26
Сұрақ:__Оразада_түкірігін_жұтып_қойса,_ораза_бұзыла_ма_Жауап'>Сұрақ:
Оразада түкірігін жұтып қойса, ораза бұзыла ма?
Жауап:
Түкірік немесе сілекей жұту оразаны бұзбайды.
Алайда түкірікті әдейілеп жинап жұтуға болмайды.
Сұрақ:
Тіс арасында қалған тамақты жұтса, оразасы
бұзылады ма?
Жауап:
Ноқаттың көлемінен кіші, яғни түкірікпен арала-
сып білінбейтіндей дәрежеде кіші болса, ораза бұзылмайды.
Бірақ аузынан шығарып қайта жұтса, ораза бұзылады.
Қазасын өтеу қажет. Егер ноқат не
бидайдың көлеміндей
нәрсені жұтса, оразасы бұзылады һәм қазасы өтеледі.
Сұрақ:
Астың дәмін көру оразаны бұза ма?
Жауап:
Тамақтың тұзын тексеру үшін тілінің ұшымен дә-
мін көріп, аузын шайып түкіріп тастаса, оразасы бұзылмай-
ды. Десе де, себепсіз тамақтың дәмін татып көру қауіпті
болғандықтан ғалымдар оны мәкрүһ амалға жатқызған.
Достарыңызбен бөлісу: