Сұрақ: Қадір түнін қалай өткізген дұрыс? Жауап: Қадір түні мың айдан да қадірлі ерекше түн.
Яғни, 83 жыл 4 айды бәлкім одан да көп уақытты құрайтын
қасиетті түн. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың
салауаты мен сәлемі болсын):
«Кімде-кім Аллаға иман келтіріп, сауабын Алладан үміт ете отырып қадір түнін құлшылықпен өткізетін болса, оның өткен барлық күнәлары кешіріледі» , – деген
(Бұхари)
. Ал қасиетті Құранның «Духан»
сүресінің 3-аятында бұл түннің берекеге толы түн екендігі
баяндалады. Ислам ғалымдары осы аят пен хадистерге
сүйене отырып, кімде-кімнің құлшылығы, дұға-тілегі мың
айдан да қадірлі қадір түніне, сол сәтке сәйкес келетін
болса мың ай құлшылық жасағандай, бәлкім одан да көп
сауапқа кенеледі деп тұжырымдама жасаған. Демек, бұл
түні көбірек құлшылық жасауға, Алладан біліп және білмей
істеген күнәларымыз үшін тәубе етіп кешірім сұрауға,
көбірек Құран оқуға, Пайғамбарымызға салауаттар айтып
күн батқаннан таң атқанға дейін уақытымызды құлшылықпен
өткізуге ден қоюымыз қажет.
Сұрақ: Қадір түні дұғасы қабыл болмайтын адамдар бола ма? Жауап: Бір риуаятта Пайғамбарымыз (оған Алланың
салауаты мен сәлемі болсын):
«Қадір түнінің жақсылығына құлшылық еткен барлық адам бөленеді. Бірақ мына төрт түрлі адам қадір түнінің жақсылығынан құр қалады» , – дейді.
Олар: Ата-анасына қарсы келіп, ренжіткен адам, туған-
туыстарымен байланысын үзген адам, арақ ішіп, маскүнем
болған адам және ызақор, кек сақтап, араз болған адам.
Қадір түні
58
Қадір түнінің жақсылығынан мақұрым қалмас үшін осы
істерден аулақ болып, адамдармен қарым-қатынасымызды
түзеткен дұрыс. Ренжіткен адамдардан кешірім сұрап,
татуласуға тырысқан жөн.