Кафедра: Қоғамдық денсаулық сақтау



Дата24.04.2023
өлшемі324,74 Kb.
#86256



 
Кафедра: Қазақстан тарихы және ӘГП
Кафедра: Қоғамдық денсаулық сақтау
 
 
СӨЖ
 
Тақырыбы: Шоқан Уалиханов философиясы
 
Курс: 2
Топ: ОЗ-21-002к
 
 
 
Орындаған: Жұмағали Иманғали
Тексерген: Муканова Б.А



Мазмұны:
1)Кіріспе
2)Негізгі бөлім
•Шоқан Уалиханов философиясының жалпы сипаты
3)Қорытынды
4)Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Шоқан Уәлиханов 1835 жылы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген. Оның шын аты Мұхамедханафия. Оны Шоқан деп еркелетіп атап кеткен анасы Зейнеп Шорманқызы еді. Шоқанның балалық шағы табиғаты көркем Құсмұрын мен Сырымбетте өтті.Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады. Оның арғы бабасы Абылай хан XVII ғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды. Ал атасы Уәли патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді.
Шоқан кадет корпусында оқып жүргенде-ақ, саяхатшылардың өмірі мен ісі туралы жазылған еңбектерге аса қызығушылықпен қарап, танысты. Осы еңбектердің ықпал әсерінен ол саяхатшы болуды, Орта Азияны арлап жан-жақты танысуды армандады. Демек, саяхатшылар өмірі жайлы жазылған еңбектер болашақ саяхатшыға бастау көзі болып, жол нұсқады. Қоғамдық, әдеби қызметі Шоқан Уәлиханов 1853 жылы кадет корпусын бітіріп, Омбыда әскери қызметке қалады. Ол Сібір қазақ-орыс әскерінің 6-атты әскер полкына офицер болып тағайындалады, іс жүзінде Батыс Сібір мен Қазақстанның Солтүстік-Батыс аймағының генерал-губернаторы Г. X. Гасфорттың адъютанты қызметіне белгіленеді. Сондай-ақ, Батыс Сібір өлкесінің Бас басқармасы оған айырықша тапсырмаларды орындайтын офицер ретінде қарады.


Негізгі бөлім
Шоқан Уәлихановтың аққан жұлдыздай жарқ етіп өте шыққан қысқа, бірақ шығармашылық мұрасы мол өміріндегі аяқталған немесе аяқталмай қалған көптеген еңбектері арасынан таза философияға арналған қандай да бір дүниені табу қиын. Қазақтың атақты ғалымы әрі зерттеушісі философия тақырыбына арнайы тоқталмаған сияқты. Дегенмен, Шоқан әртүрлі халықтардың тарихы мен дінін зерттеп этнографиялық және әдеби материалдарды сараптағанда философия мен дүниетаным тақырыптарын айналып өтпеген. Оның шығармаларындағы, әсіресе, қалың оқырманға беймәлім қолжазбалар мен күнделігіндегі түсініктеме мен тұжырымдамалардан Шоқан философиясы, оның дүниетанымы мен көзқарасы, құндылыққа жетелейтін бағдар-бағыты жайында әжептеуір мағлұмат алуға болады.
Осы тұрғыдан алғанда, Шоқан Уәлихановтың көшпенді қауымның діни наным- сенімі, салт-дәстүрі және мифологиясына арналған еңбектері айрықша мәнге ие. Бұлардың қатарында «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Қырдағы мұсылмандық туралы», әсіресе, күнделік – жазбалар сияқты құнды еңбектер бар. Шоқан күнделік-жазбаларында өзінің саяхатын жазғандай суреттеп жатпайды. Ол мұнда өзі кездестірген тайпалардың мәдениеті мен тұрмысы, діни сенім-нанымы және дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуы, әртүрлі халықтар арасындағы өркениет айырмашылығы жөнінде ой толғайды.
Шоқан Уәлихановтың философиялық көзқарасы айқындалатын еңбектерді сараптай келе, оның діндар болмағанын байқау қиын емес. Шоқан өз зерттеулерінде материалистік пайымды ұстанды. Мұндай көзқарас сонау Омбы кадет корпусында оқып жүргенде жақын араласқан сол кезеңдегі алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдерінің ықпалымен қалыптасқаны мәлім. Костылецкий, Ждан-Пушкин, Гонсевский сияқты Шоқанның ұстаздары оқыған ортада шапшаң тарап жатқан озық ойлы көзқарасты ұстанды. Соның ықпалымен Шоқанның дүниетанымы өмір мен тіршілік туралы ырымшыл және мистикалық түсініктерден арылды.

Қорытынды
Шоқан туған халқының өмірі мен тарихына арналған еңбектерінде қазақ қоғамының әлеуметтік және мәдени құрылымының ерекшелігіне, көшпенділердің дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына ықпал еткен факторларға үнемі тоқталып отырды. Тіпті, қазақ тілінің ерекшелігі сияқты мәселеге қазақ қоғамындағы моральдық-адамгершілік және дәстүрлі факторлар тұрғысынан қарау кере ктігіне назар аударды.
***
Шағын мақалада қазақтың атақты ғалымы Шоқан Уәлихановтың философиялық көзқарасын сипаттайтын барлық деректі қамтып, оның дүниетанымы туралы нақты толық түсінік, мол мағлұмат беру қиын-ақ. Шоқанның философиялық көзқарасымен толығырақ танысқысы келетіндерге төмендегі Шоқантанушы ғалым-зерттеушілердің еңбектеріне назар аударуды ұсынамыз:


Пайдаланылған әдебиеттер
Сегізбаев О.А. «XV – ХХ ғасырдың басындағы қазақ философиясы (“Казахская философия XV – нач. ХХ вв.”)
Зиманов С., Атышев А. «Шоқан Уәлихановтың саяси көзқарасы» (“Политические взгляды Чокана Валиханова”)
Бейсембиев К. Б. (Қазақстандағы қоғамдық-саяси және философиялық ойдың тарихы очерктері»
 



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет