыпшаққа баса-көктеп кіріп, Ақ Орданы ойрандады. Сыр бойына жетіп, қазақ ұлыстарын оңтүстік-шығысқа қарай ығыстырып, Түркістанды, Ташкентті басып алды. 15 ғасырдың 70-жылдары ойраттар шабуылдары жиілей түсті. Қазақ ханы Таһир (Тайыр) ойраттардың жолына кедергі жасау мақсатында Жетісуда ірі Жатан бекінісін салдырды. 16 ғасырдың екінші жартысында Ақназар хан тұсында қазақ әскері ойраттарға қарсы тойтарыс беріп, үлкен жеңістерге қол жеткізді. Тәуекел хан билік еткен тұста да қазақ жасақтары жау әскеріне қарсы күйрете соққы берген. Ойраттар Сырдария бойындағы сауда орталықтарын басып алғысы келді. Бұлай жорамалдауға ағылшын көпесі әрі саяхатшысы Дженкинсонның келтірген мәліметтері негіз бола алады. Ол 1557 жылы Орта Азиядан Қытайға өтпекші болғанда, оған қазақтар мен ойраттардың Ташкент қаласы үшін жүргізген соғысы кедергі жасаған. 17 ғасырдың 80-жылдарында Тәуке жоңғарлардың қолында қалған баласын қайтаруды талап етті. Баласымен бірге еріп келген 500-ге жуық жоңғар жауынгерлері Тәуке ханның шешімімен өлтірілгеннен кейін қазақ-жоңғар қатынасы одан әрі шиеленісе түсті. 1708 жылы жоңғарлардың жаңа шабуылы басталды. Бұл шапқыншылық Қазақ хандығының оңтүстік аудандарына айтарлықтай нұқсан келтірді. 1710 – 11 жылдары Жоңғар шапқыншылығы қазақтар мен оларға одақтас қарақалпақтарды Ташкентке қарай ығысуға мәжбүр етті. 1726 жылы Жоңғар шапқыншылығы қазақтар мен оған көршілес жатқан Орта Азия халықтарының шаруаларына ауыр зардаптарын тигізді. 1726 жылыБолат хан үш жүздің хандары (Жолбарыс, Сәмеке, Әбілқайыр), билері мен батырларының, сұлтандарының басын қосып, Ордабасыда өткен жиында Әбілқайыр хан бас қолбасшылыққа тағайындалып, жауға қарсы жаңа стратег. шабуыл ұйымдастыру келісілді (қ. Ордабасы). Әскери күшін біріктірген үш жүз жасақтары 1728 жылдан бастап жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресте түбірлі бетбұрыс жасаған Итішпес көлінің маңындағы ауыр шайқасқа даярлана бастады (қ. Аңырақай шайқасы). Аңырақай шайқасы (1729 ж., кей деректерде 1730 ж.) — біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі. Қазақтардың жеңіліп, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» душар болуының бірнеше себебі бар. Біріншіден, қазақ жүздері ыдырап, Қазақ хандығының басшылығында ауызбірлік қалмады. Екіншіден, жоңғарлар бұл шабуылға өте тыңғылықты әрі мұқият әзірленген еді. Оның үстіне, шабуылдың басталатын уақыты Қазақ ауылдарының бір-бірінен алыс, қыстаудан көктеуге көшіп шығар абыр-сабыр кез болатын. Үшіншіден, 1723 жылы қазақтар қатты жұтқа ұшыраған-ды. Жорыққа мінетін жөні түзу ат жетіспеді. Төртіншіден, аймақта қалыптасқан осындай гео-саяси жағдайды қалмақтар дұрыс әрі мұқият ескере білді. Қытаймен бейбіт келісім жасасты. Таяуда ғана аяқталған орыс-швед соғысынан кейін әлі ес жиып үлгере алмаған Ресейдің күрделі жағдайы да еске алынды. Бесіншіден, шабуылдың күтпеген жерден, түтқиылдан жасалу факторы да қазақтарға қолайсыз әсер етті. Ақыр соңында, алтыншыдан, жоңғарларжақсы қаруланған болатын, әрі соғыс қимылдарын қалай жүргізудің мол тәжірибесіне де қанық еді. