Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы



бет6/45
Дата10.04.2023
өлшемі466,2 Kb.
#80920
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескертк

Археологиялық ескерткіштері: Үйсінескерткіштері қорымдар, обалар түрінде өте көптепкездеседі. Мысалы: Қапшағай- 3, Өтеген-3, Қызылеспе, Қызыл ауыз, Қызыл қайнар, Қарлақ, АлтынЕмел, Қаратума, Алтын Емел, Талғар, Шолақжиде, Үңгіркөр, Қалқаман, Үңгір қара, Арал төбе, Ақтасобалары мен Луговое ауылының маңынан табылғанқоныстар мен 2300 м. биіктіктегі тау шатқалынантабылған атақты “ Қарғалы диадемасы” мысал болаалады. 
15. Қаңлылардың шығу тегі және этностық тарихы. 
Қаңлылар б.д.д. 3-2 ғасырда үйсіндермен бір кезеңде сақтарды тарих сахнасынан ығыстырып, Қазақстанның оңтүстігінде үлкен тайпалық бірлестікқұрды. Қаңлылардың ұлы билеушісіне бес иелікбағынышты болған. Территориясы: Қаратаужотасынан Сырдарияның орта ағысына дейінгі жерді мекендеді. Қытай деректерінде халқының саны 600 мың немесе 120 мың үй делінген. Астанасы: Битяньқаласы. 
Б.з.б. ІІ ғасырдың екінші жартысындақаңлылардың солтүстік жерлері ғұндарға, оңтүстігі – юечжилерге тәуелді болғаны туралы мәліметтеркездеседі. Б.з.б. 101 ж. Қаңлылар Қытай әскерлерініңбасқыншылық шабуылына қарсы ферғаналықтардыжақтады. Б.з.б 85 ж. Шығыс Түркістан жерлеріниемденбекші болған қытайлықтарға қарсы көтеріліскешыққан Қашғар билеушісіне әскер жібереді. Мұндағықаңлы саясатының жалпы бағыты Ферғана арқылыШығыс Түркістанға өтетін сауда жолына ықпалынсақтап қалу еді.
Б.з.б 47-46 жж. каңлылардың билеушісіүйсіндерге қарсы күресте солтүстік ғұн шаньюі ЧжиЧжимен одақтасқан. Оған өз қызын ұзатып, өзиеліктерінің шығыс шептерінен жер бөледі, өзәскерінің бір бөлігін оған басқаруға берген. Бірақ ЧжиЧжи үйсін жерлеріне бірнеше рет шабқыншылықжасағанымен, оларды жеңіліске ұшырата алмайды. Соның нәтижесінде қаңлылар мен ғұндар арасындаөзара келіспеушілік пайда болады.
Ү ғ. ортасында қаңлылардың күш-қуаты әлсіреп, Эфталит мемлекетінің құрамына енеді. 
Шаруашылығы. Қаңлылар мал шаруашылығымен( жылқы, қой, сиыр, түйе және ешкі өсірді) жәнесуғармалы егіншілікпен айналысты. Сонымен қатарқосалқы шаруашылық ретінде аң аулап, балық ұстады. Қаңлылар Ұлы Жібек жолын өз бақылауында ұстап, Қытай, Парфия, Рим, Кавказ елдерімен тығыз сауда- саттық жасап тұрған.
Қоғамдық құрылысы. Қаңлылардың қоғамдыққұрлысында мүлік теңсіздігінің шығуына байланыстыРу басшылары, ақсақалдар мен әскери көсемдербайып, үстем тапқа айнала бастады. Сонымен қатареңбекші бұқара дәулеттілерге тәуелділікке түсіп, алсоғыста қолға түскен тұтқындар құлға айналабастады. Қаңлы тайпаларында билік мұрагерлікпенберілді. 
Мәдениеті. Қаңлыларда қабырғалы бекіністермен лайдан салған үйлері бар қала мәдениеті дамыды. Мысалы: Ақтөбе, Көкмардан т.б. көркемдік талғамменметалл, керамикалық ыдыстар жасаған. Ыдыстарайналып тұратын тұғырда таспалау әдісіменжапсырып жасалған. Безендіру және сапасынжақсарту үшін ангобтық қаптама, жылтырату, ойыпөрнектеу қолданылған. Темір ұсталығы, қола құю, зергерлік іс дамыған. Сүйектен ою оятын қолөнер де дамыған. Қауыншы және отырар-қаратаумәдениеттері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет