Найзагер – Сарбаздар ұрыста өздерінің тамаша жауынгерлік өнерін көрсете білді. Солардың бірі- найзагерлік өнер.Олар қалың сайыста дұшпандарын найзамен түйреп түсіріп отырған. Кенесарының інісі, атақты батыр, Наурызбай найзагерлік өнерді жетік меңгергендігі сондай, ат үстінен ағып бара жатып, жердегі түйенің қу құмалағын шаншып алатын болған.
Мерген – «Құралайды көзге ататын мергендер» де ел арасында жиі кездескен. Олар садақпен де, мылтықпен де, қаруланып, соғыста да, аңшылықта да өздерінің мергендік өнерін паш еткен.