Қазақстан жаңа заман тарихты пәнінен оқу-әдістемелік кешені


Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы



бет79/149
Дата06.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#14253
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   149
3. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.1749 жылдың 20 қаңтарында Орынбор губернаторы И.Неплюев Есет тарханға және оның қарауындағы қазақ руларына Жайықтың ішкі бетіне көшуге тыйым салған. Патша үкіметінің жарлығына қарамай, Есет тархан ұлысымен Жайықтың ішкі бетіне өтіп алады. Жайықтың оң жағына өтпеу жөніндегі бұйрыққа қарамаған.

Патша үкіметінің қазақтарға Жайықтың оң жағына өтуіне тыйым салуының себебін тарихшы Н.Г.Апполова: «Жайықтың оң жағында отырықшылықпен айналысатын аудандарды мал жайылымына айналдырып тоздырып жіберуінен қауіптенді. Сондықтан патша үкіметі оң жақ жағалауға өткізгісі келмеді. Бұл мәселе орыс - қазақ арасында бір - біріне деген наразылық туғызуға себеп болды» десе, А.Добросмысловтың көрсетуінше :«Патша үкіметі қазақтардың Жайықтың оң бетіне шығуын қаламаған. Себебі, қазақтар Жайықтың оң жағына түпкілікті өтіп алып, Еділ өзеніне дейінгі жерге ие болып қалады», – деп қорыққан Мұнан патша үкіметінің қазақты жерден қысу саясатын ұстанғандықтарын көруге болады.

Н.Г.Апполова мен А.И.Добросмысловтың пікірлерімен қоса, патша үкіметінің қазақтарды Жайықтың оң жағына өткізгісі келмеуінің тағы бір себебі мынадай: қазақтар Жайықтың оң жақ бетіне өтсе, орыс-қазақ бекіністеріне тыныштық бермейді және де сол кездегі Ресей патшалығының боданы болып отырған Еділ бойындағы қалмақтармен қатынасқа түсірмеу үшін оқшаулау саясатын ұстады. Жауынгер әрі мәмілегер қазақ халқы қалмақ, башқұрт халықтарымен тіл табысып бірігіп алып, орыс шекарасына қауіп тудыратын күшке айналып кетуінен қорыққан.

Жайықтан ішкі жаққа өтпеу мәселесі Есет тархан тұсынан кейін де жалғасты. Ол жөніндегі пікірлер әр алуан. Мәселен, М.Абдировтың көрсетуінше: «1756 жылы Императрица Елизавета бұйрығы бойынша Жайық бойына қазақтарға мал жаюға тыйым салынса, 1757 жылы Жайықтан ішкі жаққа мал айдап өтуге рұқсат бермеген. Патшаның бұл жарлығын бұзғандарды ұстап Сібірге жер аударуды бұйырған. 3300 әскери казактар қазақ даласын «қоруға» арнайы шоғырландырылған» .Ал, А.Ахмет: «Осы жарлықтың күшін жоюға Нұралы хан, оның кейеу баласы Жәнібек сұлтан Санкт-Петерборға қайта-қайта барды. Бірақ, Патша үкіметі 1755-1756 жылғы башқұрт-қазақ бірлесіп, патша үкіметіне қарсы азаттық қозғалысын ұйымдастырған сәттерін ұмытпағанын еске салады. Сондықтан, Кіші жүздің Жайықтың ішкі бетіне өтуге деген өтініштері орындалмады», – десе белгілі тарихшы Н.Бекмаханова: «...Кіші жүздегі жер мәселесіне қатысы бар, Жайықтың ішкі бетіне өту мәселесін патша үкіметі 1755 жылы Батырша бастаған көтерілісті басқаннан кейін, қазақ даласындағы башқұрттарды кері қайтаруға көмектескендері үшін қазақтарға Жайықтың сол жақ бетін пайдалануға рұқсат берген», дерегін алға тартады.

Кіші жүз қазақтарына Жайық пен Еділ өзендері аралығына көшуге тыйым салынды. Сол сияқты Орта жүз қазақтарына да Ертіс өзенінің екінші бетіне өтуге тыйым жасалды. Мұның бәрі дәстүрлі көшпелі шаруашылыққа негізделген қазақ жұртының тұрмысына ауыр тиді. Тек қана Нұралы хан мен оның қасындағы сұлтандарға ғана «ішкі жаққа» қыстауға кейде рұқсат беріліп тұрған. А.Нүсіпбеков Жайықтың ішкі бетіне өтуге рұқсат 1758 жылы Нұралы хан әулетіне ғана берілген, деп көрсетеді. Қалай десек те жер мәселесі мемлекеттік, елдік өткір мәселе болғаны анық.

Сондықтан жер дауынан туған наразылық шекара барымтасына ұласып отырған. Мәселен, 1758 12 шілдеде князь А.А.Путятиннің хабарлауынша, найзамен қаруланған 70 шақты қазақ жігітері Жайықтан атпен жүзіп өтіп келіп, Қайыңды бекінісінің түбінен тоғайдағы үйірімен жылқыларды айдап әкеткенімен қоймай, бір башқұртты және екі қарулы орыстың екі солдатын өэдерімен бірге алып кетке. Кіші жүз қазақтары бекініс салып жайылымнан қысқан Ресей үкіметіне наразылықтарын барымталап мал айдап алып отырған мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Сондықтан қазақ-орыс арасындағы шекара барымтасы тоқтамаған. 1758 жылы 26 шілдеде Мәмбет батыр бастаған жүздеген қазақтар Жайықтың ішкі жағына өтіп, Ор бекінісінің үйір-үйір жылқыларын, карауылдарды соққыға жығып айдап кетіп, қазыналық мүліктерін тонап әкеткен. Соңынан түскен қуғыншылармен шайқасып құтылып кеткен.1759 жылы 22 сәуірде князь Путятин хабарламасы бойынша, қара халық өз беттерімен Жайықтың ішкі бетіне малмен ғана емес, күймелерімен өтіп алып, орыс-казактардың маяларын таптаған. Патша өкіметінің қазақ жеріне заңсыз қол салғанымен қоймай, қазақтардың Жайықтың ішкі бетіне өтуін заң бұзушылық ретінде бағалаған. С.Толыбековтің көрсетуінше, ХVІІІ ғасырдың 80 жылдарына дейін Жайықтың жағасына қазақтар жақындамады. Бірінші рет 1785 жылы хан Нұралы барон А.Игельстромнан жазбаша рұқсат алады. Жайықтың сол жағындағы Калмыков бекінісіне қарсы жерден 1786 жылы Орынбор губернаторы А.Игельстром 17 қазақ старшынына қарауындағы адамдарымен 45 мың шаруашылыққа жайылымдық жерді пайдалануға рұқсат берген.

Жер жетпегендіктен үлкен өзендердің бойын жайлау мен ішкі бетіне қазақтарды өткізбеу мәселесі өткір мәселеге айналып, бірнеше жылдарға созылған қазақ-орыс арасындағы қатынасқа салқынын тигізген. Барымта мен қарымтадан басталған наразылықтардың арты қарулы қақтығыстарға ұласып отырған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет