Қазақстан жаңа заман тарихты пәнінен оқу-әдістемелік кешені



бет112/149
Дата06.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#14253
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   149
5.Арал бойы қазақтарының Хиуалықтар мен Ресей басқыншыларына қарсы

күресі.Қоқан, Хиуа хандықтары сияқты сыртқы жаулардың дүркін-дүркін шабуылынан өз ішінде болып тұратын руаралық талас-тартыстардан Сыр, Арал бойындағы қазақтардың қалың бұқарасы әбден қажыды. Олар тыныштық өмірді аңсады және сол бейбіт өмірді Ресей ғана әкеледі деп сенді. Сондықтан қазақтар Сыр бойына келген орыс әскерлері мен қоныс аударушыларды шын достық пейілмен қарсы алды. Бұл сыртқы және ішкі саяси экономикалық қайшылықтардан туған қажеттілік еді. Жанқожаның және оның айналасындағы қазақтардың мұндай достық ықыласы жөнінде орыс офицерлері: «Қоқан, хиуалықтарды қырғыздардың қас жауы деп есептейтін Жанқожа біздің Сырға қоныс тепкен кезімізде ең бір табиғи сенімді, өте қажетті одақтасымыз болды» деп жазды.

1849 жылдан бастап Хиуа тарапынан болатын шабуылдар тоқтай бастады да, бірақ Қоқан тарапынан төнген қауіп күшейе түсті. 1849 жылы 5 мамырда старшындар Сұлтанмұрат Мамаев пен Жұбат Байсуовтың айтқан мәліметтері бойынша қоқандықтар найзамен, қылышпен, мылтықпен қаруланып шөмекей руының Сарықасқа бөлімінің ауылдарын талқандап 15000 қойды, 2000 түйені, 500 жылқыны айдап әкетіп, барлық мүліктерін, 52 қызды алып кетеді.1850 жылы 16 ақпанда өзбек пен қоқан қазақтарынан тұратын Қоқан отряды Қоқан ханына салық төлемегені үшін Сырдария өзенінің оң жағасында көшіп жүрген шөмекей руы қазақтарының 20 ауылын талқандап, 5 еркек пен 1 әйелді өлтіріп, 25000 қой мен 1000 жылқы айдап кетеді. Тоналған ауылдар Қарақұм мен Ырғызға, яғни Қазақстандағы Ресей территориясына көшті. 1850 жылы қазақтар 50000 бас малынан айрылған. 1851 жылы қоқандықтар жоғарыда көрсетілген көп малды айдап әкеткен. Бұған шыдамаған сұлтан Алтынғазы Нұрымов өзінің аулына келген қоқандық қазақтарды ескертті. Өз кезегінде Алтынғазы сұлтан жоғарыда айтылған барымта үшін қоқандықтардың көмегімен араздасушы қазақтармен талқандалып тоналды. Бұл іске Жанқожа қатысты. Ол өзі үшін сол кезде Аралда 100 казак пен 30 адамнан тұратын жаяу әскер бекінген Райым бекінісінің комендантынан көмек сұрайды. Комендант қауіптің барын көріп, яғни өз жағына қабылдауға мәжбүр болып, бекіністен көмек беруге шығатынын білдірді. Жанқожа орыстармен бірге өзінің ескі жаулары қоқандықтарды өлтіріп, Қышқорған бекінісіне жылжып, оны басып алып, қазақтарды ауыр езгіден уақытша босатып, атын Ақмешітке дейін таратады. 1851 жылы көктемде генерал Обручев аймақты басқаруда генерал-адъютант Перовскиймен ауыстырылды. 1851 жылы 29 мамырда Перовскийдің аймақты басқаруға келісуі, орыс үкіметінің Орта Азия бағытындағы саясатының қол жеткен нәтижесінің дәлелі болып табылады. Ішкі саясаттың негізі өзгеріссіз қалды, оның пікірінше, қазақтар бізге көшпелі халық ретінде керек, олардың отырықшылыққа көшуі Ресей үшін зиянды.

Обручев Жанқожаны марапаттаған болатын, ал жаңа губернатор өзінің оған мұқтаж еместігін және даланы сұлтан-билеушілермен басқара алатындығын көрсеткісі келді. Бірақ Жанқожа әр түрлі амалдармен қабылдамады. Осы жағдайға байланысты губернатор оны қазақтарды басқару құқығынан айырды, содан соң бұйрықпен есауыл атағын алды. Осы әрекеттері арқылы ол сенімді бағыныштыдан ашық жауды жасады. Бұған қоса батырдың Перовский мейірбандығына кірген Ермұхамед Қасымов сұлтанмен рулық басарыздығы болатын. Ермұхамед сұлтанды халық «Елікей» деп атаған. Бұл оқиға жөнінде нақтырақ айтсақ: «Біз Хиуа ханы тағайындаған Елікейдің Сырдағы қазақтарды басқарғанын, Жанқожаға қарсы күресінен көреміз. Бірақ Елікей жаман хиуалық билеуші болды. Қуаңдағы (Сырдың жағасы) қазақтарды басқара отырып, олардан және керуендерден көп алым-салық алып отырды. Мұны білген Хиуа ханы оны Хиуаға шақыруға мәжбүр болды.

Сырды жайлаған орыс шенеуніктерінің, Арал бекінісінің коменданты Энгман мен сыртқы істер министрі Осмоловскийдің алдауға түспейтінін біліп, ол Хиуаға жақындайды. Ал Хиуа ханы болса, оған көмектесемін деген желеумен отбасын босатады. Ханның аяқ астынан жұмсақ болуының себебі осы. Елікейдің қысымы Энгманды оларға қарсы шаралар қолдануға мәжбүр етті, бірақ Перовский алдында шекаралық комиссияның төрағасы генерал-майор Ладыжинский сұлтанды жақтады. Осы уақыттан бастап Елекей жазасыз Сырда билігін жүргізе берді.

Райым бекісінісінің бастығының міндетін атқарушы майор Дамис 1850 жылы 26 тамызда Қоқан иелігіндегі қазақтар Қазалы, Арықбұлақ төңірегіндегі елдерді шауып кеткені туралы мәлімет алып, жүздеген әскер, зеңбіректермен қаруланып, Қараөзек пен Жамандария арасындағы «Қос қорған» бекінісіне 8-қыркүйекте шабуыл жасап, басып алады. Бекініс бастығы мырза Райым қолға түседі. «Жауап алу кезінде мырза Райым қазақтардың тонаушылық соғысына қатыспағанын, бірақ бұл шапқыншылықты Қоқан хандығы иелігіндегі Табын руының батыры Байқадамды өлтіргені үшін, шектілерден кек алу мақсатымен, 400 қазақ пен 10 қоқандықты ертіп Ақмешіт маңында көшіп жүретін Бұхарбай батыр жасағанын айтты».

Осы жылдары кезекпен барымталасқан шапқыншылық екі жақтан да жиілеп кеткен еді.

Қазақтардың ауылдарын шауып, кейін оралған қарақшылар тобырын келесі күні орыстар қуып жетіп, 100 қоқандық пен 3 хиуалықты өлтіреді және көптеген адам жараланды. Өлгендердің ішінде Қосқорған бекінісінің бастығы Чунук-Чукмардың (Шонық-Шоқпар) денесі ұрыс даласында қалды. Бұл ұрыста белгілі батыр Байқадамның інісі, қазақтардың басшысы Бұхарбай Ағайдаров (әкесінің аты қате кетуі мүмкін) ауыр жараланады.

… Ақмешіттің салысымен дарияны қуалап төмен кеткен, хиуалықтарды паналап, бұлардың қысымымен қашқан қазақтар мен қарақалпақтардың егін егіп, мал өсіріп өмір сүру мүмкіндігінен айыру, сөйтіп өздерінің қол астына қайтаруға мәжбүр ету мақсатымен қоқандықтар Жаңадарияны байлап тастады. Хиуалықтарға бұл шара қатты батып, реті келген жағдайларда олар Қоқан ханынан бөгетті бұзу жөнінде сұрау салды, бірақ бұл өтініштері үнемі аяқсыз қалды.

«…Сандыққорған құландысы жанындағы 1852 жылы қазақ батыры Бұхарбай бұзған бөгетті 1853 жылдың қазанында Сырдың суын көтеріп, кеме жүздіру мақсатымен Жаңадарияға жібермей, қайтадан қалпына келтірдік, бірақ көп ұзамай судың қысымы бөгетті қуып кетті».

Сонымен Бұхарбай батыр енді қайтап оралып, Қоқан иелігіндегі жерге шабуыл жасады. Халықтың ойынан табылып, жаудың сағын сындырып, Қарабөгетті бұзды. Әрине, батырдың бұл әрекеті жау тарапынан жазасыз кетпейтіні түсінікті еді. Ақмешіт бегі Жақыпбек Хазірет (Түркістан болуы мүмкін) қаласына адам шаптырып, Бұхарбаймен шайқасуға рұқсат сұрайды, бірақ қала бастығы Нұрмұхаммед Бұхарбайды орыстар жұмсап отыр деген оймен оған тоқтау айтады. Хазірет қаласының бастығы осы мәліметті алған соң Ақмешітке жан-жақтағы қамалдардан 7 зеңбірек пен 530 адам келді. Ақмешіт гарнизоны көбейіп, 1230 адамға жеткен. Бұхарбай, Сейілдің орыс иелігіндегі жерге өтуін патша ұлықтарының құп алып, отаршылдық саясаттың алға басуына қуанғандарын аңғаруға болады.

Ілгері жіберілген шолғыншы әскерлер Сыр жағасындағы сексеуіл тоғайынан екі жүздей қоқандықтарды кездестіріп, оларға қарсы Бұхарбай батырмен бірге ат қойып тұра ұмтылады. Тас-талқан қып қашырып, біреуін жарақаттап, тұтқынға алады. Содан жау туралы Бородинге хабар жібереді де, әскер келгенше үздіксіз көбейіп келе жатқан қоқандықтарды, екі мәрте лап қойғанына қарамастан, шепте ұстап тұрды. Орталарында 300-дей сауыт киген жауынгерлері бар жеті мыңдай қоқандықтар улап-шулап айқай салып, кернейлетіп, даңғара қағып, жаппай шабуылға көтерілді, бірақ оларды жақындатып алып картечьпен, мылтықтың оғымен қарсы алып, кейін қарай ысырып тастады.

Ымырыт үйірілгенше созылған соғыс тоқтаған соң Бородин дарияның жағасына ор қазып, бекініс салды. Ертеңіне таң сәріден қоқандықтар кейін шегінді. Ұзақ жылдар Сыр бойы қазақтарын аяусыз езген ата жауды Бұхарбай батырлар Желекке дейін қуып апарып тастады. Жол бойында қоқандықтардың өліктері мен көліктері жайрап қалды. Бұл жеңіс орыстар үшін ауыздан түспейтін елеулі оқиғаға айналды. Көптеген адамдар шен-шекпен, мадақтаулар алды.

Бұхарбай батырдың Құмсауыттағы ерлігі орыс өкіметі алдында оның беделін көтеріп, айбынын асырды. Ақмешіт, Құмсуат шайқастарынан кейін оның орыс өкіметі алдында салмағы арта түсті.

«Табын руы, оңтаңбалы тармағының биі Бұхарбай Естекбаев батыр мен теріс таңбалы тармағынан Сейіл Байқадамов өздерінің ерлігі, батырлығымен белгілі болған ордалықтар. Бұхарбайды мен Құмсуат ісі үшін, оның да бұрын алған күміс медалі болғандықтан, зауряд хорунжий шеніне, ал Сейілді иыққа асатын Анна лентасы мен күміс медальға лайық деп білемін».

Қорыта айтқанда, Сырдария қазақтарының XІX ғасырдың 20-50 жылдар арасындағы Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы күресі отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күрес болып табылады. Бірақ, қалыптасқан әскери күшке ие болған, Қоқан және Хиуа хандықтарының күштері басым еді. ХІХ ғасырдың 20-40 жж. Қазақстанның оңтүстігіне Орта Азия хандықтары өз ықпалын жүргізсе, кейін өңірге орыс отаршылдығы жетті. Алғашында орыс әскерлерін Орта Азия хандықтарына қарсы күресте өздерінің қорғаушысы ретінде сезінсе, кейін аймақта өзінің отаршылдық саясатын жүргізген орыс үкіметіне қарсы қазақ халқы қолына қару алып, қарсы шықты. ХІХ ғасырда хандық басқару жүйесінің жойылуынан кейінгі кезеңде қазақ даласында орыс отаршылдығының күшеюі өлкедегі жағдайды одан сайын шиеленістіре түсті. Қазақ даласында қанатын жайып, ішкерілей ене бастаған орыс билігіне мойынсұнбаған қазақ сұлтандары Орта Азия хандықтарының қолдауына арқа сүйеді. Патша үкіметі болса әртүрлі шен-шекпен мен сый-сияпат тарту етіп, ел игілерінің арасына араздық шоғын тастап, бір-біріне айдап салу арқылы, олардың бірігуіне жол бермеуге тырысты. Сонымен бірге орыс үкіметі оңтүстікті отарлауда, Сыр бойындағы халықтың Хиуа және Қоқан хандықтары ықпалында болғандығын өз мүдделеріне тиімді пайдалана білді. Ал керісінше орыс жаулап алушылығының өз шекараларына жақындауынан қауіптенген Орта Азия хандықтары, оған кедергі жасау мен тоқтату жолында оңтүстік өңір қазақтарын пайдалануға ұмтылды. Сөйтіп, Сыр бойындағы қазақтардың «орыстық» және «хиуалық, қоқандық» болып екіге бөлінуі, бірі Ресейдің, екіншісі Орта Азия хандықтарының билігін тануына итермеледі. Сонымен екі жақтан жасалынған жаулап алушылық қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістерінің басталуына себеп болды. ХІХ ғасырдың 20-60 жылдарының аралығы Қазақстанда Ресей мен Орта Азия хандықтарына қарсы ұлт-азаттық көтерілістердің кең құлаш жайған кезеңі болып табылады.

Сыр бойындағы қазақтардың ұлт-азаттық күрестері қанша кең-құлаш жайғанмен, отаршылдарды Сырдың төменгі жағынан қуып шыға алмады. Солай болса да, олар отаршылдықты мойындамады. Осы көтерілістің басшысы болған Жанқожа Нұрмұхаммедұлы өзінің асқан батырлығымен, халқына деген сүйіспеншілігімен, адалдығымен, адамгершілік қасиеттерімен ел аузындағы аңызға айналып, оның есімі ұрпақтар жүрегінде мәңгі сақталып қалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет