«Қазақстан биоресурстары» пәнінен емтихан сұрақтары А


Қазақстан территориясында соңғы 30-40 жылдары жоғалған өсімдіктер



бет20/69
Дата22.05.2022
өлшемі200,65 Kb.
#35318
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   69
Байланысты:
толық емес биоресурс (копия)

Қазақстан территориясында соңғы 30-40 жылдары жоғалған өсімдіктер түрлері.
Қазақстан территориясында соңғы 30-40 жылдары жоғалған өсімдіктер түрлері.
Қазақстанның 1981 жылы баспадан шыққан Қызыл кітабына жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 279 түрі кіргізілген болса, соңғы жылдары баспаға тапсырылған Қызыл кітаптың екінші басылымына өсімдіктердің 400 сирек кездесетін түрі енгізілген.
Қазақстан территориясында соңғы 10 жылдықта бірқатар өсімдіктер түрлері көрінбейді. Ол түрлер жойылып кетті деген болжамдар бар. Ол түрлердің Оңтүстік Қазақстан регионында кездесетіндері: усасыр мыңжылқы, шымыр строгиновая, прангос, Қаратау сасыққурайы, мыңжылқы кемпіршөп,тарақша шолмасақ,Қаратау сұңғыласы, Культисов гүл кекіресі.Орталық Қазақстанда: Қарқаралы бөріқарақаты,кәдімгі қарға көз, жабысқақ қандыағаш,масалы көкекшөп, таспажапырақ күймесгүлі. Шығыс қазақстанда: Потанин құмдақ шөбі, Резниченко рияны.


Қазақстанға жерсіндірілген жануарлар түрлері. Олардың биологиялық ерекшеліктері мен жалпы маңызы.
Жануарлар географиясының кәсіптік маңызы бар әр түрлі жануарларды халық шаруашылығына тиімді пайдалануда, орман, арам шөп зиянкестерін зерттеп, табиғатты қорғауда, бағал жануарларды жерсіндіру, пайдалы жануарлардың санын көбейту үшін маңызы зор, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды, биогеография организмдердің арасындағы жұқпалы аурулармен, оның қоздырғыштарымен күресті жүзеге асыруды, т.б. үйлестіріп отыратын табиғат қорғаудың теориялық негізі болып табылады.
Жанаттар тұқымдасы – Procyonidae Banaparte, 1850. Бұл тұқымдасқа сыртқы түрі мысыққа, түлкіге, жанат тәрізді итке, сусарға және аюға ұқсас 1 кг-нан 160 кг-ға дейін салмағы бар түрлі сүтқоректілер жатады. Жанаттар туысы - Procyon Storr, 1780. Қысқа аяқты жанат тәрізді итке ұқсас жыртқыш Солтүстік және Орталық Америкада таралған. 1935 жылдан 1965 жылға дейін Азербайжан, Белорусь, Қырғыстан, Өзбекстан, Қазақстан, Краснодар, Ставропль және Приморье өлкелерінде жерсіндірілген. Қазақстанда алғашқы рет, 1953 жылы 43 жанат піскем алқабына (Бостандық ауданы ОҚО) жіберілді. Ерекшеліктері мен маңызы: Жанаттар түрлі майда кеміргіштермен қоректенеді, ауыл және орман шаруашылықтарына пайда келтіреді. Жанаттар биологиясын тереңірек зерттеу санын анықтау ғалымдардың алдында түрған міндеттердің бірі.
Құлан – Equus nemionus Pallas, 1775
Республикамызда жойылып кеткен құландарды жерсіндіру 1953 жылы басталды. Сол жылы Арал теңізіндегі Барсакелмес аралына Түрікменстаннан әкеліп, 8 құлан жіберілді. 1982 жылдан бастап құландарды Қапшағай мемлекеттік қорық-аңшылық шаруашылығына жерсіндіру жұмысы қолға алынды. Ал 1986 жылы Бетпақдаланың оңтүстік-шығысында Андысай шағын қорығына жіберілді. Бұл аталған аудандарда құлан жақсы өніп-өсуде. Өткен ғасырда шипалы дәмді еті үшін кәсіптік жолмен ауланатын аңдардың бірі болатын. Оның бауыры көз ауруларын емдеуге, ал майлары қияқ, туберкулез ауруларын емдеуге пайдаланылған. Сол кезде қазақтар қысқа азық ретінде құлан етін көптеп дайындайтын болған. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізіліп, қорғауға алынған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет