Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ: Ораза кезінде сүндетке отырғызуға (той жасауға



Pdf көрінісі
бет24/62
Дата14.09.2023
өлшемі1,03 Mb.
#107312
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62
Байланысты:
ОРАЗАҒА 200 СҰРАҚ

Сұрақ:
Ораза кезінде сүндетке отырғызуға (той жасауға 
т.б.) бола ма?
Жауап:
Иә, ораза уақытында баланы сүндетке отырғызуға 
болады. Тіпті, той да жасай алады. Бірақ, қонақтарға 
арналған дастарханды ауыз ашқан соң жайған жөн. Бұл 
рамазан айына, ораза ұстаушыға деген құрмет болып 
табылады. 
Сұрақ:
Ораза кезінде спортпен шұғылдануға бола ма?
Жауап:
Әрине, болады. Дегенмен ораза кезінде 
ағзамыздың әлсірейтіндігін ескеру қажет. Мүмкіндігінше 
ораза кезінде тоқтата тұрған абзал.
Сұрақ:
Оразада сағыз шайнаса бола ма?
Жауап:
Жаңа сағыздың дәмінен тәтті сұйықтық бөлініп, 
асқазанға түсетіндіктен ораза бұзылады. Тіпті, әдейі жаңа 
Оразаға қатысты әртүрлі мәселелер


33
сағызды ораза кезінде шайнау кәффаратты талап етеді. Дәмі 
кеткен ескі сағызды шайнау мәкрүһ, оразаны бұзбайды. Ең 
абзалы, оразада сағыз шайнамау. 
Сұрақ:__Ораза_кезінде_мисуак_пайдалануға_бола_ма_Жауап'>Сұрақ:
Ораза кезінде мисуак пайдалануға бола ма?
Жауап:
Мисуак қолдану оразаны бұзбайды. Хадисте: 
«Аузы берік кісінің тіс тазалығышы ол – мисуак»
, – деген 
(Ибн Мәжә)
.
Сұрақ:
Ораза кезінде күндіз темекі шегу, насыбай ату 
оразаны бұза ма?
Жауап:
Күндіз темекі шегу оразаны бұзады. Тіпті аузы 
ораза екенін біле тұра темекі шеккен жағдайда кәффарат 
өтеуі керек болады. Ауыз ашқан соң темекі тарту оразаны 
бұзбайды. Алайда, оразасының сауабын кемітеді. Сол 
секілді насыбай ату да оразаны бұзады.
Сұрақ:
Рамазанда балиғатқа толған бала яки 
мұсылмандықты қабылдаған адам не істеуі қажет?
Жауап:
Сол күннен бастап ораза ұстайды. Ал алдыңғы 
күндерінің қазасын өтемейді. Сондай-ақ өзге дін өкілі 
мұсылмандықты қабылдаған күнінің немесе баланың 
балиғатқа толған күнінің қазасын өтеу шарт емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет