Байланысты: аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескертк
9.Тасмола мәдениеті:қорғандар мен материалдық мәдениеттің ерекшеліктері Тасмола мәдениеті - Орталық және Солтүстік Қазақстан өлкелерінде ерте темір дәуірінде өркендеген. 1930 ж. белгілі болғанымен, негізгі зерттеу жұмыстары Орт. Қазақстанда 1946 жылдан кейін басталды
Төрт негізгі кезеңнен тұратын зерттеулердің алғашқы сатысы 1946 – 59 жылдарды қамтиды. Осы кезде Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының ұйымдастырушысы әрі жетек. Ә.Марғұлан мен оның шәкірті М.Қадырбаев Қарағанды облысының Ұлытау, Шет, Ақтоғай өлкелеріндегі Тоғызбайкөл, Қарабие, Қарасай, Қанаттас, Толағай, Елшібек, Киіксу сияқты зираттарға қазба жұмыстарын жүргізіп, ескерткіштердің жалпы сипаты, жерлеу ғұрпының ерекшеліктері мен заттық мәдениетке байланысты нақты деректердің алғашқы тобын жинады. Осы өңірлерде басқа жерде кездеспейтін “мұртты обалар” сияқты айрықша ескерткіш түрлері бар екенін байқаған ғалымдар Сарыарқада бұған дейін беймәлім жаңа мәдениет белгілері табылуы мүмкін екенін пайымдады. 1994 ж. М.Хабдулина Солт. Қазақстандағы, яғни Көкшетау қыраты, Есіл өз. бойындағы обаларды зерттеу нәтижелерін қорытындылап, ұлыбай-тасмола мәдениетін ашты және де оның үлкен Тасмола мәдениетінің солт. өлкелеріндегі жалғасы екенін атап көрсетті. Сарыарқа археол. экспед. далалық зерттеулері барысында Қарқаралы өңірінен ерте темір дәуірінің Едірей, Керегетас, Сарыбұйрат, Қызылсүйір сияқты жалпы саны 20-дан астам қоныстың, сондай-ақ Есіл археол. экспед.тарапынан Сілеті өз. маңындағы Тасқора-1, -2 қоныстары ашылды. Қазіргі сипаттамалар бойынша Тасмола мәдениетінің негізгі ескерткіштері түріне обалар, “мұртты обалар”, қоныстар, кен орындары, петроглифтер жатады. Жалпы саны 180-ге жуық жерлеу ескерткіштерінің деректері бойынша қалыптасқан ішкі кезеңдемесі бойынша Тасмола мәдениеті бірін-бірі алмастыратын үш хронол. сатылардан тұрады: 1 саты (б.з.б. 7 – 6 ғ.), 2 саты (б.з.б. 5 – 4 ғ.) және ерекше топтың жәдігерлерін біріктіретін 3 саты (б.з.б. 3 – 1 ғ.). Алдыңғы екі сатының мәдени ерекшеліктері бір-біріне өте жақын болғандықтан, бұларды бір тасмола кезеңіне біріктіреді. Соңғы сатының, яғни қорғантас кезеңінің ескерткіштері мәдениеттің аяқталар уақытымен сәйкес келетіндіктен, мұнда сақ дәуірімен қатар, ғұн-сармат дәуіріне тән біршама жаңа элементтер байқалады. Аз зерттелген бұл кезеңге байланысты 30-ға жуық оба ескерткіштері ғана зерттелген. Ерте кезеңнің қорымдары көлемі жағынан неғұрлым шағын, көбіне 2 – 5 обаны біріктіреді, 10 – 20-дан астам нысандардан тұратын ірілері сирек кездеседі. Тас, топырақтан үйілген пішіні дөңгелек обалардың диам. 5 – 10, 15 м, биікт. 0,3 – 1, 1,5 м болатын шағын және орташа түрлері кеңірек танымал. Диам. 30 – 40 м-ден жоғары, биікт. 3 – 5 м-ден үлкен обалары аз зерттелген, іс жүзінде мұндай ірі нысандардан тек Нұркен-2 қорымынан ғана деректер бар. Қорғантас кезеңінің тастан үйілген обалары көлемі жағынан әлдеқайда шағын, қоршаусыз, орсыз келеді. Мүрделер шұңқыр қабірлер мен тас жәшіктерде басымен солт.-шығысқа қаратыла жерленеді. Ғұн дәуіріне өте-мөте тән белгілерге қабірдің бас жағындағы арнаулы орынға мал бастары мен аяқ сүйектерінің көптеп салынуы жатады. Тасмола кезеңінің ғұрыптық ескерткіштеріне жататын “мұртты обалар” жүздеп саналады. Ғылыми пайымдаулар бойынша күншығысқа тартылған ұзын тас тізбектері бар мұндай күрделі құрылыстар қайтыс болған беделді адамдардың рухымен қоштасу, еске алу салтанаты кезінде жасалатын болған (қ. Мұртты обалар). Орталық Қазақстанда ашылған ерте темір дәуірі қоныстары ағынды су көздерінен жырақта, жазық дала деңгейінен биікте, тау беткейлерінің күнгей, яғни шығыс, оңт.-шығыс жақтарында орналасатыны байқалды. Бұл қоныс тұрғындарының Орталық Қазақстанда ұдайы соғатын батыс желдерінен және қар қабаттарынан сақтануға мәжбүр болғандығын аңғартады. Заттық деректердің негізгі тобын құрайтын қыш ыдыс көбіне тікбүйірлі көзелер түрінде, сондай-ақ бүйірі дөңгеленген көзелер, аяқтар, сирек кездесетін шүмекті, тіктұтқалы, табанды ыдыстардың бөлшектері де бар. Ыдыстар ерекшелігінің бірі “маржандармен” шұңқыршалармен ғана шектелген өрнектерінің жұтаңдығында. Бұл қыш ыдыстар мерзімдік ерекшеліктеріне қарай генетик. жағынан Орталық Қазақстанда қола және ерте темір дәуірлерінің арасын алып жатқан доңғал кезеңінің ыдыстарына біршама жақындайды. Тас құралдардың арасында көптеп кездескен кетпендер мен дәнүккіштер тұрғындардың мал ш-мен қатар қосалқы сала ретінде егіншілікпен шұғылданғанын байқатады. Бір есептен, бұл егіншіліктің кейінгі қазақ тұрмысында қолданылған астық қыстау маңында өсірілетін формасы болса керек. Тасмола мәдениеті ескерткіштерінің өте аз зерттелген соңғы екі түрін ежелгі кен алған орындар мен петроглифтер құрайды. Мыс., алтын, т.б. металдар өндірілген кен орындарының бірқатары Солт. Балқаш өңірінде (Тесіктас, Саяқ, Сорқұдық, т.б.), Нұра өзенінің жоғарғы алабында (Алтынсу, Бесшоқы), т.б. аумақтарда белгілі. Солт. Балқаш өңірінде, Абыралы-Дегелең таулары маңында, Нұраның жоғ. бойында, Баянауыл тауларында және бірқатар орындарда ашылған петроглифтер қашау әдісімен орындалған аң, адам пішіндерін, аңшылық көріністерін, садақшылар қақтығысын және жайылып жүрген тағы аңдар мен үй жануарлары үйірлерін, түйе жегілген арбаларды, түйе керуенін бейнелейді. Обалардан алынған заттық деректерге сипаттама беруші мәліметтер танымал үш бөлікті құрайды: а) қару-жарақтар; ә) ат әбзелдері; б) ғұрыптық заттар, әшекейлер, тұрмыстық бұйымдар. Тасмола қоғамында қола құю ісінің үздік шеберлері болды. Материалдық мәдениеттің жетекші категорияларының бәрі дерлік қоладан жасалған. Сонымен қатар темір бұйымдар (пышақтар, сулықтар, тоғалар) 1-сатының (б.з.б. 7 – 6 ғ-лар) өзінде-ақ пайда болған. Ерте кезеңнің екі қанатты ұңғылы және біршама ұзындау үш қанатты шыбықты жебе ұштықтары генетик. тұрғыдан алғанда беғазы-дәндібай мәдениетінің жебелерінен бастау алады. Осы кезге сабы қырлы, басы саңырауқұлақ іспетті қанжарлар, құрама жауынгер белдіктері тән. Ат әбзелдеріне ауыздықтар, үш саңылаулы қола немесе сүйек сулықтар жатады. Ғұрыптық заттардан артқы беті ілмекті дөңгелек қола айналар, шағын, кейде 4 – 6 аяқты тас құрбандық ыдыстары ұшырасады. Қолөнеріне алтыннан жасалған жолбарыстың пішіндері, таутекенің қола мүсіндері, қабан мен бұлан бедерленген қола айналар, шиыршықталған қабан тәрізді мүйіз қапсырмалар жатады. “Хайуанаттық нақышта” дайындалған көп тұлғалы композициялардың бірі, мүйіз қапсырмадағы көрініс – алыстағы Туваның “алдыбел” ескерткіштеріне ұқсас. Табылған зергерлік бұйымдар сіркелеу, бедерлеу әдістерімен көркемделген.
10 сұрақ