ҚазаҚстан мұсылмандары діни басҚармасы АллАғА мАдАқ (таңдаулы діни өлеңдер) алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет79/124
Дата13.05.2022
өлшемі2,13 Mb.
#34309
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   124
Байланысты:
Allaga madak

Еркебұлан Әміренов, 
Павлодар қаласы ,
С. Торайғыров атындағы 
Павлодар мемлекеттік  
университетінің 1-курс студенті.
мЕЙіРбАн АллАм
БИСМИЛЛӘ! Беташар сөзді айтам,
Мейірімді, рахымды АЛЛА атымен.
ИМАН барда ортамнан безді сайтан,
ДІН  жайлы сөздерімді сәл қатып ем. 
АЛЛА алдында аянбай тек қаза бол,
Сүйген құлын қуантар жәннәтымен.
Жалғанда лас күнәдан пәк таза бол,
Сусындап ДІН ИСЛАМ шәрбатымен.
Әлдилеген әлемді уағызымен,
ХАЗІРЕТТІ МҰХАМЕД ПАЙҒАМБАРЫМ.
Асыл діннің АЛЛАНЫҢ жамағатқа,
ПАЙҒАМБАРЫМ еді ғой жайған дәмін.
ҰЛЫ адамның бүгінгі ұлы ұрпағы,
ДІН дегенде береді қайран жанын.
АҚЫРЕТТЕ бақытты болу үшін,
ДІН жолында аттанған майданға мың.
Сәждеге сағат сайын бас июде, 
ИСЛАМҒА иек артқан сан мың адам.
ФӘНИДЕ көп ойлаймын БАҚИ қамын,
Сондықтан НАМАЗ оқып дамылданам.
Қоғамға өз пайдамды беру үшін,
Исламның нәрімен жалынданам.
Екі дүние бақытын бауырларға,


180
Аллаға мадақ
Сыйлай көрші мейірбан, РАББЫМ, АЛЛАМ!
Арақ пен АЛЛА атын егіз көрер, 
Намыс берші адамның ұлдарыңа. 
Жалданып, тәнін сатып, көше кезер,
Қорқыныш пен иман бер қыздарына.
Есті адамды еріксіз ертіп кетер,
Тосқауыл бер «жалғанның» жындарына 
Әмин деп қол жаятын жұма сайын,
Жәннәттің төрін берші құлдарыңа. 


181


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет