«Қазақстан биоресурстары» пәнінен емтихан сұрақтары А


Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген омыртқасыз жануарлар – жәндіктер. Қорғау



бет28/69
Дата22.05.2022
өлшемі200,65 Kb.
#35318
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   69
Байланысты:
толық емес биоресурс (копия)

Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген омыртқасыз жануарлар – жәндіктер. Қорғау шаралары.
Қазақстандағы "Қызыл кітапқа" енген жан-жануарлар мен құстардың жалпы саны ? Және оның ішінде кластар бойынша
Қызыл қасқыр
1-категория. Қазақстан территориясынан жойылып кетуі де ықтимал. Себебі аты аңызға айналған бұл жыртқышты 40 жылдан бері ол мекендеген жерлерден (Тянь-Шань мен Алтай таулары) кездескені жайында анық деректер жоқ. Қызыл қасқырды Қазақстандағы хайуанаттар бағында қолдан өсіруді қолға алып, оны бұрынғы мекендеген жерлерге қайта жіберудің жолдарын қарастыру керек.
Тянь-Шань қоңыр аюы
3-категория. Тянь-Шань тауы мен Жоңғар Алатауында мекендейді. Ол жерлерде тиісінше 200 және 300-дей аю тіршілік етеді. Бұл аңға тиетін негізгі қауіп – адамның тікелей аулауы және таулы аудандарды игеру барысында оны мекендейтін жерлерінен ығыстыру.
Жоңғар Алатауында қорық ұйымдастырып, ал Алматы мен Ақсу-Жабағылы қорықтарында аюды қорғауды күшейту керек.
Орта азия тас сусары
3-категория. Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мен Алтайда тараған. Қасақылық әсерінен саны біртіндеп кемуде. Тас сусарды қорғау үшін көпшілік халық, әсіресе аңшылар, арасында кең көлемде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу керек.
Орман сусары
3-категория. Қазақстанда тек Жайық өзенінің жайылмаларындағы ормандарда мекендейді. Соңғы жылдары Солтүстік Қазақстанның ормандарында бірнеше рет кездескені белгілі. Бұл жерлерге ол Россияның шекаралас аудандарынан өтіп келген. Санын шектеудің негізгі факторлары – қасақылық және азық қорының азаюы. Кирсанов қорықшасында қорғауды күшейтіп, азық қоры аз болған жыддары сусарды қыс айларында үстеме қоректендіруді ұйымдастыру керек.
Европа қара күзені
1-категория. Ертеде Жайық өзенінің алқабы мен Еділдің атырауында мекендеген. Бәсекесі америка су күзенін жерсіндіргеннен кейін қара күзен бұл жерлерде кездеспейтін болды. Қазақстанда оның толық жойылып кетуі де мүмкін. Европа қара күзенін қолда өсірудің шараларын дайындауды қолға алып, оны бұрынғы мекендеген ортасына қайта жіберіп, сол жерлердегі америка су күзенін жоспарлы түрде аулау шараларын қарастырудың мезгілі жеткен сияқты.
Шұбар күзен
3-категория. Қазақстанның шөл және шөлейтті аудандарында кеңтараған, бірақ барлық жерлерде саны өте аз. Кейбір құрғақшылық жылдары саны күрт өзгеріске ұшырап, мүлдем азайып кетеді. Шөлді аймақта Бетпақдала, Балқаш өңірі, Қызылқұм қорықтарын ұйымдастыру, сонымен қатар сирек кездесетін жануарларды қорғау үшін бірнеше зоологиялық қорықшалар құру керек.
Итаю
1-категория. Өте сирек кездесетін аң. Қазақстанда Оңтүстік Үстірттің шағын ғана территориясында таралған. Ол жерде 15-20-дай ғана итаю мекендеуі мүмкін. Бұл жыртқыш кездесетін территорияларды Үстірт қорығына қосып, кен іздеушілер қатарындағы жұмысшылар мен шопандар арасында итаюды қорғау жайында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу керек.
Орта Азия өзен құндызы
1-категория. Адамның тікелей араласуымен саны кеміп, таралу аймағы тарылған. Тек Іле Алатауының шығысындағы кейбір жерлерде, Жоңғар Алатауы мен Іле өзенінің алқабында ғана сақталып қалған түр. Саны үнемі азаюда. Шарын өзенінің төменгі ағысы мен Жоңғар Алатауындағы Өсек өзенінің бассейніндегі су қоймаларында қорықшалар ұйымдастыру қажет-ақ болып отыр.
Қабылан
1-категория. Бұрын Қазақстанда Үстірт пен Қызылқұмда мекендеген, бүгін де бұл жерлерде жойылып кетуі де мүмкін. Өйткені, 70-жылдардың ортасынан бастап республика шеңберінде бұл жыртқыштың кездескені жайында анық деректер жоқ. Негізгі себеп – қабыланды және оның ең басты қорегі қарақұйрықтарды тікелей аулап, сандарын азайту. Қолда өсірілген жыртқыштарды табиғи ортаға қайтадан жіберіп, оның санын қалпына келтіру жұмыстарын бастау керек.
Шағыл мысығы
3-категория. Аздаған мысықтар тек Үстірт пен Қызылқұмда ғана мекендейді. Санының кемуінің негізгі себебі – қалың қарлы қатал қысты жылдары азық қорының азаюы, оған қоса адамның тікелей қызметтері әсер етеді. Қызылқұм қорығын ұйымдастырып, Солтүстік Қызылқұмның біршама бөлігін қорықша етіп жариялау керек.
Сабаншы
3-категория. Каспийден Алтайға дейінгі шөлді аласа тауларда кең тараған, бірақ сирек кездесетін түр. Себептері: қар көп түскен жылдары азық қорының азаюы, қасақылық, қойшылардың иттерінің талап өлтіруі, адамның шаруашылық қызметіне байланысты олардың таралу аймағының тарылуы. Сарыарқа мен Жоңғар Алатауында қорықтар ұйымдастыру керек.
Қарақал
1-категория. Үстіртте тараған, ертеде Қызылқұмда да мекендеген. Санының аздылығы сонша, түр жойылып кету жағдайында. Себептері – басқада мысықтарға әсер ететін факторлар. Үстірт қорығының территориясына қазіргі кезде қарақал кездесетін жерлерді қосып кеңейту керек. Үстірттің басқа жерлерінде де арнайы зоологиялық қорықшалар ашуды қолға алған да жөн.
Түркістан сілеусіні
3-категория. Сілеусіннің сирек кездесетін түршесі. Қазақстанның тек оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы ормандарда мекендейді. Саны онша көп емес. Оның төмендеуінің негізгі себептері – қасақылық және азық қорының аз болуы. Жоңғар Алатауында қорық ұйымдастырып, бар қорықшаларда сілеусінді қорғауды күшейту керек.
Барыс
1-категория. Қазақстандағы ең үлкен жабайы мысық. Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мен Алтайдың биік тауларында мекендейді. Саны 200-ден аспайды және жылдан жылға кемуде. Негізгі себептері – Қасақылық және таутекелер мен басқа жабайы тұяқтылардың санының кемуіне байланысты азық қорының азаюы. Жоңғар қорығын құрып және таудағы қорықшалар мен қорықтарда оны қорғауды күшейту керек.
Түрікмен құланы
1-категория. Құланның бұл түршесі Үстіртте мекендеген, ал XX ғасырдаң 30-жылдары ол жерден жойылып кетті. Қазақстанның басқа шөлді аудандарында басқа түршесі – қазақстан құланы мекендеген, бірақ ол 30-жылдары біржола жойылды. 1953 жылы Түркменстаннан Арал теңізіндегі Барсакелмес аралына әкелінген құландар көбейіп, 1982 жылдан бастап Іле аңғарына, Бетпақдала мен Шығыс Каспий өңіріне жіберілді.
Тоғай бұғысы
1-категория. Жойылып бара жатқан Орта азиялық түрше. Ертеде Қазақстанда Сырдария мен Іле өзендерінің бойында мекендеген, бірақ 60-жылдардың ортасында толықтай жойылған. 1981 жылы Тәжікстаннан бірнеше бұғы әкелініп, оларды Іле өзенінің сол жағалауында орналасқан Қарашеңгел аңшылық шаруашылағына жіберілді. Саны 200-ге жетіп, одан ары қарай өсуде. Бұл бұғыларды Сырдария мен Іле өзенінің бойында тіршілік мекені әлі де болса сақталған жерлерге жіберу керек.
Қарақұйрық
3-категория. Ертеде шөлді аймақта көптеп кездескен, бірақ қасақылыққа байланысты оның саны 200 мыңнан (30-жылдары) 10 мыңға (70-жылдары) дейін кеміді және көп жерлерде ол кездеспейтін болды. Түрді Қызыл кітапқа тіркеген соң оның саны тұрақталып, жан-жақты қорғалатын жерлерде өсе бастады. Қазір Қазақстанда 30-50 мыңдай қарақұйрық бар. Қорғалатын жаңа территориялар ашу керек.
Үстірт арқары
3-категория. Тек Үстірт пен Маңғыстауда ғана мекендейді. 70-жылдары саны 7-10 мыңнан 1-4 мыңға дейін кеміді, бірақ Үстірт қорығын және 2 қорықша (Ақтау-Бозашы мен Қарагие-Қаракөл) құрылғаннан соң саны өсіп, 1991 жылы 5,5 мың басқа жетті. Бұл түршенің шектелген санын пайдалану жөнінде тәжірибелер жүргізу басталды. Үстірт қорығының территориясын кеңейтіп, бірнеше қорықшалар ұйымдастыру керек.
Алтай арқары
1-категория. Тек Алтайда ғана кездеседі. Ол жерде шамамен 80-дей арқар мекендейді, яғни бұл түрше жойылып кету шегіне жақын тұр. Негізгі себеп – қасақылық және арқарлар тіршілік мекенінде пәрменді түрде мал жаю. Мал жаюды шектеп, Күршім жотасының оң жақ беткейінде Марқакөл қорығының жеке бөлімшесін ашу керек.
Қызылқұм арқары
1-категория. Қазақстанда Қызылқұмда мекендейді, бірақ ол жерде жойылып кетуі де мүмкін. Өйткені 70- жылдардан бастап бірде-бір рет кездеспеген. Себебі басқа да тұяқтыларға әсер ететін факторлар – қасақылық және үй малдарын көптеп жою. Бұл түршені питомниктерде қолдан өсіруді бастау және алынған төлдерді қорғалатын территорияларға жіберу мезгілі жеткен сияқты. Оларды қорғау үшін Қызылқұм қорығы мен бірнеше қорықшалар ұйымдастыру керек.
Қазақстан арқары
1-категория. Орталық Қазақстанның аласа қырат жоталарында мекендейді. 60-жылдары саны мен таралу аймағы қасақылық пен тіршілік етуге жарамды мекендердің тарылуына байланысты қысқарды. 90-жылдардың ортасына қарай оның саны 12 мыңға дейін өсіп, бұл түршені белгілі бір қорғалатын жерлерде олардың шектелген санын пайдалану жөнінде тәжірибелік жұмыстар басталды. Қорықшаларда арқарларды қорғауды күшейтіп, далалық қорықтар құрып, оларды Ұлытауға қайтадан жерсіндеру керек.
Тянь-Шань арқары
2-категория. Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауында тараған. Бұл түршенің саны шапшаң төмендеп, қазір оның саны 1,5 мыңнан аспайды. Себеп-ері – басқа арқарларға әсер ететін факторлар. Ақсу-Жабағылы қорығына жақын жатқан арқардың қыстайтын жерлерін қосу, көршілес Қаратау жотасында бұл қорықтың бөлімшесін ашып, Жоңғар Алатауында қорық құруды жеделдету керек.
Қаратау арқары
1-категория. Тек Қазақстанда Қаратауда ғана мекендейтін бұл арқар қазіргі кезде толық жойылу шегінде, бар-жоғы 100-150-дей басы сақталған. Осындай өзіне тән ерекшелігі бар жануарды сақтап қалу үшін жеделдетіп Қаратау қорығын және осы жотаның солтүстік-батыс шетінде қорықшалар ұйымдастыру керек.
1-категория – жойылып бара жатқан; 2-категория – саны жылдан-жылға күрт азайып бара жатқан; 3-категория – сирек кездесетін; 4-категория – ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген; 5-категория – қалпына келтірілген түрлер

Нәзікқұйрық инелік (Аральский тонкохвост). Республикамызда Сырдария өзенінің Арал теңізіне таяу су алабында ғана тіршілік етеді. Бұл - ерекше қорғауды қажет ететін жыртқыш жәндік. Өйткені ол басқа бунақденелілер мен масаны қорек етеді. Нәзікқұйрық инелік ғылымға тек 1979 жылы ғана белгілі болды. Толық зерттелген жоқ. Сондықтан нәзікқұйрық инеліктің тіршілігі туралы нақтылы дерек жоқ.


Көркемше-инелік
Көркемше-инелік (Красотка-девушка). Бұл өзге инеліктерден қанатында ерекше белгінің болмауымен ерекшеленеді. Тағы бір ерекшелігі - өзге инеліктер тәрізді қанатың жайған қалпында қонбайды. Көркемше инелік көбелектерше қанатың құрсағынан жоғары жинастырып қонады.
Шолғыншы инелік
Шолғыншы инелік(Дозорщик-император). Бұл - күйенті тұқымдас инеліктердің бір түрі. Шолғыншы инеліктің қанаттары біркелкі қалыпта болмайды, бірі ұзын, бірі қысқа болып келеді. Ол едәуір ірі инелік: құрсағының ұзындығы 49-61 миллиметрге дейін жетелі.
Ақтеңбіл дәуіт
Ақтеңбіл дәуіт(Богомол древесный). Бұл - Қазақстан Қызыл кітабына тіркелген ең жалмауыз дәуіт. Ақтеңбіл дәуіттің (134-сурет) дернәсілі 85 күнде 147 жоңышқа бітесін, 41 жеміс шыбынын және 266 бөлме шыбыным қорек еткен. Жұмыртқадан жаңа ғана шыққан дернәсіл ересек күйге жеткенше 1 кг 300 грамға жуық бунақденелілерді жойған. Ал аналық дәуіттің қомағайлығы ерекше. Ол аталығын жеп, жұмыртқаларының дамуына қажетті нәруызды осылай толықтырады.
Дала кергісі

Дала кергісі


Дала кергісі(Степная дыбка). Ол - өте сирек кездесетін, Қазақстанда мекендейтін ең ірі денелі шекшек. Мұның қанаты жоқ (немесе жетілмеген). Далалық кергі шырылдамайды және жыртқыш. Оны Солтүстік Қазақстаннан, соған жақын аумақтардан кездестіруге болады. Аналығының тұрқы - 53-75 мм. Далалық кергі - дала табиғатына нағыз бейімделген жәндік. Дене бітімі, қорегін аулау тәсілі шекшектен гөрі дәуітке көбірек ұқсас. Жыртқыш болғандықтан, негізгі қорегі - шегірткелер, шекшектер, шілделіктер, қоңыздар және дала қандалалары. Тіпті кейде дәуітті де жеп қояды. Ол дәуіт тәрізді аяқтарын жазып жіберіп, қорегін аңдып, қозғалмай ұзақ отырады. Бір көңіл аударарлық жайт: табиғатта кергілердің аталығы көп кездеспейді. Сондықтан олардың аналықтары партеногенезді жолмен көбейеді. Бұл гректің «партенос» - қыз қалпындағы + «генесис» - пайда болу деген сөздермен алынған. Дәлірек айтқанда: аталықсыз ұрықтану. Далалық кергілердің шырылдамауы да соған байланысты болса керек. Дала кергесі даму барысында 8 рет түлейді. 3-4 аптадан соң толық ересек күйге келеді. Ұрықтанбаса да жұмыртқалап, түнде 7 жұмыртқа туады. Жұмыртқалайтын жерді мұртшаларымен тексереді де, әр түрлі тееңдікке жұмыртқаларын орналыстырады. Күзге дейін мезгіл-мезгіл жұмыртқалай береді. Тіпіті өлген аналық кергінің денесінен тумай қалған 10-28 жұмыртқаларды байқауға болады. Жұмыртқалардан тек аналық кергілер ғана дамиды.
Бұғықоңыз
Бұғықоңыз(жук-олень) - саны күрт кеміп бара жатқан, тұрқы 87 мм шамасындағы ең ірі қоңыз. Бұғықоңыз (134-сурет) еменді ормандарда өмір сүреді. Биік таулы жерлерде кездеспейді. Қазақстанда Жайық өзенінің жайылмасынан кездестіруге болады. Бас бөлігіндегі жақ тұсынан бұғының мүйізіне ұқсас ұзын өскін ерекше байқалатындықтан, қоңыз «бұғықоңыз» аталған. Аналығы аталығынан кіші, тұрқы 28-45 мм шамасында болады. Бұғықоңыздар зақымданған ағаш діңінен аққан шырынмен қоректенеді. Дернәсілдерінің дене пішіні имек «С» әрпіне ұқсайды, түсі - ақ, тұрқы - 14 см, жуандығы 2 ем. Олар көбінесе шіріген емен ағашында дамиды. Дернәсілдердің дамуы 4 айдан 6 айға дейін созылады. Олардың қоректенуі толық зерттелмеген. Дернәсілдер құрғақшылыққа төзімділігі - 20С аязға шыдайды. Ересек бұғымүйіздер ұзақ өмір сүре алмайды, 3 - 4 аптадан соң тіршілігін жояды. бұларды дер кезінде қорғамаса, аумақтан мүлде кездеспей қалуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет