Қазақстан жазықтарындағы геожүйелердің геохимиялық



бет2/3
Дата06.01.2022
өлшемі24,57 Kb.
#14069
1   2   3
Ауыл шаруашылығы

Агроклиматтық жағдайының күрделілігіне қарамастан ауыл шаруашылығының бірнеше салаларын дамыту қолға алынған, жетекші саласы — мал шаруашылығы. Ауданның солтүстігінде жаздық бидай егіледі және ірі қара өсіріледі. Оңтүстік аймақтарында судың жетіспеуінен егіншілікпен айналысу шектеулі түрде ғана, сондықтан да түйе және қой шаруашылығын дамыту тиімді. Егіншіліктің жалпы ауданы бар-жоғы 3%, оған дәнді дақылдардан жаздық бидай, тары, қара бидай, техникалық дақылдардан - күнбағыс, жүгері және қыша егіледі. Тамақ өнеркәсібінде балық аулау және балық өңдеу салалары (Атырау қаласындағы балық өңдеу комбинаты, Балықшы балық консерві зауыты) ерекше орын алады.

Тамақ өнеркәсібінің (ұн тарту,нан пісіру және т.б.) жақсы дамыған облыстарына Батыс Қазақстан және Ақтөбені жатқызуға болады. Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында жеңіл өнеркәсіп біршама жақсы дамыған. Негізгі кәсіпорындарына тігін және былғары аяқ киім өнеркәсібі (Оралда киіз байпақ және тері фабрикасы) жатады.

Басқа экономикалық аудандарға қарағанда Батыс Қазақстан республикамыздағы көліктің барлық түрін (темір жол, құбыр, автомобиль, өзен, теңіз, әуе жолдары) пайдаланатын аймақ. Көлік жүйесінің барлық түрінің дамуы көршілес жатқан Ресей және Орта Азия республикаларымен қарым-қатынас жасауға мүмкіншілік береді. Аймақтың аумағы арқылы жоғары деңгейде механикаландырылған және автоматтандырылған магистралды құбыр жолдары салынған. Олардың бірнешеуі мемлекетаралық маңызға ие: Ақтау- Атырау-Самара (Ресей), Орта Азия-Орталық, Бұқара-Орал (Ресей), Атырау-Ор (Ресей), Қарашығанақ-Орынбор (Ресей) және Жаңаөзен-Атырау-Самара (Ресей). Құрлық көліктері арасындағы маңыздысы - темір жол. Каспий теңізінің Шығыс жағалауында республикамыздағы жалғыз Ақтау порты орналасқан. Порт әр түрлі құрғақ жүктерді, шикі мұнайды, мұнай өнімдерін шет елдерге тасымалдауға арналған. Порттың айналасындағы су қатпайтын болғандықтан жыл бойы жүк тасымалдауға мүмкіншілік бар. Бір мезгілде сыйымдылығы 12 000 тонна болатын, төрт танкерге қызмет жасай алады. Аймақ шаруашылығының қарқынды дамуы нәтижесінде төрт ірі өнеркәсіп орталықтары қалыптасты.

Атырау-Ембі өнеркәсіп торабы өнеркәсіптің мұнай және балық өңдеу салаларына маманданған. АӨК құрамына енетін өндірістер: Атырау қаласындағы мұнай өңдеу зауыты, республикамыздағы ең ірі балық өңдеу комбинаты мен машина жасау зауыты (мұнай-газ өнеркәсібіне арналған құрал-жабдықтар шығарады) және Балықшы кентіндегі кеме жөндеу зауыты мен балық консерві комбинаты.

Маңғыстау өнеркәсіп торабының (құрамында Ақтау, Жаңаөзен, Форт-Шевченко қалалары мен бірнеше кенттер бар) негізгі маманданған саласы - мұнай-газ өнеркәсібі. АӨК құрамында: газ өңдеу зауыты (Жаңаөзен қаласы), пластмасса зауыты (Ақтау қаласы), балық консерві комбинаты (Баутина кенті), балық зауыты мен тоқыма фабрикасы (Ералиев кенті) бар. Кешеннің дамуына Маңғыстау түбегіндегі мұнай, газ, құрылыс материалы сияқты ресурстардың тигізер үлесі зор. ТМД көлеміндегі мұнай өндіретін аудандар арасында Маңғыстау 6-шы орынды иемденеді, кешеннің аумағы 128 мың км2, қала халқы 87%.

Ақтөбе өнеркәсіп торабы никель, хром өндірісіне маманданған, хромды өндіретін және байытатын кәсіпорны Хромтау қаласында орналасқан. Сонымен бірге маманданған салаларына ферроқорытпа, минералды тыңайтқыштар, суперфосфат, мұнай құрал-жабдықтары мен рентген жабдықтары өндірісі жатады (Ақтөбе).

Орал өнеркәсіп торабы ауыл шаруашылық, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өңдеуге маманданған. Өнеркәсіп торабының құрамы: механикалық, жөндеу, аспап жасау зауыттары, құрылыс-монтаж құралдарын дайындайтын зауыт, кеме жөндеу кәсіпорны, металл бұйымдары зауыты, былғары зауыты, байпақ-киіз фабрикасы, ет консерві және ұн тарту - жарма комбинаты, мия зауыты және т.б. Соңғы кездерде Батыс Қазақстанның экономикасының көтерілуі aуданның көптеген экономикалық-әлеуметтік проблемаларын шешуге мүмкіншілік береді. Былтырғымен салыстырғанда жаңа жұмыс орындары 30%-ға көбейді. Жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында кәсіби деңгейін көтеру орталықтары ашылды. Нәтижесінде жұмыссыздар саны 2%-ға төмендеді.

1.Ландшафт геофизикасына қатысты мәселелерге территориялық табиғат кешендеріндегі күн, гравитация, биохимия, механика, т.б. энергияның өзгеруі мен жер шарындағы таралуы, ылғал және ауа массасының алмасуы, динамикалық құбылыстар, процестер жатады. Олар территориялық табиғат кешендерін түзетін құрамдас бөліктердің дамуы мен динамикалық тепе-теңдігіне, ландшафтының жер шарына таралуына әсер етеді. Басқа тектоникалық, геологиялық, биологиялық, антропогендік факторларымен бірге географиялық қабықтағы территориялық табиғат кешендерінің құрылымдық бөліктерінің қалыптасуында үлкен рөл атқарады.Ландшафт геофизикасы, ең алдымен, күн энергиясына тығыз байланысты болады. Оның территориялық, табиғат кешендеріндегі өзгеріс болады. Күнінен келетін жиынтық радиация (Cs) тік (Csp) және шашыранды радиация (Csr) түрлерінен тұрады. Радиацияның бұл турлерінің арақатынасы территориялық табиғат кескінділерінің географиялық орындары (географиялық енідігі, теңіз деңгейінен биіктігі, жер бедерінің көрініс жағдайы) мен жыл мезгіліне байланысты. Атап айтқанда, мен бұлттылығы жоғары жерлерде шашыранды радиацияның үлесі ал биік тау басында тік радиацияның үлесі артады. Алайда территориялық табиғат кешендерінің түзілуі мен дамуына тікелей әсер ететін радиациялық байланысты жердің эффекті сәулесі мен жер бетінен шағылған радиация өлшемі құрайды. Ол Cr=Cs—Ce--Са формуласымен есептеледі. Мұндағы Сг — радиациялық баланс өлшемі; Cs — жиынтық радиация; Се — жердің эффекті сәулесі; Са — жер бетінен шағылған радиация.



2.Күннен кейінгі орында гравитациялық энергия тұрады. Оның өзгеруі құралдардың көмегімен есепке алынады. Гравитациялық энергия әрекетіне байланысты территориялық табиғат кешендерінде көптеген құбылыстар мен процестер дамиды. Оларға атмосфералық жауын-шашынның жер бетіне түсуі, одан топырақ және грунт қабаттарына сіңуі, жер беті және жер асты суынық ағындары, беткейлердегі жыныс қабаттарының опырылып құлауы, жылысуы, сусып, ығысып, сырғанап түсуі, өсімдіктердің қураған бөліктерінің (жапырағының, бұтағының, бүршігінің т.б.) түптеріне, айнала төңірегіне түсіп жиналуы, топырақ және грунт жыныстарының тапталуы т.б. жатады. Бұл аталғандар территориялық табиғат кешендерінде түрліше сипатта дамиды. Сондықтан олар жеке-жеке зерттеліп,ландшафттық - геофизикалық мағынада тұжырымдалуы керек.Территориялық табиғат кешендерінің түзілуі мен дамуына күн мен гравитациядан басқа да көптеген энергия түрлері әсер етеді. Солардан ландшафт геофизикасында маңызды рөл атқаратындар қатарына жылу мен механикалық энергия жатады.Жылу энергиясы күн энергиясының өзгеруі мен оныңI органикалық заттарда аккумуляциялануына тығыз байланысты. Ол органикалық заттар өртенгенде, су буы конденсацияланғанда немесе сублимацияланғанда, су мұз болып қатқанда бөлініп шығады, керісінше осы аталғандардың дамуы үшін жұмсалады. Басқаша айтқанда, жылу энергиясы ақпарат каналдарына қарай органикалық заттарда аккумуляцияланушы және суды буға айналдыру үшін жұмсалатын немесе ауадағы су буының қайтадан су тамшыларына, мұз кристалдарына айналуына байланысты бөлініп шығатын турбуленттік жылу болып екі түрге бөлінеді. Органикалық заттарда аккумуляцияланған жылу энергиясы мындаған,миллиондаған жылдардан кейін жердін, жылу айналымына қайта қосылуы мүмкін. Қазір осылай өткен геологиялық дәуірлердегі көмір, мұнай, жанғыш газ, жанғыш тақтатас бойындағы жылу энергиясы адам өміріндегі тұрмыстық қажеттілік пен өндіріске жұмсалатын интразоналық сипатта аккумуляцияланған жылу қорының бІр бөлігі болып отыр. Ол территориялық табиғат кешендерінің түзілуі мен дамуына адам әрекеті арқылы әсер етеді. Жылу энергиясының екінші түрі болып саналатын атмосферадағы турбуленттік жылу күнделікті табиғат құбылыстары мен процестердің дамуына қатысады. Ол зоналық зандылық бойынша әрекет етеді.Механикалық энергия тау беткейінен сусып, сырғанап, опырылып құлап түскен заттардан, ауа, су ағындарынан бөлінеді. Ол көбіне грантациялық энергияның өзгеруімен тығыз байланысты болып келеді де, территориялық табиғат кешендерінің дамуында үлкен рөл атқарады. Механикалық энергияның әрекеті зоналық сипатта да, интразоналық сипатта да дамиды. Зоналық сипатта әрекет ететін механикалық энергия түріне желдің күші, ал интразрналық сипатта әрекет ететініне өзен суы мен беткейден құлап түскен заттардың күйі . Осыған байланысты халық арасында "жел еңсепіңнен өтеді", "су тас жарады тас жармаса бас жарады" деген тұжырымдар қалыптасқан.Бұл аталғаядардаң басқа да көптеген энергия көздері бар. Бірақ ол территориялық табиғат кешендерінің түзілуі мен дамуына және географиялық таралуына тікелей әсер етпейді. Олар ландшафт геофизикасына аэрофизикалық, гидрофизикалық, биофизикалық, т.б. құбылыстар мен процестер арқылы ғана әсер етеді.

3.Ландщафт геофизикасындағы келесі бір маңызды процестердің біріне ылғал алмасу жатады. Ол кеңістіктің екі түрлі бағытыңда да дамиды. Біріншіден, температура жағдайынық артуына байланысты жердегі су тамшысынан буға айналып ауаға көтеріледі де, ауадал жер бетіне атмосфералық жауын-шашын болып қайта түседі. Екіншіден өрден ылдиға ағып, гравитациялық желмен қозғалады. Ылғал алмасудың кеңістіктегі қозғалысы бұлай оп-оңай айтыла салғанымен, табиғаттағы бір күйден екінші күйге өтуі өте күрделі болып келеді.

Территориялық табиғат кешендеріндегі ылғал алмасу судың булануы мен радиясынан басталады. Булану процесі арқылы жер бетіне түскен жауын-шашын суы, өзен, көл суы, грунт пен топырақ қабатындағы капиллярлық су ауаға көтеріледі. Булану температура жағдайына, жел екпініне, ылғалдың тапшылығына байланысты болады. Қөпшілік жағдайда территориялық табиғат кешендерініц буланғыштығы мен булануы сай келе бермейді.

“Геомасса” және “геогоризонт” ұғымдары тек қарапайым геосистемаға - фацияға, яғни ландшафттардағы алғашқы вертикальдык байланыстарды танып білуге қолданылады.Жекелеген фациялардағы геомассалар мен геогоризонттар әртүрлі болғандықтан олардың ландшафтқа тән біртекті бірлігін құру мүмкін емес. Геосистемалар мен оның жекелеген блоктары арасында бағыты, тұрақтылығы , физикалық табығаты т.б.ерекшеліктері бойынша жіктеуге келетін байланыстар көп. Осы байланыстардың алғашқы негізін зат пен энергия, сонымен қатар информация ауысуы құрайды. Геосистемалар шығу тегі мен тығыздығы әртүрлі зат пен энергия ағындарымен сипатталады. Негізінде оларды ішкі және сыртқы (кіріс пен шығыс) ағындарға жіктейді. Өзінің қарқындылығы бойынша сыртқы ағындардан басым, система құрушы маңызы зор деп ішкі ағындар (системадағы блоктар аралығындағы ағындар) есептеледі. Осы системалардың бөліктері арасындағы



Қазақстандық электр энергетика кешенін тұрақты дамыту және қуаттылықты тұрақты өсіру республиканың басты міндеттерінің бірі болып табылады. Халықтың, сол сияқты бизнестің де ішкі қажеттіліктерін тиімді қанағаттандыру, сонымен қатар ел экономикасының әрі қарайғы тұрақты прогресі және электр энергиясын экспорттауға арналған мүмкіндіктерді ұлғайту электр энергетикасымен тығыз байланысты.
Саланың ағымдағы жай-күйіне жасалған талдаулар электр энергетикасының қолда бар даму әлеуетін барынша көптеп пайдалану қажет екенін, сонымен қатар электр станциялары мен желілері жабдықтарының тозуын азайту мәселелерін шешу, саланың инвестициялық тартымдылығын жоғарылату қажеттігін көрсетті. Қазіргі уақытта көмірді пайдаланып электр энергиясын өндіру 69 % құрайды, ал газдың үлесі 20 % және мұнай өнімдерінің (мазут) үлесі – 2 % (ЖЭО пайдаланылады), гидроэнергетика 9% энергия өндірсе, жаңармалы энергия көздерінің үлесі – небары 1%.
бүгінде Қазақстандағы электр энергиясын әртүрлі меншік нысанындағы 76 электр станциясы жүзеге асырады. Қазақстанның электр станцияларының жалпы белгіленген қуаттылығы 20 844 МВт, қолда бар қуаттылық шамамен 16 945 МВт.
Ұлттық мәндегі электр станцияларына электр энергиясын өндіретін және оың көтерме сауда нарығында сатылуын қамтамасыз ететін ірі жылу электр станциялары жатады:

  • «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС;

  • «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ;

  • «Еуроазиялық Энергетикалық Корпорация» АҚ (Ақсу ГРЭС);

  • «Қазақмыс корпорациясы» ГРЭС ЖШС;

  • «Жамбыл ГРЭС» АҚ.

Сонымен қатар ҚР ЕЭС жүктеме кестесін қосымша реттеу үшін қуаттылығы үлкен гидравликалық электр станциялары:



  • «Қазмырыш» АҚ Бұқтырма ГЭК,

  • «AES Өскемен ГЭС» ЖШС,

  • «AES Шульбинск ГЭС» ЖШС.

Өнеркәсіптік мәндегі электр станцияларына ірі өндірістік кәсіпорындарды және оған жақын орналасқан елді мекендерді электрмен және жылумен жабдықтайтын электр және жылу энергиясын құрамдастырып өндіретін ЖЭО жатады:



  • «Қарағанды-Жылу» ЖЭО-3 ЖШС;

  • ПВС ЖЭО, ЖЭО-2 «Арселор Миттал Теміртау» АҚ;

  • Рудный ЖЭО («ССГПО» АҚ);

  • Балқаш ЖЭО, Жезқазған ЖЭО «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС;

  • Павлодар ЖЭО-1 «Қазақстан алюминий» АҚ;

  • Шымкент ЖЭО-1,2 және басқалары.

  1. Қазақстанда кернеуі 0,4-220 кВ электр желілері бойынша электр энергиясын таратумен 21 өңірлік энергетикалық компания және 109 басқа да шағын энергия таратушы ұйымдар айналысады. Осы орайда шағын энергия таратушы ұйымдардың үлкен бөлігі өз қызметін мемлекеттік реттеусіз атқарады.
    Қазақстанда елдің электр энергетикалық жүйесін жаңарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Қазақстанда электр энергиясын өндіру үшін қолдағы қуаттылықтың 20 % дерлігі 1970 жылдарға дейін пайдалануға берілгендіктен, елді (практикалық және экономикалық тұрғыда мақсатқа лайық болған жағдайда) электр станцияларда отын ретінде (үлесі шамамен 70% құрайтын) жаппай көмір пайдаланудан газды, жаңармалы көздерді және атом энергиясын кеңінен қолдануға негізделген әртараптандырылған схемаға көшіруге мүмкіндік бар.
    Электр энергиясы нарығының моделін жетілдіру бойынша жұмыстар шеңберінде 2014 жылғы маусымда «2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенін дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды. 

Жаңармалы энергия көздеріне деген дүниежүзілік сұраныс ұдайы өсуде. 2050 жылға қарай олардың ғаламдық энергетикалық балансы 35%-ға дейін өседі деп деп болжамдануда. Бүгінде іс жүзінде барлық дамыған елдерде жаңармалы энергия көздерін (ЖЭК) дамыту бағдарламасы құрылып, іске асырылуда. Бұл энергияның тиімділігі ресурстарының таусылмайтынына, энергия тасымалдағыштардың әлемдік нарығындағы баға жағдаятына тәуелсіздігі, сонымен қатар экологиялық тазалығына байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет