Тема үй-жайға қойылатын талаптар стандартты: онда шеңбер ішінде 14-18 адам еркін орналаса алуы тиіс. Шеңбер дөңгелек болуы тиіс, үстелдердің бұрыштары, қандай да бір жабдық кедергі жасамауы тиіс. Керемет тегіс шеңбердің қажеті қанша?
ҮЙ-ЖАЙДЫ ДАЙЫНДАУ
Сабыров Әбдіқасым
ТЕМА
Үй-жайға қойылатын талаптар стандартты: онда шеңбер ішінде 14-18 адам еркін орналаса алуы тиіс. Шеңбер дөңгелек болуы тиіс, үстелдердің бұрыштары, қандай да бір жабдық кедергі жасамауы тиіс. Керемет тегіс шеңбердің қажеті қанша?
ТЕМА
ИНФОРМАЦИЯ Бірінші себеп – топтың энергетикасы: шеңберде көп энергия айналып жүреді, бұл тренингтің алғашқы сағаттарынан-ақ сезіледі, ал тегіс шеңберде энергия оңайырақ айналады, бұл топтың жұмысқа қабілеттілігіне де, қатысушылардың көңіл-күйлеріне де әсерін тигізеді. Шеңбер ішінде жұмыс істеген жарты күнде қатысушылардың көңіл-күйлері де, хал-жағдайлары да жақсаратындығы және, егер тренингке ауыра бастаған адам келсе, көбінесе күннің аяғында ол жазылып кететіндігі жиі байқалған. Шеңбер сыртына жиі шығып жүрген қатысушылар бастарының ауыратындықтарына шағым білдірулері мүмкін, өйткені олар қандай да бір уақытқа топтық энергияның ағынынан шығып қалады да, содан соң бірден оған қайтадан түседі, сондықтан жаттықтырушы мұндай қатысушыларға шеңбер ішіне отырып, орындығын бұрылтып әкетпеуді ұсынады. ТЕМА
Екінші себеп – керемет тегіс шеңберде барлығы бірін-бірі көріп отырады, бұл байланысты жақсартады және сондай-ақ топ динамикасына септігін тигізеді. «Еркін отыру» деген нені білдіреді? Тренингтің басында топ жайылып отырулары мүмкін, өйткені олар тығыздалып отыруға әлі дайын емес. Сосын, жұмыс барысында, олар жақынырақ отырады, және бұл барлығына байқалады. Бұл – топ ұйымшылдығының тағы бір көрсеткіші, және бұл жаттықтырушыға үдерісті жақсырақ қадағалауға мүмкіндік береді.
ТЕМА
Егер үй-жай шағын болып, барлығы бір-біріне тым жақын отырса, бұл қосымша ширығуды туғызады, бар болғаны сол ғана, және жаттықтырушының мұнымен де жұмыс істеуіне тура келеді.
Екінші жағынан, тым үлкен үй-жай болғаны да жақсы емес, өйткені топ өзін онда жайлы сезінбейді, бұның да топтың жұмысқа қабілеттілігіне әсерін тигізуі мүмкін. Менің ойымша, топ жұмысы үшін мүмкін болатын ең үлкен үй-жай – бір-біріне тым тақалып тұрмайтын 14-18 орындыққа арналған шеңбер және шеңбердің сыртында бейнеаппаратураны, тақтаны, флипчартты, мүмкін, шай мен кофеге арналған үстелді қоюға болатын тағы да 50 % қосымша жер. Әдетте кофе мен шайды бөлек бөлмеде ішкен жақсы деп айтады, бірақ көбінесе мұндай үй-жай болмайды да, ондай жағдайда бір бөлмеде сыйысуға әбден болады.
ТЕМА
Көлемдерден басқа, бөлмеде бір жарым-екі сағат қарқынды жұмыс жасау үшін жетуі тиіс таза ауаның жеткілікті болуы өте маңызды. Үзілістерде желдетіп отыруға болады және желдетіп отыру қажет те (бұл үшін де мүмкіндіктер болуы тиіс). Егер үй-жайда ауа жетіспесе және қапырық болса, бүкіл тренингтің бүлінуі мүмкін. Жаттықтырушының осыған көңіл бөлуі тиіс.
Температура да өте маңызды. Шеңберде жұмыс істеу жайлы болуы үшін, бөлмеде қалыпты температура болуы тиіс. Егер үй-жайда тым ыстық немесе тым суық болатын болса, тренингтің тиімділігі азаюы мүмкін.
ТЕМА
Үй-жайда жуық арада жөндеу жұмыстары жүргізілген болса, сырдың, пластиктің немесе тағы қандай да бір материалдардың иісі өте күшті болуы мүмкін екендігіне көңіл аудару маңызды. Дәл соны еденнің жабындысына қатысты да айтуға болады. Қазір кілем тәрізді жабындыны жиі қолданады, және егер ол жаңа болса, ол да қатты иіс шығаруы мүмкін, ал ескісі өзіне өткен банкеттердің иістерін сіңіріп алуы мүмкін. Ең құптарлық нұсқа – паркет немесе линолеум. Үй-жайды дұрыс бағалау үшін, оның ішінде 30-40 минут отырып көру қажет. Мысалы, үй-жайға тапсырыс беруге барғаныңызда, барлық келіссөздерді: жұмыс уақытын, шай мен түскі тамаққа үзілістерді, дәретханалардың орналасқан жерлері мен жай-күйлерін және т.б. келісуді дәл сол жерде өткізген дұрыс. Келіссөздер кезінде сіз үй-жайды оңай бағалай аласыз. Тренингке арналған орындықтар тым қатты да емес, тым жұмсақ та емес – ең қарапайым болулары тиіс: қатты орындықтарда күні бойы отыра алмайсың, ал тым жұмсақтары жұмыстан гөрі, демалысқа көбірек тартады. Орындықтардың дөңгелектері болған жаман, - шеңбердің тұрақтылығы жоғалады, бұдан басқа, бұл орындықтар көптеген, мысалы, орын ауыстырулар болатын сергіту жаттығулары сияқты жаттығулар үшін қолайсыз. Отырғыштан аяқтары шығып тұратын орындықтар жаман, сол үшін оларды бір-біріне тақап қоя алмайсың, ал кейбір жаттығуларда бір-біріне жақын отыру қажет болады. Тренинг үшін креслолар мен жартылай креслолар мүлде жарамайды – топ бірден жалқаулана бастайды да, жұмыстың тиімділігі азаяды. Бейнеаппаратураның, тақтаның, қағаздың және басқа да жабдықтың болуы туралы мәселе жұмыс тәртібінде шешіледі: не осының бәрі берілген үй-жайда болады, не оны өзіңмен бірге алып келу қажет. Уақыт өте келе жаттықтырушының өз клиенттеріне ұсына алатын бірнеше тексерілген үй-жайы болады.
Назарларыңызға рахмет!