85
Таңдаулы діни өлеңдер
«Жетті ғой түзелетін кезің», - деді,
«Көмегі жоқ пұттардан безін» деді.
«Жандарыңа қалайша батпайды екен,
Ар-ұяты қызыңның езілгені?»
Айта
берді осылай уағыздарын,
Үйретті исламның парыздарын.
Исадан (а.с.) соң бір елші келер деген,
Растады пайғамбарлық аңыздарын.
Жетім менен жесірді жылатпады,
Тәкаппар, өзімшілді ұнатпады.
Азғырып, арбаушылар көп болса да,
Ақ туын адалдықтың құлатпады.
Адамзатқа үйретті ізгілікті,
Мұсылман болсын деді бізді мықты.
Әзәзілдің босанып бұғауынан,
Ұл тақуа, бүгінде қыз қылықты.
Тарихта
өткен талай данышпандар,
Азуы алты қарыс арыстандар.
Әлемді өзім ғана билеймін деп,
Құрып кеткен құдаймен алысқандар.
Тегіне ешкім күнә дарытпайды,
Мақтаудан, мадақтаудан жалықпайды.
Алайда, пайғамбардың (с.а.у.) өміріндей,
Үлгі болып ешбірі де жарытпайды.
Өйткені бұл Аллаһтың қалағаны,
Елшілікке лайық деп санағаны.
86
Аллаға мадақ
Артынан
ерген әрбір тақуа жан,
Адаспайды, Аллаһқа бара алады.
Адам азып, бақ құсын ұшырғанда,
Сираттан өте алмай қысылғанда.
Шапағатпен дем берер Әз Мұхаммед (с.а.у.)
Бір Аллаһты таныған мұсылманға.
Есімі ел есінде, жатталған-ды.
Туғаннан күнәдән пәк, ақталған-ды.
Өмірі өнегелі үмбеті үшін,
Мұхаммед! (с.а.у.)
Раббымыздан мақталған-ды!