Қазақстан жазықтарындағы геожүйелердің геохимиялық жіктелуі.
Батыс Қазақстан шаруашылықтарының экономикалык-географиялық сипаттамасы және географиясы. Өңірдің дамуы туралы болжамы.
Геожүйелер ішіндегі уақытша байланыстар. Ландшафт геофизикасы маселелері. Геомасса ұғымы.
Қазакстанның электр энергетикасының казіргі жағдайы жане даму болашағы. Саланың даму болашағы.
Табиги ортадағы химиялық заттардың құрамын геоэкологиялық нормалау.
Батыс Қазақстанның шаруашылық географиясы Батыс Қазақстан - республикамыздағы жетекші салалары мұнай өндіретін және өңдейтін, мұнай химиясы мен балық өнеркәсібі, ферроқорытпа (24% жуық) және минералды тыңайтқыш (35%) өндіретін жалғыз экономикалық аудан. Ауданының жалпы аймақтық өнім шығарудағы үлесі 27%.
Өнеркәсібі
Батыс Қазақстанның әрбір облысы өзіне тән маманданған. Мұнай және газ өндіру ауданның барлық облысында жүргізіледі. Олардың арасында мұнайды көп өндіретіні Атырау облысы (республикалық өнімнің 30%), ал газды Атырау (49%) және Батыс Қазақстан (25%) облыстары . Атырауда республикамыздағы ірі мұнай өндеу зауыты жұмыс істейді (республика бойынша өнеркәсіп өнімінің үлес салмағы (26%). Ауданның батысында Қарашығанақ мұнай газ конденсаты кен орны бар. Бүл жерде мұнайды өндірумен бірге жаңадан салынған зауытта мұнайды өңдеу жұмыстары қатар жүргізіліп, өндірісті одан ары дамытуда Жаңаөзен қаласында этан шығаратын газ өңдеу зауыты жұмыс істейді. Бұл газ Ақтау қаласындағы пластмасса зауытының шикізаты. Атырауда полиэтилен, полипропилен және пластмассадан жоғары температураға шыдамды заттар шығаратын зауыт бар. Ақтөбе облысындағы хром кені базасында қара және түсті металлургия салалары дамыған. Кен орнында Хром қосылыстары және ферроқорытпа зауыттары жұмыс істейді. Хром кенінің және хром қосылыстарының негізгі бөлігі жақын және алыс шетелдерге экспортқа шығарылады. Облыс аумағында никель де өндіріледі. Химия өнеркәсібі негізінен Ақтөбе облысында шоғырланған. Ақтөбе лак-бояу зауыты және күкірт-бор қышқылы мен минералды тыңайтқыш шығаратын Алға химкомбинаты бар. Машина жасау өнеркәсібі көбінесе қосымша сала ретінде дамыған. Атырау, Орал және Ақтөбе қалаларындағы зауыттарда жетекші өнеркәсіп салаларына арналған машина және құрал-жабдықтар шығарады. Атырау зауыты мұнай-газ өнеркәсібіне арналған құрал-жабдықтар шығарады. Балықшы кентінде кеме жөндеу зауыты, Ақтөбеде рентген құрал-жабдықтарын шығаратын зауыт жұмыс істейді.