Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы



бет10/45
Дата10.04.2023
өлшемі466,2 Kb.
#80920
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
Байланысты:
аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескертк

Қағанаттың күйреуі. Оның қазасынан кейін "сары" түргештер мен "қара" түргештер арасында өкімет билігін алу үшін күрес басталды. 746 жылы Жетісуға Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келіп қоныстанады. Арабтармен, сондай-ақ өзара қырқыстардан әлсіреген түргештер қарлұқтарға белсенді қарсылық көрсете алмайды. Мұны Қытай империясы пайдаланды. Оның Шығыс Түркістандағы уәлилері 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алады. Шаштың иесі дарға асылады. Оның баласы арабтардан көмек сұрап келеді. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы маңында арабтар мен қытай әскері арасында шайқас болады. Шайқас бес күнге созылады. Шешуші сәтте қытайлардың ту сыртындағы қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Қытайлар толық жеңіледі. Тан әскері Жетісуды, Шығыс Түркістанды тастап кейін шегініп кетеді. Арабтар Шашқа қарай кетеді. Бірақ ішкі қырқыс Түргеш мемлекетін әбден тұралатып тастады. 756 жылы түрік тілді қарлұқ тайпаларының әрекетінен түргеш мемлекеті құлады.
19. Қарлұқ тайпаларының қоныстану аумағы және тайпалық құрамы. 
Қарлұқ қағанаты (756-940 жж. немесе 8-10 ғғ. аралығы)– Жетісу жеріндегі ежелгі мемлекет. VIII ғасырдың ортасында қарлұқтар елеулі әскери-саяси күшке айналды да, Шығыс Түрік қағандығын талқандауда (745) маңызды рөл атқарып, тоғыз оғыздармен бірге Орхон тағына Тон-ябғу қағанды отырғызды. 736 жылы қарлұқтар бұрынғыдан да күшейді. Өздерінің бұрынғы одақтасы ұйғырлармен бәсекелесіп, «он тайпа қағанының (он-оқ елі) байырғы жерінде», Жетісуға қоныс аударды. Суяб пен Талас қалалары қарлұқтарқолбасшыларының тұрақты мекеніне айналды. Қарлұқақсүйектері Жетісуда 766 – 940 жылдары билік құрды.8 ғасырда Жетісу жерінде үстемдік жүргізгентүркештер де, одан кейін билік еткен қарлұқтар да елдің этникалық құрамына елеулі өзгеріс енгізбеді. Жылнамашылар мен саяхатшылар VIII-IX ғасырдаЖетісу жерін чумук, ұлығ-ақ, жабшид, түркеш-қалаш, түргеш, азғыр, қашу, барсхан, т.б. тайпалармекендегенін жазады. Алтай мен Жетісудың саясижәне әскери өмірінде қарлұқтармен қатар қаңлытайпасы да елеулі орын алды. Олар, негізінен, Алтайда(Ертіс алабын), содансоң ЫстықкөлШу жағалауларын, Талас өңірінжайлады. Ыстықкөл алабында, сондай-ақ, шігілдердіңде иеліктері болды. 10 – 11 ғасырда Іленің орта ағысында яғмалар тұрды. Тараз қаласысыныңіргесінде Яғма қыстағы болған. Қарлұқ қаласыныңқұрамындағы негізгі тайпалар – көшпелі түріктер мал өсіруді кәсіп еткен. Қарлұқтар мекендеген атыраптыңөзге халықтар тұрған жерлерге қарағанда бақшалы, мәдениетті қалалары, елді мекендері болған. Талас алқабында VIII-IX ғасыр АтлахХамукетШельджиСусКульТакабетсияқты қалалары болған. Жергілікті отырықшыхалықтың басым көпшілігі түсті және асыл металдар(алтын, күміс, мыс) өндірумен шұғылданды. Ілеаңғарында Кунгут, Талһир (Талғар) қалалары болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет