ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
У.И. Кенесариев, Г.А.Бегимбетова, А.Е.Ержанова
Көлік шуының әсерінің тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерін бағалау
Оқу құралы
а лматы, 2015
У ДК 616-056.22-056.48:613.164:351.759.4(075.8)
ББК 51.1:38.93я73
Көлік шуының әсерінің тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерін бағалау.
Оқу құралы. У.И.Кенесариев, Г.А.Бегимбетова, А.Е.Ержанова – Алматы, 2015. – 74 б.
Рецензенттер: 1. Алдашев А.А. - м.ғ.д., профессор, Қазақ тағамтану академиясының биохимия және витаминология зертханасының меңгерушісі
2. Қ.Қ. Тоғызбаева - м.ғ.д., профессор, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, еңбек гигиенасы кафедрасының меңгерушісі
Оқу құралында атмосфералық ауа ластануының және көлік шуының тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерінің зардабын зерделеу мәселелері қарастырылған. Мегаполис мысалында шу зардабынан және ауа ластануының әсерінен болатын қауіп-қатерлерге талдау жүргізудің алгоритмі және негізгі әдістері бағамдалады.
Оқу құралында Алматы қаласы С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың жалпы гигиена және экология кафедрасының ұжымы жүргізген зерттеулер нәтижесіне сәйкес көрнекті практикалық мысалдар теориялық сұрақтармен қатар беріледі.
Құрал «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медико-профилактикалық іс» мамандықтары бойынша білім алушыларға, медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Аталған оқу құралы тұрғындар денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін зерделеумен айналысатын ғылыми қызметкерлерге, магистранттарға, практикалық медициналық-профилактикалық іс саласы өкілдерінің де қажетіне жарауы мүмкін.
Оқу құралы С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Жалпы гигиена және экология кафедрасының «Қаланың шу картасын әзірлеу бойынша іс-шараларды негіздеу үшін Алматы қаласының ауа бассейнінің шумен ластануының әсерінен тұрғындардың денсаулығына қауіп-қатерін бағалау» атты Жоба ішілік ғылыми грант аясында әзірледі.
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Әдістемелік кеңесі оқу әдебиеті ретінде баспаға ұсынған
№ 1 хаттама, «27» 10.2015 ж.