Қазақстан Білім және Ғылым министрлігі



Дата15.11.2022
өлшемі5,22 Mb.
#50328

Қазақстан Білім және Ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Жаратылыстану факультеті
Биология кафедрасы
Мамандығы:6B05101
курс:2
Практикадан өту орны:Ақтөбе орман шаруашылығы КММ
Практикадан өту мерзімі:23.05.2022-10.06.2022
Топ: 05 Биология 201
Практикант: Байбараков Байрамбек Сабитулы
Практика жетекшісі: Абдукаримов Абдумурат Махатович
Өндірістік практика жетекшісі: Бохонов Шаки Тыныштыкович
Ақтөбе 2022
Ақтөбе облысының аумағы табиғи-климаттық топтасуы бойынша келесі аймақшаларға бөлінеді:
- құрғақшылық далалық (3%);
- орташа құрғақ далалық (11%);
- құрғақ далалық (15%);
- шөлейт далалық (22%);
- далалық шөл (38%);
- орташа шөл (11%).
Облыстың мемлекеттік орман қорының жерлері 196,4 мың гектарды құрайды , бұл оның жалпы аумағының 0,7 % құрайды.
Облыстың орман шаруашылығы облыс әкімдігінің бағынысындағы жұмысшыларының штат саны 282 адамнан тұратын орман шаруашылығының 7 мемлекеттік мекемесінен тұрады. [1-3]
Ақтөбе облысы «Ақтөбе орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік орман қоры жерлерінде жалпы ауданы 115 га орман екпелерін ықтырма әдісімен өсіру» жобасының жасалуы мемлекеттік орман қорының ормансыз аумақтарында жасанды ағаш егістерін жасау және облыстың, тұтас республиканың орман алқаптарын көбейту болып табылады.
«Елдімекендерді абаттандыру үшін ағаш, талдардың қаншалықты қажет екендігін жақсы түсінесіздер. Оны қорғау үлкен жауапкершілік. Облыстағы орман шаруашылығын дамыту мақсатында жергілкті бюджеттен биыл 212 млн. теңге бөлініп, тарту күші 4 тонналық 6 трактор, 14 жер өңдеу соқалары сатып алынды.
Кейбір елдімекендерді құм басу қауіпі бар. Сондықтан да, техникалармен толықтыру жұмыстарын биылдың өзінен бастап кеттік.Техникалық базаны күшейту, ағаштарды отырғызу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады»,-деді Оңдасын Оразалин.
Материалдық базаны нығайту үшін 2021 жылға 1,4 тонналық 21 трактор, 4 сорғы станциясы, 9 орман отырғызу машинасын сатып алуға 222,5 млн. теңге қаралған.
Айтып өтейік, облыста мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы ауданы 215814 га, оның ішінде орманмен көмкерілгені 50362 га. 2021-2025 жылдары 30,7 мың га алқапқа 60,1 млн.түп екпелер отырғызу қажет. 2021ж 1086 га, 2022 ж 7333,1 га, 2023 ж 7142,2 га, 2024 ж 6558,6 га, 2025 ж 8624,3 га.
Сонымен қатар, елді мекендерге 2690 га алқапқа жасыл аймақтар құрылып, елді мекендерге 1 млн. астам түп көшет отырғызу жоспарлануда.
Қазақстанның геоморфологиялық аудандыстыруына сәйкес қарастырылып отырған аумақ теңізден 150-400 м биік абсолютті белгілері бар Орал-Жем немесе Орал асты үстіртіне жатады.
Орал асты үстірті жер бетінің құрылымына тән ерекшелік өзен аңғарлары мен құрғақ арналардың көр таралуы болып табылады.
Бөктерлі-төбелі жазықтық болып келетін Сазды орманшылығының аумағы Сазды өзен аңғарының екі жағына бөлінген.
Жер бедерінің Сазды өзеніне жалпы көлбеулі, толқынды-жазықты сипатты орманшылықтың солтүстік бөлігі жер бедерінің әлсіз ыдыраңқылығына ие. Төбелер мен бөктерлердің баурайлары салыстырмалы биіктігі 3-5 м құлама тік болып келеді.
Орманшылықтың оңтүстік бөлігі Сазды өзенінің аңғарына солтүстікке жалпы көлбеулі бөктерлі-төбелі жазықтық болып келеді.
Қазақстанның табиғи климаттық және ботаникалық географиялық топтастыру ының қазіргі талаптарына сәйкес орман екпелерін отырғызуға жобаланған телім аумағы орташа құрғақ дала аумағында жатыр және өсімдіктік аумаққа жатады және Ақтөбе флористикалық атырапқа (АФА- әрі қарай) қарайды Голарктикалық патшалық Бореалдық патшалық асты Циркумбореалдық облыс далалық. Флористикалық аудандастыруға сәйкес ол Ақтөбе флористикалық ауданға жатады. (Қазақстан флорасы, 1956-1966)
Шөп отында басым дақылдарға жататындар: бетеге (Festuca sulcata) ,тығыз шымды көп жылдық боз түрлері – боз (Stipa lessingiana), қылқанбоз (St. capillata), садақбоз (St. Sareptana) және шөл бидайығы (Agropyron desertorum). Аталған түрлерден далалық аумақта тек боз басым таралған, қалған түрлері далалықта да, шөлде де кездеседі.
Қылқан боз
Бетеге
Шөл бидайығы
Жобаланған аумақ «Ақтөбе орман шаруашылығы» мемлекеттік мекеменің мемлекеттік орман қорының аумағы болып табылады және жалпы ауданы 115,0 гектар болатын екі телімнен тұрады, және де ол Қарғалы (Кирпичный ауылы) орманшылығында орналасқан.
Жасанды орман өсіру жұмыстарын көшет материалдарымен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік мекеменің Ақтөбе қаласының маңында өз тәлімбағы бар.
Жоғарыда көрсетілгендей тәлімбақ толығымен орта есеппен 100-150 га ауданды орман екпелерін өсіру үшін қарағаш көшеттерінің жыл сайынғы қажеттілігін толығымен қамтамасыз ете алады.
Жоғарыда аталғандай жер телімдерінің жалпы ауданы 115,0 га. құрайды. Бұл жер телімі мемлекеттік орман қорына жатады және «Ақтөбе орман шаруашылығы» ММ-нің құрамына енеді.
Жалпы ауданы 115,0 га жер телімі Қарғалы орманшылығында және 2015 жылы ықтырма әдіспен қарағаш орман екпесін өсіруге арналған. (1 және 2 сурет)
Жобаланған аумақ телімдері ол жерлерде орман екпелерін өсіргеннен кейін белгілі ауданы бар орман алабына айналады. Өрт шыққан жағдайда үлкен аудандардың жанып кетпеуі үшін телім периметрімен өртке қарсы ені 6,0 м болатын тілме жасау керек.
1 сурет. Қарағаш орман екпелерін отырғызуға арналған ауданы 57,3 га болатын № 1 жер телімі.
2 сурет. Қарағаш орман екпелерін отырғызуға арналған ауданы 57,7 га болатын № 2 жер телімі.
Басты түр ретінде қарағаш екпелері қолданылады. Ықтырма ені 24,0 м. Ықтырма аралық кеңістік 24,0 м. Енінің шеті 3,0 м. Қатарлар арасындағы қашықтық – 3,0 м, қатардағы қашықтық 1,0 м. Осылай, 1,0 га жерде отырғызу орнының саны қарағаштың 1458 данасы болып табылады.
Шеттерін есепке ала отырып, ықтырма ені 24,0 м құрайды, ықтырма аралық кеңістік те 24,0 м ге тең. (3 сурет
3 сурет. 2015 жылы көктемде отырғызуға арналған «Ақтөбе орман шаруашылығы» ММ- дегі ауданы 115,0 га болатын телімге қарағаш екпесін ықтырма әдісімен орналастыру сызбасы.
«Ақтөбе орман шаруашылығы» ММ-нде қалыпты өңдеудің келесі тәсілдерін қосатын сүдігерлеп жырту жүйесі бойынша ауданның 50% ға дейін айдау арқылы топырақты өңдеудің тілмелік әдісі қолданылады:
- 28-30 см тереңдікке сүдігерлеп аудара жырту (ДТ – 75, ПЛН-5-35);
- ерте көктемде екі ізбен ылғалды жабу үшін тырмалау (МТЗ-82, БЗСС-1,0);
- бір мезгілдік тырмалау арқылы егу алдында қопсыту (МТЗ-82, КРН-4,2).
Топырақ 28-30 см тереңдікте 24,0 м енді тілмелермен аудара жырту жолымен өңделеді, жыртылған тілмелер орман екпесі ауданында бір бірінен 24,0 метрде орналасады.
Тілмелерді жырту желдердің басым бағыттарына қатаң перпендикуляр жүргізіледі.
Отырғызу әдісімен орман екпелерін өсірудің оң нәтижелерін алу үшін төмендгі талаптарды сақтау қажет:
- көшет материалдары стандартты болуы тиіс;
- көшет материалы қазып алу, тасымалдау, көму және отырғызу кезінде құрғап кетуден қорғалуы тиіс;
-көшет материалдарын отырғызу алдында алдын ала өңдеу (сұрыптау, тамырларды кесу, отырғызу алдында топырақ лайына малу) дұрыс жүргізілуі тиіс;
- топырақ мұқият араластырылған;
-тамыр жүйелері сапалы отырғызылған және көмілген;
Екпелерді өсіру кезінде қарағаштың екі жылдық стандартты екпелерін қолданады
Отырғызбас бұрын қазып алынған көшеттерді тексереді, зақым келген және өте ұзын тамырларын кеседі де, екпелердің жерге ұласуын көтеретін және екпенің өсуін жеделдетін өсіру заттарын қосылған арнайы дайындалған ерітіндіге салу керек.
Орман екпелерін өсірудің агротехникасының маңызды мәселесі отырғызудың тиімді мезгілі болып табылады. Қарағашты отырғызуды көктемде және күзде жүргізуге болады. Батыс Қазақстанда күз әдетте құрғақ болады, сондықтан екпелерді отырғызуды қысқы мезгілде топырақта жиналған ылғалды кең көлемде пайдалану үшін көктемгі мезгілде жүзеге асыру керек. Көшеттердің жерге ұласуының жоғарылылығын қамтамасыз ететін отырғызудың ең тиімді мезгілі топырақтың жұмысқа кірісуге мүмкін болатындай кепкен кезде наурыздың соңы- сәуір айының алғашқы онкүндігі. Көктемгі отырғызу жұмыстары қысқа мерзімде - 7-10 күн ішінде аяқталуы керек. Көктем мезгілінде бір онкүндікке кешігу көшеттердің жерге ұласуын 12-20 пайызға төмендетеді.
Отырғызу үшін қарағаштың бір жылдық стандартты көшеттерді қолданылады. Отырғызу кезінде қатардағы көшеттердің дұрыс орналасуына, қатарларды тура сызықтылығына және топыраққа дұрыс көмілуіне ерекше көңіл аударылады. Қарағаш көшеттерін тамыр мойны жер бетінен 3-4 см төмен орналастырып отырғызады. Тамырдың топырақпен тиісті байланысы үшін көшеттерді дұрыс орнату қажет.
Орман екпелерін күтіп баптау - бұл орман өсімдіктерінің жерге ұласу үшін, өсуі мен дамуына қолайлы жағдай жасауға арналған шаралар кешені.
Агротехникалық баптау екпелерді отырғызғаннан кейін жерге ұласып кеткенге және оларды орман өскен ауданға көшіргенге дейін жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет