№9 дәріс
Тақырып: Тілдің орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық нормалары
«Сауат ашудың негізгі міндетінің бірі – оқу, жазу дағдысының негізін қалау, балаларды тыңдауға, оқуға, жазуға, айтуға үйрету; балаларда сөздің дыбыстық құрылысы туралы түсінік қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, сонан соң тұтас сөзді, сөйлемді, мәтінді оқуға үйрету, сауатты жазу негізін қалыптастыру, өз бетінше оқуға, кітапқа қызығушылығын ояту, ауызша диалогтық және монологтық сөйлеуін дамыту».
Қандай пән болмасын оны оқытудың ойдағыдай іске асуы сауат ашу жұмысының нәтижесіне байланысты. Сондықтан бір жылда ма, екі айда ма, үш айда ма әйтеуір оқушы толық сауаттанып шыққанда ғана сауат ашу әдістемесінің мақсатына жеткені деп есептеуге болады.
Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негізі мен олардың жасалуы тіл білімінің басты бір саласы – фонетика болып табылады.
Адам баласының тілі – дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары – әрбір тілдің өмір сүруінің тәсілі. Егер сөздер – дыбыстардың тіркесі ретінде айтылмаса, онда тілдің өзі: 1) қатынас құралы; 2) пікір алысу құралы; 3) танымдық құрал; 4) ойлау құралы болмас еді.
Тілдің дыбыстық жағы оның замандар бойы өмір сүруіне, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыруына мүмкіндік жасады.
Тілдің дыбысталу жағы – сөздер мен грамматикалық тәсілдердің өмір сүруінің формасы болып табылады. «Сөздік пен грамматикалық құрылыс тілдің мазмұнын құрайды да, дыбыстық жағы оның материалдық құрылыс тілдің мазмұнын құрайды да, дыбыстық жағы оның материалдық жамылғышын», оның физикалық формасын құрайды деуге болады.
Тіл дыбыстары сөз ішінде айтылады. Бірақ белгілі дыбыс арнаулы бір сөздің құрамында қолданылуымен шектеліп қалмай, одан белгілі дәрежеде оңашаланып, абстакцияланады. Бұған дәлел – дыбыстардың барлық сөздерде кездесетіндігі.
Тілдегі лексикалық, грамматикалық құбылыстар тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық құбылыстармен әрдайым байланыста, қарым-қатынаста, яғни бір дыбыс тіркесімен айтылады.
Сонымен тілдің барлық жағдайларында және қызметінде көрінетін дыбыстық құрамдары мен тәсілдерін және тілдің дыбысталу түрі мен жазба түрінің арасындағы байланыстарды фонетика зерттейді. Фонетика лексикамен, грамматикамен, морфологиямен, синткасиспен байланыста болады.
Мектепте дұрыс оқыту, дұрыс жаздыру әдістемесінің көптеген мәселелер фонетикаға негізделеді.
Сауаттылыққа үйрету тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің арасындағы айырмашылықтар мен күрделі байланысты бірдей ескерген жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру – ең алдымен, тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғаты мен фонетика заңдарын жете білуді қажет етеді.
Бұрын жазу болмаған халықтардың алфавиті мен графикасын жасау, сондай-ақ бұрыннан жазуы бар халықтардың орфографиясын өңдеп жетілдіру мәселелері фонетикаға негізделе отырып шешіледі. Тілдің орфографиялық нормасы да фонетиканың басты мәселелерінің бірі болып саналады.
Шет тілді оқып үйрену де, ең алдымен, сол тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғатын танып білуден басталады. Шет тілді оқыту ондағы дыбыстардағы ерекшеліктер ана тіліндегі дыбыстармен салыстырыла үйретіледі. Шет тілді оқытуда да фонетика әдістерін қолданады. Бұл әдіс шет тілдегі дыбыстар мен сөздердің, сөз тіркестерінің айтылуын үйретіп, саналы түрде меңгерту үшін, шет тілі мен ана тілінің артикуляциясын бір-бірімен салыстырып отыруды басшылыққа алады.
Фонетика ғылым ретінде жалпы және жеке фонетика болып бөлінеді. Жалпы фонетика жалпы тіл білімнің бір саласы ретінде адамдардың сөйлеу аппаратының дыбыстық мүмкіндігін айқындайды, тіл дыбыстарының классификациясын, принциптерін белгілейді.
Жеке фонетика бір тілдің дыбыстық құрамын, ондағы дыбыс заңдарын зерттейді. Сөйтіп, сауат ашу әдістемесінің іске асуы тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің арасындағы айырмашылықтар мен күрделі байланыстарды бірдей ескерген жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру – ең алдымен тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғаты мен фонетикалық заңдарын жете білуді қажет етеді.
Табиғи жағынан дыбыс қандай да болмасын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп, қозғалуының нәтижесінд пайда болады да, құлаққа естіледі.дыбыс өтетін орта – ауа кеңістігі. Ауа кеңістігінсіз ешбір дыбыстар жасалып, пайда болуы мүмкін емес.
Дыбыстың жасалуында: оның ырғағы, күші, созылыңқылығы, әуені ажыратылады.
Дыбыстың ырғағы – белгілі бір уақыт мөлшері (әдетте 1 сек.) ішіндегі дірілдің саны; ол неғұрлым көп, жиі болса, ырғақ соғұрым күшті болады. Ал, керісінше, дірілдің саны аз болса, ырғақ та солғылдап, әлсірей береді. Адамның құлағы 1 сек ішінде 16-дан 20000-ға дейінгі дірілдің нәтижесіде пайда болған дыбыстық қабылдап, ести алады. Дауыс құрылысы осы ырғаққа, яғни сөйлеу барысында ырғақтың өзгеруіне байланысты болады.
Дыбыс кұші дірілдің қарқынынан шығады. Егер дірілдің кеңдік (амплитуда-лат. аmplitudо). қарқыны көбейе түссе, дыбыс күші де ұлғайып, күшейе береді. Сөйлеуде дыбыс күші екпінмен қарым-қатынасқа түседі.
Дыбыс әуені дыбыс дірілінің түрлерімен ұштасады. Дірілдің ритмикалы және ритмикалы емес деп аталатын түрлері болады.
Тіліміздегі дыбыстар өкпедегі ауаның сөйлеу аппараты (өкпе, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз, мұрын қуысы, тіл, таңдай, тіс, ерін, т.б.) арқылы шығуынан жасалады.
Дыбыстарды айтуда әсіресе дауыс шымылдығы мен тіл айрықша қызмет атқарады: дауыс шымылдығының керіліп тұруынан діріл пайда болады да, үн шығды; ал тілдің бірде көтеріліп, бірде төмен түсуінен, сондай-ақ оның артқы шені мен орта шенінің немесе ұшының қимылынан әр түрлі дыбыстар жасалады.
Тіл дыбыстарының артикуляциясына айрықша қатысы бар дыбыстау мүшелерінің бірі – ерін.
Балаларға сөздерді, біріншіден, мағынасы жағынан, екіншіден, қолданылу аясы мен шеңбері жағынан үйретудің олардың ойы мен тілін дамыт үшін маңызы зор.
Сөздің ауыспалы, келтіріңкі мағынада қолданылуы бірде метафора арқылы, бірде метонимия арқылы, кейде синекдоха тәсілдері арқылы беріліп отырады. Метафора (гр. – metjopora ауысу) – белгілерінің ұқсастығына қарай, сөз мағынасының ауысуы. Мысалы, «Орыстың ғылымы, өнері – дүниенің кілті» (Абай). Метонимия (гр. – metonymia атын ауыстыру) – заттың не құбылыстың атауы, екінші затқа не құбылысқа белгіленетіні (өзара іргелес, шектес болуына қарай ауысуы). Мысалы, «Жүрегім менің қырық жамау» (Абай). Синекдоха (гр. – synekdocha) – бірге жобалап түсіну. Мысалы, басың нешеу?
Сөзді үйрену барысында балалар мынадай амалдарға дағдыланулары тиіс:
1) сөздің мағынасын айту;
2) сөзді тағы қандай сөздермен білдіруге болатынын айту;
3) осы мағынаны тағы қандай сөздермен білдіруге болатынын айту;
4) сөйлеуде лексикалық құралдары дұрыс пайдалану;
5) мағына жағынан ұқсас немесе қарама-қарсы сөздердің қолданылуын аңғарту.
Достарыңызбен бөлісу: |