Қазақстан білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология және көптілді білім беру институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиет кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы:
Көне түркі және орта түркі жазба ескерткіштеріндегі фузиялық өзгерістер (мысалдар кітапшасын ұсыну)
Мамандық: 6В01701 –Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін дайындау
Орындаған: Бекжан Жәйдәр 404-топ
Қабылдаған: ф.ғ.к. аға оқыт. Раева Г.М.
Алматы, 2023
СӨЖ жоспары.
Кіріспе бөлім: Фузия дегеніміз не?
Негізгі бөлім: Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі фузиялық өзгерістер.
Қорытынды бөлім.
Фузия ( лат. Fusio-еріту )-бір-бірінежалғас тұрған морфемалардың формальді түрде кірігуі нәтижесінде пайда болады. Фузиятерминің 1921 жылыЭ.Сепир қосымшалардың жалпы ережелерден өзгеше, морфемаларше қарасында дыбыстардың бірін бірі алмастырып жалғану түрлерінің атауы ретінде ұсынған. Фузияны кумуляциямен бірнеше граммтикалық категориялардың граммемаларының бір ғана жапғау морфема мағсы арқылы (орыс. Т. Столов сөзтулгасындагы ов флексиясың граммеммалары көптік және ілік септік) берілуімен шатастыруға болмайды. Сонымен қатар фузияда кумуляция сияқты жиі қайталанатын құбылыс. Болғандықтан,супплетивизмнен. Супплетивизм қара. Өзгешеленген. Дегенмен кей авторлар фузия, кумуляц және супплетзмдібір-бірімен мәндес құбылыс деп есептеп, жеке қарастырмайды. Тарихи тұрғыдан «Фузия» фонология негізінде (дыбыстардың комбинаторлық өзгерістеріне байланысты) пайда болып, тілдік эволюция барысында морфологиялық өзгерістердің (мысалы: кірігу сияқты) туындауына себеп болады.
Қыпшақ тілінің сөздік құрамына енген кірме сөздер бірсыпыра өзгерістерге ұшырап отырған. Ол өзгерістер сөздердің семантикалық та, фонетикалық та жағын қамтиды. Соның өзінде сөздің фонетикалық өзгерістерге ұшырауы басым. Басқа тілден ауыскан сөздердің фонетикалық ерекшеліктері.
Бөтен тілден енген сөздер әдетте өз тұлғасын екі түрлі жағдайға байланысты өзгертеді: 1) кірме сөздердің морфологиялық тұлғасында қыпшақ тілінде айтылмайтын дыбыстар болса,олар өздері енген тілдің қолтума дыбыстарымен алмасады. Мысалы, араб тіліндегі эмфатикалық дыбыстардың орнына қыпшақ тілінің әдеттегі с, з, т дыбыстары қолданылады. Басқаша айтқанда, белгілі бір дыбыстар (нақтылы бір тілдің негізгі ерекшелігі болып саналатын дыбыстар) бөтен тілге ауысқанда ана тіліндегі өз табиғатына тән қасиетін жойып алады.
2) Жаңа тілдегі кейбір дыбыстардың позициялық қолдану ерекшелігіне қарай кірме сөздердің құрылысына тиісті өзгерістер енеді: жаңадан қолтума дыбыстар қосылады, не түбірдің кейбір дыбыстары қысқарып кетеді. Бұл өзгеріс кейбір дыбыстар құрамының сол өздері енген тілде айтуға ыңғайлы болуы үшін жасалады. Мысалы, араб тіліндегі и дыбысы қыпшақ тілінде ы не і дыбысымен ауысып отырады: мих//мық (мық, шеге), нил//ніл (ніл), фил||піл (піл); у дыбысы жіцішке айтылатын сөздерде ү-мен алмасады: дуниа//дүние (дүние); а//ө: кор - көр (көр,соқыр), а//е: назок -- нәзік (нәзік); х//қ: хам - қам (қам, шикі), хожа -- қожа (қожа), хорма - құрма (құрма). Қірме сөздердің
фонетикалық өзгерістерге ұшырауында қыпшақ тілінің басты бір ерекшелігі - үндестік заңы үлкен роль атқарады. Дыбыс үндестігі ғ мен қ дыбыстарының әуеніне қарай болады да, буын үндестігі дауысты дыбыстардың сипатынан шығады. Қыпшақ тілінің өзіндік дыбыстары ы мен і қатар келген дауыссыз дыбыстар арасына сыналап кіріп, оларды өз ара дәнекерлеп отырады.
Бөгде тілдерге тән кейбір дыбыстар түсіріліп те айтылады.Мысалы, һ: һанус емес анус (тағы, және); ғ: ғайп емес айп (айып), ғамал емес амал (амал); д дыбысы сөз соңында қатаң т дыбысымен алмасады: азад емес азат (азат), дарахт емес дарақ (терек). Әрине, бұл барлық басқа тілден енген сөздер үшін бұл-жымайтын заң емес, бірлі-жарым сөздердің бұл айтылғандарға керісінше қолданылуы да мүмкін, мысалы, ғафта (апта емес).
Кірме сөздер фонетикалық жағынан екі түрлі жағдайда өзгермейді: 1) дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың өз ара тіркесіп келу ерекшелігі екі тілде де бірдей болса, онда сөздің ана тілінде қалыптасқан формасы бұзылмайды: зиан – зиан(зиян).
Достарыңызбен бөлісу: |