Қазақстан болашағы- жалынды жастар



Дата14.06.2023
өлшемі14,62 Kb.
#101265
түріҚысқаша мазмұндама

Жұмыс авторы:Тұрғынбаева Арайлым
Қазақстан болашағы- жалынды жастар
Қысқаша мазмұндамасы:Мен осы шығармашылық жұмысым арқылы-әр адам еліміздің дамуы, өркендеуі үшін үлес қосса екен деймін. Жаңа Қазақстан құрып, бейбіт әрі дамыған ,болашағы айқын елде өмір сүру әр қайталанбас тұлғаның арманы деп ойлаймын. Біз өзімізден «Жаңа адам» жасап шығарсақ, елімізден «Жаңа Қазақстан жасап шыңаруымызңа мүмкіндік» көп. Сол себепті барлығымыз бірге ат салысып, Жаңа Қазақстанда бірге өмір сүрейік.

Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі - жастар секторы. Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылады.Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 2022жылы 16 наурызда “Жаңа Қазақстан:Жаңару мен жаңғыру жолы” атты жолдау жолдаған болатын.Президентіміз Жаңа Қазақстан құру үшін талпыныстар жасап жатқаныма өте қуаныштымын. Жалпы, жаңа Қазақстан құру қандайда бір адамға байланысты деп ойламаймын. Біз жастар болашағымыздың дамуы үшін, халқымыз жақсы өмір сүру үшін аянбай тер төгу қажет деп санаймын. Жаңа Қазақстан дегеніміз – егемен еліміздің болашақтағы, бейнесі. Өз елінің ертеңіне сенбеген халық мықты мемлекет құра алмайды. Бұған тарихтан талай мысал келтіруге болады.


Менің осы тақырыпты алған себебім, болашаққа деген үмітім зор екенімді білдіремін, қазіргі уақытта өмір сүргенімді мақтан етемін. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдынғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне баршасы үлес қосып келеді. Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқыланды – оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындығын аңғартады. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры.
Қорытындылай келе, мен осылай деп ойлаймын, әрбір жалынды жас өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет