ҚазаҚстан мұсылмандары діни басҚармасы АллАғА мАдАқ (таңдаулы діни өлеңдер) алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет31/124
Дата13.05.2022
өлшемі2,13 Mb.
#34309
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   124
Шын шебер
Бисмиллаһпенен бастасам, байқаған істі байыпты,
Таланттыларға табынған адамзат қандай айыпты...
Шүкірлік пенен құлшылық, мадақтау менен ұлықтау,
Раббысы барша әлемнің, Аллаһқа ғана лайықты!
Құдіретін көр ой жетпес, батысқа қара шығыс пен,
Миллиардтаған ғаламшар жаңылмас бір 
сәт жүрістен.
Шаршаусыз, Мұңсыз, Міні жоқ, Әуелден 
болған Соңы жоқ,
Құдіреті Күшті Жәрдемші, бәрінен Ұлы, тым Үстем, 
Ешбір Серігі жоқ оның, ұқсайтын, тіпті, Теңі жоқ,
Жаратқанының қажетсіз, артығы менен кемі жоқ.
Қажетті Ризық беруші, Қамқорлығы да өлшеусіз,
Сүйген құлына төгетін Мейрімінің де шегі жоқ!
Бар қимылыңды бағушы, бақылап барлық тараптан,
Көгіңе Күнді шам қылып, Шамынан шуақ таратқан.
Қиямет күннің Қожасы, Есеп күнінің Егесі,
Адам мен Жынды тек қана, құлшылық 
үшін жаратқан!
Бос қайтаруға ұялған қолдарды көкке жайылған,
Жалғыз-ақ ізгі ісіңді, сансыз еселеп қайырған.
Сұрағаныңды Беруші, барша Мүліктің Иесі,
Тәубені қабыл етуші, Кешірімді де Мейірбан. 
Сауабы менен күнәсін қиянат қылмай өлшетіп,
Кітап түсіріп, нұсқаған тұп-тура жолды көрсетіп.


74
Аллаға мадақ
Сүйіншілеген Сыйымен, Азабы барын ескерткен
Пенделерінің ішінен, ең абзалдарын елші етіп. 
Дәлелсіз діндер көбейді, көбейді және дүмшелер,
Уахимен көктен түспесе, кітапсіз сөзге кім сенер?
«Бол» деген жалғыз қалауы, әлемді жоқтан 
бар еткен,
Ақылың болса, адамзат, Аллаһқа сыйын 
шын Шебер!!!


75


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет