Қазақ хандығының қайта өрлеуі. Хақназар ханның билігі.
Қасым хан қайтыс болған соң,Қазақ хандығында болған саяси дағдарыс ұзақ жылға созылды.Ішкі талас-тартыстар мен сыртқы феодалдық соғыстардың ауыртпалығы Қазақ хандығын біршама әлсіретті.Осындай саяси жағынан ыдырай бастаған Қазақ хандығын біріктіріп,аймақтық жағынан ұлғайтуға ,мемлекеттің халықаралық жағдайын нығайтуға Қасым ханның баласы Хақназар хан зор үлес қосты.Хақназар хан хан тағына отырысымен көршілес мемлекеттермен қарым-қатынасты күшейтіп,өз хандығының саяси белсенділігін арттыруға көп күш жұмсады. Қазақ Хандығын Хақназар хан 1538—1580 жылдары биледі. Хақназар хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын жалпы 42 жыл биледі.
Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар орын алды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады.Осылайша, Хақназар хан 1580 жылға дейін Қазақ хандығының батыс пен солтүстіктегі шекараларын қалпына келтіру жолында Ноғай Ордасымен, Сібір хандығымен тікелей қатынастарға түсіп, Қырым, Мәскеу билеушілерімен байланыстар орнатады. Оның атақ-даңқы бұрынғы Алтын Орда аумағындағы саяси өмірде өте танымал болады.
Хақназар ханның билігі тұсында Қазақ хандығының жүргізген саясатының тағы бір басты бағыты – оңтүстік және оңтүстік-шығыс бағыт болды. Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысы бойындағы жерлер мен қалалар Қазақ хандығы өте маңызды рөл атқарды. Шаруашылық тұрғыдан алғанда көшпелі қазақ ру-тайпаларының қысқы жайылымдары мен қыстаулары Сырдың сол жағалауында болса, Дешті Қыпшақтың солтүстік бөлігінде табиғи жазғы жайылымдар мен жайлаулар орналасты.
Хақназар хан саясат жолында Бұхар ханы IIАбдаллахпен дос болып,өзара көмектесу жөнінде «ант беріскен шарт»жасасқан.Хақназар ханның дипломатиялық шарасы халық құптаған тиімді шарасы болған.Нәтижесінде соғыс қимылдары тоқтап,сауда-саттық қатынасы ұлғаяды.Екі ел арасында шаруашылық байланыс одан әрі өрістей бастайды.
Хақназар хан билігі кезінде Қазақ хандығының көрші Ресей елімен қарым-қатынасы жақсара бастады.1569-1573 жылдары орыс елшісі Семен Мальцев пен Чебуков қазақ хандығына елшілік болып келген.Екі мемлекет елшілер арқылы сауда байланыс қатынастарын орнатады.Себебі Хақназар хан Ресеймен қарым-қатынас жасауда өз әкесі Қасым ханның жолын ұстанған.
Хақназар ханды Ташкент маңының билеушісі Баба сұлтан өлтіреді.
Хақназар хан билік еткен тұс саяси өрлеу кезеңі болып табылады.
44. Хақназар хан қаза болған соң оның орнына Жәдік сұлтанның баласы, Жәнібек ханның немересі Шығай 1580-1582 жылдары хан болды. Ол бұл кезде сексен жаста болғанымен, қазақтардың ішінде беделді хан болды. Оның өміріне қатысты мәліметтер тарихта аз сақталған. Шығай хан қазақ хандығының сыртқы саясатындағы Хақназар хан ұстаған бағытты жалғастырды. Ол Шайбани мұрагерлерінің арасындағы қақтығыстарды қазақ мемлекетін нығайту мақсатында ұтымды пайдаланды.
1582 жылы Бұхара ханы Абдолла, қазақ ханы Шығай және оның баласы Тәуекел сұлтанмен күш біріктіріп, Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығын ұйымдастырды. Баба сұлтан жеңіліп, Дешті-Қыпшақ даласына қашады, өзбек, қазақ әскерлері Баба сұлтанды Сарысуға, Ұлытауға дейін қуады. Шығай хан сол жорықта қайтыс болды. Түркістанға қайтып келе жатқан Баба сұлтанды Тәуекел сұлтан өлтіріп, басын Абдоллаға әкеледі. Қас жауын жойғанға риза болған Абдолла хан Тәуекелге Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын тарту етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |