Германияда-М.Петтенкофер, К.Флюге, М.Рубнер.
Англияда - Э.Паркс пен Дж.Саймон.
Францияда - М.Леви.
Ресейде- А.П.Доброславин мен Ф.Ф.Эрисман болды.
ГИГИЕНАНЫҢ ӨЗ АЛДЫНА ЖЕКЕ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ АЯҒЫНА ТҰРУЫ 18 ғасырда Қазақстанда, тек әскер бөлімдеріне ғана қызмет көрсеткен бірінші медициналық қызметкерлер пайда бола бастады. 19 ғасырдың ортаңғы үштен бірінің аяғына дейін Қазақстан аумағында қазақ халқын емдейтін және санитарлық шаралар жүргізетін дипломы бар дәрігерлер болған жоқ.
19 ғасырдың аяғында және 20 жүзжылдықтың басында Қазақстанда Ресей университеттерінде жоғары медициналық білім алған, бірінші қазақ дәрігерлері пайда болды, себебі, өзінің оқу орны болмады. Олардың арасында
Садуақас Шалымбеков, Нұрғали Ипмағамбетов, Әбубәкір Алдияpoв, Мұхамеджан Қарабаев, Халел Досмұхамедов, Мәжит Чумбалов, Әміре Айтбақин, Санжар Асфендияров, Есенғали Қасаболатов және басқалар болды. Олардың бәрі де емдеу дәрігерлері болса да, ауыр санитарлық-гигиеналық мәселелерді шешуіне тура келді.
ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ МЕДИЦИНАСЫ МЕН ГИГИЕНАСЫ 1932 жылы Алматы қаласында республикада бірінші медициналық институты ашылып, сол жылы гигиена кафедрасы да ашылды. Оның негізін қалаушы — Қазақстандағы санитарлық қызметті бірінші ұйымдастырушылардың бірі Попов Н.П. болды.Кейінірек Қазақстан өлкелік патология ғылыми зерттеу институты (қазір гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы), Қарағандының мемлекеттік медицина институты, Қазақ еңбек физиологиясы мен гигиенасы ғылыми зерттеу институты, тағамтану ғылыми зерттеу институты ұйымдастырылды, оларда гигиена ғылымдарының барлық бөлімдері бойынша әр түрлі жоспарлы зерттеулер жүргізілді.
1935 жылы Кеңестік Советтік Республикалар Одағында Бас санитарлық инспектор басқаратын Отандық мемлекеттік санитарлық инспекцияны құру туралы қаулы бекітілді. Осындай қызметтер басқа да одақтық республикаларда құрылды.Ұлы Отан соғысынан кейінгі уақыт Қазақстанда санитарлық — эпидемиологиялық мекемелердің санын көбейтуді талап етті. 1941 жылы Қазақстанда 43 санитарлық- эпидемиологиялық станса, 137,5 штаттағы дәрігерлік лауазым болса, 4 эпидемияға қарсы отряд, 783 залалсыздандыру камералары, 3907 монша, ал 1945 жылы СЭС- тардың саны 100 — ге дейін өсті, санинспекторлар штаты – 274,5, эпидемияға қарсы отрядтар — 45, залалсыздандыру камералары -1438, 3332 монша салынған.
Аймақтық эпидемиология, микробиология және гигиена институты соғысқа қажетті ғылыми- зерттеу және тәжірибелік жұмыспен толық айналысты. Олар 20 шақты бактериологиялық препараттар ашты: бөртпетифозды вакцина, тифо- паратифозды таблеткалар, дизентерия бактериофагын, холера монофагын, холераға қарсы моновакцинді және т.б.1944 жылдың маусымында республикада тропикалық аурулар институты ашылып, ол 1945 жылы Аймақтық патология институты болып аты өзгертіліп, аймақтық медициналық мәселелерді өңдейтін Қазақ ССР- ындағы Ғылыми Академияның негізгі ғылыми – зерттеу орталығы болды
Тәуелсіздік алған кейінгі жылдарда Қазақстан Республикасында гигиена
саласының дамуы ел экономикасының тоқырауына байланысты біраз тежелді. Соған қарамастан еліміздегі гигиена саласын дамытушылар,
осы саланың мамандары м.ғ.д, профессорлар Т.Ш. Шарманов, А.Алтынбеков, Е.Ж. Жарқынов, Н. Жақашов, Ү.К. Кенесариев, Ш.И. Иманалиев, Қ.Қ. Тоғызбаева, А.А. Лукашовтарөздерінің ғылыми еңбектерінде кеңестік дәуірден алған ғылыми
тәжірибелерін мен білімдерін кеңінен қолдана отырып, осы ғылым саласын дамыттып отыр. Олар басқарған гигиена кафедралары мен курстары, зертханалар гигиена саласын дамытуда және болашақ
гигиенист мамандар дайындауда ерекше орын алады.
Гигиена денсаулықты сақтау, аурулардан, қоршаған ортаның түрлі зиянды әсерлерінен алдан ала сақтану туралы ғылым, медицинаның саласы. Гигиена сөзінің пайда болуы Эпиона мен Асклепийдің қызы, ежелгі гректегі денсаулық құдайы Гигиея атымен байланысты. Ол қолында жыланмен оралған ыдысты ұстап тұрған әдемі қыз ретінде бейнеленеді. Ежелгі гректерде жылан данышпандықтың белгісі болатын. Жыланға оралған ыдыс қазіргі күнге дейін медицина эмблемасы ретінде сақталып келе жатыр. 19 ғасырдың аяғында және 20 жүзжылдықтың басында Қазақстанда Ресей университеттерінде жоғары медициналық білім алған, бірінші қазақ дәрігерлері пайда болды, себебі, өзінің оқу орны болмады. Олардың арасында
Садуақас Шалымбеков, Нұрғали Ипмағамбетов, Әбубәкір Алдияpoв, Мұхамеджан Қарабаев, Халел Досмұхамедов, Мәжит Чумбалов, Әміре Айтбақин, Санжар Асфендияров, Есенғали Қасаболатов және басқалар болды. Олардың бәрі де емдеу дәрігерлері болса да, ауыр санитарлық-гигиеналық мәселелерді шешуіне тура келді.
ҚОРЫТЫНДЫ