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» қазақ қоғамына тигізген зардабы орасан зор болды. Далалықтардың көші-қон бағдарламаларының быт-шыты шықты. Қазақтар шұрайлы мал жайылымдарынан айырылды. Жетісудағы және Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы бір кезде гүлденіп тұратын жасыл жазиралар енді қараусыз қаңырап бос жатты. Көршілес мемлекеттермен сауда-саттық байланысы да уақытша үзіліп қалды.Бірақ ең ауыр азапты қайғы-қасірет туған-туыстар мен жақын жандардың қазасы болды. Шәкәрім Құдайбердіұлының келтірген деректері бойынша, қазақтардың үштен екі бөлігі қырғынға үшыраған. Енді бір бөлігі құлдыққа сатылып кеткен. Халық ашаршылыққа душар болды. Өлмей аман қалу үшін қайыңның сөлін ішкен. «Қайың сауған» деген сөз содан қалған. Тірі қалғандар басқыншыларға шектен тыс ауыр алым-салық төлеп тұрған. Қазақ хандығының халқы елдің әр түрлі алыс аймақтарына, тіпті шекаралас жатқан шет мемлекеттерге де тарап, босып кетті. Қазақтардың батысқа қарай жаппай ағылуы қарақалпақтармен, түрікмендермен, өзбектермен, башқұрттармен және қалмақтармен жерге таласқан дау-дамайларға алып барды. Қазақтардың Орал Қазақтарымен де, Батыс Сібірден орыстармен де өзара қарым-қатынастарын шиеленістіріп жіберді. Міне, мұның бәрі әбден әлсіреп, қожыраған Қазақ хандығын Ресей империясының оңай олжа ретінде отарлап алуымен аяқталды.
47 сұрақ
47 БИЛЕТ🛑 Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы. Орбұлақ шайқасы.
1628 жылы Есім хан қайтыс болғаннан кейін қазақ хандығының тағына Жәңгір хан (1629-1652 жж.) отырды. Ол басы үлкен, кеудесі кең, аласа адам болған екен. Хан ордасын Түркістан қаласында ұстау Жәңгір хан тұсында басталды.
XVII ғасырда болған қазақ-жоңғар соғыстарында Жәңгір хан тамаша əскери қайраткерлігімен және соғыстың көптеген əдіс-айлаларын қолдану арқылы ірі қолбасшы ретінде айқын танылды. Салқам Жəңгірдің қазақ жерін сыртқы жаулардан қорғауда айрықша еңбек сіңіргенін, ел тəуелсіздігін сақтау жəне бекіту жолында ұмытылмас ұлы қызметтер атқарғанын тарих ешқашан жоққа шығара алмайды.
Жəңгір заманындағы тарихта алтын əріппен жазылып қалған ұрыс 1643 жылғы жоңғар-қазақ майданы еді. Кейін «Орбұлақ шайқасы» деген атпен қалған осы соғыста Жəңгір хан бастаған 600 қазақ жауынгері 50 мыңдық дұшпан қолын өз жеріне өткізбей қойды. 600 батыр ыңғайлы жер мен ұрыс әдісін ұтымды пайдаланудың арқасында 10 мың жоңғарды жайратты. Бұл ерлік, біріншіден, қазақ жасағының туған жеріне деген отаншылдық жоғары рухы мен намысы десек, екіншіден, Жəңгір сияқты соғыс өнерін жетік меңгерген қаһарман қолбасшының əскери шеберлігі еді. Осындай қиын сəтте Самарқаннан 20 мың қолды бастап Жалаңтөс баһадүрдің келіп жетуі қазақ сарбаздарының рухын көтеріп жіберді.
Қазақтың ұлы хандарының бірі Жəңгір хан 1652 жылы жоңғарлармен шайқаста қан майданда қаза тауып, Түркістанда жерленген.
Жәңгірдің қазақ хандығы үшін жасаған еңбегі өте зор. Біріншіден, Жәңгір хан бүкіл саналы өмірін ел қорғау ісіне арнады. Екіншіден, мемлекеттің сыртқы саясатын бірнеше бағытта жүргізіп, көршілес мұсылман елдермен жақсы қарым-қатынас орната білді. Үшіншіден, Жәңгір хан қазақ елінің азаттығы жолындағы шайқастардың бірінде нағыз ерлерше қан майданда қаза табады. Ал оның сүйегі қазақ елінің сол кезеңдегі астанасы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесі жанына жерленген. Жәңгірдің екі қызы, үш ұлы болған. Аппақ, Тәуке және Уәлибақы деген үш ұлдың ішінде Тәуке әкесінен соң тақ мұрагері ретінде қазақ ханы болып сайланды.
48 сұрақ
🔴48 билет🔴
Тәуке ханның билікке келуі, оның саясаты. Тәуке ханның «Жеті жарғысы».
Жауабы: Тәуке хан (1680-1715 жж.) билік еткен жылдары қазақ хандығы орталықтандырылған мелмекет болып қала берді. Қазақ хандығында бейбіт өмір орнады, заңдар қатаң сақталды, тайпалар арасындағы алауыздык азайды. Шиеленіскен ірі даулар мен айтыс-тартыстар беделді билердің тікелей араласуымен шешіліп отырды. Барымта-қарымта, жайылымдар мен су көздерін бөлісу жөніндегі алауыздықтар мейлінше азайды. Қазақтың әскери жауынгерлік кабілеті күшейді. Ішкі бірліктің арқасында елдің орасан зор аумағының тұтастығы сақталды.
Қазақтар солтүстігінде орыстардың Тара қаласынан бастап, оңтүстігінде Ташкент қаласына дейінгі, батысында Жайық (Орал) өзенінен бастап, шығысында Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді иеленді. Қазақтардың Еділ (Волга) өзені аймағында көшіп-қонып жүрген кездері де болды.XVII ғасырдың аяқ шенінде қазақтардың әдеттегі құқық нормалары бір жүйеге келтіріліп, толықтырылды. Тәуке ханның жасағы 80 мыңға жуық жауынгерден тұрды.Жыл сайын белгілі бір мерзімде Күлтөбеде үш жүздің басын қосқан жиын өткізіп тұрды.Атақты ханның ордасы орналасқан қала қасиетті Түркістан болды.Қазақтар Сырдария өзенінің өңірінде 32 қалаға иелік етіп, басқарып отырды.Тарихшы ғалымдар Тәуке хан билік құрған уақытты Қазақ хандығының «алтын ғасыры» деп бекер атамаған.Атақты орыс тарихшысы А.И. Левшин осы билеуші туралы былай деп жазады: «Ол тайпаларды өліспей беріспейтін алауыздықтан арылтты, олардың арасындағы бірнеше жылга созылған қанды қырғын сойқанды тоқтатты, ол өзгелердің бәрін де асқан ақыл-парасатымен, қара қылды қақ жарған әділеттілігімен өзіне бағындыра білді».Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар үшін бір жарым ғасырға созылған күресі XVI ғасырдың аяғында Түркістан мен оның қалаларын және Шайбани әулетінің аса ірі жері – Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосумен аяқталды.Тәуке хан қазақ тарихында «Әз Тәуке», «адамзаттың данасы» деген атпен қалды.Ол хандық билігін күшейтуге бағытталған ірі өзгерістер жасады. Тәуке өзінің саясатын феодал билер мен шонжарларға, батырларға сүйеніп жүргізді. «Xалық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақты орган ретінде қалыптастырып, олардың рөлін арттырды. Тәуке хан билік құрған кезде тұжырымдалған заңдар «Жеті жарғы» деген атпен мәлім, мұның өзі сөзбе-сөз алғанда «жеті ереже» деген сөз. «Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмыстық істер, азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған.
Тәуке хан билік құрған кезде тұжырымдалған заңдар «Жеті жарғы» деген атпен мәлім, мұның өзі сөзбе–сөз алғанда «жеті ереже» деген сөз. Мазмұны жағынан «Жеті жарғы» үш бөлімнен тұрады: біріншіден, қазақтың ежелгі әдет –ғұрып заңдарын қамтыған «Қасым ханның қасқа жолына» негізделген, екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде «Есім ханның ескі жолына» негізделсе, үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне , саясатына сай енгізілген жаңалықтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет