Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ: Ораза кезінде әйелін (күйеуін) құшақтап, сүюге



Pdf көрінісі
бет18/62
Дата14.09.2023
өлшемі1,03 Mb.
#107312
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   62
Байланысты:
ОРАЗАҒА 200 СҰРАҚ

Сұрақ:
Ораза кезінде әйелін (күйеуін) құшақтап, сүюге 
бола ма?
Жауап:
Айша анамыз (Алла оған разы болсын): «Оразада 
Пайғамбар жарларын құшақтап, сүйетін еді, алайда 
басқаларға қарағанда ол өз-өзіне
 
ие болатын», – деген. 
Бұл жерде ескеретін жағдай, әйелін сүйгенде шәует бөлініп 
кетпейтініне және жыныстық қатынасқа түсіп қоймайтынына 
сенімді болса, сүюіне рұқсат. Сенімді болмаса, сақтанған 
жөн. Өйткені бұл әрекеттің соңы оразаның бұзылуына 
апаруы мүмкін. Ал баланы иіскеп сүюдің еш сөкеттігі жоқ.
Сұрақ:
Ораза уақытында ауызға жаңбыр тамшысы кіріп 
кетіп оны жұтып қойса, ораза бұзыла ма?
Жауап:
Ораза екені есінде бола тұра аузына тиген жаң-
быр тамшысын абайсызда жұтып қойса, оразасы бұзылады. 
Мұндайда бір күн қазасын өтеуі қажет. Егер ораза екенін 
ұмытып, жаңбыр суы
 
еріксіз аузына кірсе, бұзылмайды.
Ал әдейі жұтатын болса, оразасы бұзылып, кәффарат өтеуі 
шарт болады. 
Оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар


26
Сұрақ:__Оразада_түкірігін_жұтып_қойса,_ораза_бұзыла_ма_Жауап'>Сұрақ:
Оразада түкірігін жұтып қойса, ораза бұзыла ма?
Жауап:
Түкірік немесе сілекей жұту оразаны бұзбайды. 
Алайда түкірікті әдейілеп жинап жұтуға болмайды. 
Сұрақ:
Тіс арасында қалған тамақты жұтса, оразасы 
бұзылады ма?
Жауап:
Ноқаттың көлемінен кіші, яғни түкірікпен арала- 
сып білінбейтіндей дәрежеде кіші болса, ораза бұзылмайды. 
Бірақ аузынан шығарып қайта жұтса, ораза бұзылады. 
Қазасын өтеу қажет. Егер ноқат не бидайдың көлеміндей 
нәрсені жұтса, оразасы бұзылады һәм қазасы өтеледі.
Сұрақ:
Астың дәмін көру оразаны бұза ма?
Жауап:
Тамақтың тұзын тексеру үшін тілінің ұшымен дә- 
мін көріп, аузын шайып түкіріп тастаса, оразасы бұзылмай-
ды. Десе де, себепсіз тамақтың дәмін татып көру қауіпті 
болғандықтан ғалымдар оны мәкрүһ амалға жатқызған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет