Ғалым Жакеш, Қарағанды қаласы. ШЕбЕРмін дЕП ШіРЕнбЕңдЕР, АдАмдАР! АЛЛА ғана асқан шебер, Ұлы шын...
«Мен шебер» деп тарылмасын тынысың,
Шебер болып танылсаң да мың жерден,
Ұмытпағын, сен АЛЛАның құлысың.
АЛЛА ғана асқан шебер, Дара шын.
Бұл сөзіме болмас сірә, таласың,
«Шебермін»-деп, шіренбегін, «жаралған»,
Жаратқаннан асып қайда барасың!?
АЛЛА ғана асқан шебер, қорғаның.
Құпта менің бұл сөзімді, қолдағын!
Қанша биік белестерді алсаң да,
Есте болсын, бір тамшы су болғаның.
АЛЛА ғана асқан шебер, сабырлы.
Шын бақытқа бөлейтұғын жаныңды.
Бір биіктен бір биікке самғасаң,
АЛЛА емес пе баянды еткен бағыңды?!
АЛЛА ғана асқан шебер,пәктеулі.
Ұмытпаңдар құдіретті Хақ деуді.
Шебермін деп шіренсең де бәрібір,
Шеберсіңдер мүмкіндігі шектеулі.
АЛЛА ғана асқан шебер, мақтаулы,
Әр ісіміз АЛЛА алдында сақтаулы.
АЛЛАға арнап, ақтарайық адамдар,
Ғаламдағы барлық мадақ-мақтауды.