Қазақстан мен АҚШ-тың экономикалық қатынастары

бет2/3
Дата18.04.2023
өлшемі443,57 Kb.
#84047
1   2   3

Екі ел арасындағы ресми байланыс 1991 жылдан бастау алды. АҚШ сол кезеңде енді ғана өз тәуелсіздігін алып, дербестігін таныта бастаған Қазақстанмен қарым-қатынасын дамытуға қызығушылық білдіріп, алғашқылардың бірі ретінде елшілік қатынастарын ұсынған. Алғашқы күндерден бастап, Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы ортақ байланыс үлкен қарқын алып, бүгінге дейін жоғары деңгейде сақталып келеді.

1994 жылы 14-16 ақпанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-та ресми сапармен болып, оның барысында Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасында серіктестік қатынастарды дамыту және тереңдету үшін негіз жасайтын басты құжат — "Демократиялық серіктестік туралы хартияға (құжатқа)" қол қойды. Бұл ортақ құжат 17 баптан тұрады. Құжатта саясат, қауіпсіздік, экономика, мәдениет, білім беру, қоршаған ортаны қорғау, ғылым, денсаулық сақтау мәселелері мен өзге салаларда екі мемлекеттің мақсаттары мен міндеттері нақты баяндалды.

АҚШ пен Қазақстан арасындағы тауар айналымы

Америка Құрама Штаттары–Қазақстанның ірі сауда әріптестерінің бірі. 2009 жылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2 миллиард АҚШ долларын құрады (экспорт – $612,6 миллион, импорт – $1,4 миллиард). Бұл Қазақстанның жалпы тауар айналымының 3,3 пайызына тең. Сауда айналымының 2008 жыл­мен салыстырғанда, 500 мил­лион АҚШ долларына төмендеуі дүниежүзілік экономикалық дағда­рыс салдары екені түсінікті.

Сауда-экономикасы

АҚШ-пен сауда-экономикалық ынтымақтастықта Қазақстан үшін инвестиция тартудың маңызы зор. Бұл фактор – елдің тұрақты және қарқынды дамуына себепші және қазақстандық көп қырлы саясатты тиімділікпен пайдалануда жемісті қызмет етеді. Мәселен, 1993 жыл­дың маусымынан бері АҚШ-тың Қазақстанға салған тікелей инвестицияларының жалпы көлемі 30 миллиард долларға жеткен екен. Өткен жылдың 9 айында ғана осы елден 1,5 мил­лиард АҚШ доллары тікелей инвестиция болып келген. Бұл 2008 жылдың осы мерзіміндегіден 6,3 пайызға артық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет