Қазақстанда физиология ғылымының қалыптасуы 1938 жылдан басталады. Бұл жылы профессор А. П. Полосухин Алматыға келіп, 1944 жылы Кеңес одағының Қ. И. Сатпаев ашқан Ғылым академиясының қазақ филиалында физиология секторын (болімшесі), 1945 жылы физиология ғылыми-зерттеу институтын ашуға ат салысты. Содан кейін Республикамыздың жоғары оқу орындарындағы физиологиялық зерттеулер бірнеше бағытта жүргізіле бастады:
Полосухин Александр Порфирьевич қалаған қан және лимфа айналысының реттелуі мен оларға байланысты вегетативтік қызметтер. Бұл бағытта А. М. Бекетаев, І. А. Бірімжанова, Л. Е. Болекбаева, Қ. Қ. Сәтбаева, т. б. ғалымдар мен олардың шәкірттері зерттеулер жүргізіп, кезеген нервтің қан тамырларына әсері, ескерулер, ауру организмдегі Қазақстанның жерінде өсетін түрлі шипалы жүрек-қан тамырлар жүйесіне әсерін,жүрек-қан тамырлар жүйесіне бірінші және екінші сигнал жүйелері арқылы шарттыгемодинамикалық өзгерістер анықталды. Ғалымдар Ж. Жұмажанов, Ф. Ж. Жұмағалиеваөсімдіктердің құрамындағы белсенді биологиялық заттарды бөліп алып, олардыңолардың емге пайдалану мөлшерін анықтауда көп еңбек етті.
Дүйсембин Қабдырахман (15.10.1931 жылы туған, Павлодар облысы үшкөл ауылы) - ғалым, биология ғылым докторы (1971), профессор (1985). Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент академигі (2003). ҚазМУ-ді (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1953). 1953- 81 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Физиология институтында (қазіргі Адам және жануарлар физиологиясы институы) кіші, аға ғылым қызметкер, лаб. меңгерушісі, 1981 ҚазМУ-де адам және жануарлар- 90 жылы физиологиясы кафедрасының меңгерушісі болды. 1990 жылдан Адам және жануарлар физиологиясы институтының директоры. Дүйсембиннің негізгі ғылым еңбектері лактация (сүттену) физиологиясына арналған. Ол физиология саласында жаңа бағыт - лактацияның нейрогормондық реттелуінің негізін салды.
Төрегелді Шарманұлы 19 қазан 1930 жылы Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында туған. 1949 жылы мектепті бітірісімен Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына оқуға түсіп, өте жақсы көрксеткішімен аяқтап шықты. 1955-1958 жылдары Қарағанды мемлекеттік медициналық институтынның асперантурасын жақсы нәтежеде бітірген. Қазақстандық гигиенист-нутрициолог ғалым. Медицина ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақ тағамтану академиясының президенті. Ресей Медицина Ғылым Академиясының және Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі. ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері. Алматы қаласының және Жезқазғанның Құрметті азаматы.
Нәйлә Оразғұлқызы Базанова(11.11.1911, Бішкек - 11.11.1993, Алматы) — ғалым, қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш биология ғылыми докторы (1945), профессор (1946), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1951), Қазақстан еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1946). Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген (1932). 1932-47 жылдары сол институтта ассистент, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі, 1948- 51 жылдары эксперименттік биологиялық инститтутының директоры, 1951-1966 жылдары Қазақстан ғылым академиясының биологиялық және медициналық бөлімінің академигі-хатшысы, 1966-86 жылдары Физиологиялық институтының директоры, ал 1986-1993 жылдары сол институттың құрметті докторы болды. Қазақстан мен Орта Азиядағы тұңғыш әйел академик, биология ғылымының жаңа саласы – ауыл шаруашылығы жануарларының физиологиясының негізін салушы.