Сыныбы 5 Сабақтың тақырыбы: Қол тігістерінің терминологиясы мен түрлері.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қол тігістерінің терминологиясы мен түрлерін, құрал-жабдықтар
туралы түсінік бере отыра,орындалу жолын меңгерту.
Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіре отырып,
шығармашылық белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушының өз бетінше жұмыс еріктілігін, өз күшіне сенімділігін,
өз ойын дәл тиянақты жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: Сатылай кешенді талдау әдісінің элементтері,ойлан тап ойыны.
Көрнекі құралдар:Интерактивті тақтаны пайдалану, қол тігістерінің үлгілері,
нұсқау карта
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеуөнері, математика
Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. ІІІ. Жаңа білім беру. ІV. Жаңа білімді бекіту. V. Қорытынды . VI. Бағалау. VII. Үй тапсырмасы.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 1.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
2.Сабаққа назарын аудару.
3.Сабақтың тақырыбын, мақсатын, құрылымдық деңгейімен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үй тапсырмасын жан-жақты тексеру мақсатында «Мен білемін стратегиясы» бойынша қайталау.
Мақта, зығыр маталары туралы түсінік?
Зығыр матасы сыртқы көрінісі бойынша қандай ?
Мақта матасы зығыр матасына қарағанда жыртылуы қандай?
Талшықты өңдеу процесі қандай?
Мата қандай станогтан алынады?
Мата қандай жіптердің айқасуынан алынады?
Матада негізгі жіп және арқау жіп қалай бағытталған?