Қазақстан азаматтары арасында оқу жұмысын тастап, шет елге жұмысқа аттанушылар саны артуда
Оңтүстік Кореяға кеткен қазақстандықтар саны артып барады. Олардың ортақ мақсаты табыс табу. Айтуларынша ол жақтағы жалақы біздің елмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары көрінеді.
Қазақ ұлттық университетінің 1 курс студенті Бекзат Сұлтанмұрат оқуын аяқтамастан шет елге жұмысқа аттанған. Оның негізгі себебі жоғары жалақы екен. Бекзаттың күндік табысы 170 000 вон яғни 60 000 теңгені құрайды.
Қазақстан Республикасы бойынша атаулы жалақының орташа мәні 340 600 теңгені құрайды. Салыстырмалы түрде шетел жалақысы 5 есеге жоғары. Осы көрсеткіште жастардың шетелге кетуінің негізгі себебі анық көрсетілген "Қазақстанда жарты жылда жиып-теріп алатын жалақыны Кореяда 1-ақ айда аламын, оның үстіне жағдайды жасап алғаннан соң дипломды алуға болады"- дейді Бекзат Бекзаттың айтуынша ол шетелге келген жалғыз қазақ емес, көптеген қыз жігіттер ай сайын қатарды толықтыруда, тіпті өзінің екі ауылдасы да сол елде жұмыс жасап жүр
2014 жылы Қазақстан азаматтарына Оңтүстік Кореяда 30 күнге дейін визасыз жүруге рұқсат берілген. Осыдан кейін жұмыс іздеген қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға кете бастаған Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, бүгінде 2023 жылы Оңтүстік Корея мемлекетінде 35 мыңға жуық отандасымыз жүр. Оның 9 мыңы заңсыз. Бірі турист, екіншісі емделу үшін және кейінгісі жұмыс істеу үшін барады. Солардың арасында жұмыс істеуге баратындардың саны басым. Дегенмен барлығы бірдей заңды тұрғыда жүрген жоқ. 31 мамырда екі елдің сыртқы істер министрлігі өткізген екіжақты келіссөз нәтижесінде қазақстандықтардың жұмыс визасын көбейту жайлы шешімге келді. Ендігі кореяға жұмыс жасау үшін бару жеңілдетіледі
Қазіргі сәтте көптеген азаматтар Кореяда заңсыз жүруіне байланысты ресми жұмыспен қамтамасыз ететін агенттіктер қазірге жоқ Дегенмен жол сілтеуші адамдар табылады
Орта мектепті аяқтай салысымен арал асып кеткен
".
Достарыңызбен бөлісу: |