79
Өйткені Рамазан күрес /жихад/, құлшылық ету, амал ету
айы, жалқаулықты үйрететін ай емес;
•
жұмысыңызды (оқуды) дұрыс, толық атқару. Өйткені
Алла адал істі жақсы көреді;
•
жұмыс кезінде (оқуда) ешкімге зиян тигізбеңіз, рен-
жітпеңіз, сіз ораза ұстап жүргеніңізді ұмытпаңыз. Жұмыс-
ты (оқуды) ғибадат жасауыңызға кедергі деп ойламаңыз,
керісінше ниетіңізді жаңартып, адал еңбек ету – құлшылық,
тіпті Алла жолында күрес болып есептеледі;
•
парыз намаздарды жіберіп алудан сақ болыңыз, шама
келсе, мешітте болмаса өз уақытында оқуға тырысыңыз,
әрине мешіт абзал.
5. Бесін мен екінті арасындағы
(жұмыстан кейінгі)
уақыт
Бұл уақытта ұйықтап дем алуға тырысу керек. Өйткені,
түнде тарауих оқуға және басқада маңызды істерді атқаруға
күш жинау қажет және бұл Пайғамбарымыздың (Оған
Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті: «Қайлула
жасаңдар (яғни, түсте бір сәт мызғып алу). Шынында
шайтандар бұл кезде ұйықтамайды» деген.
Ескерту:
Әрине кейбір адамдардың жұмысы екінті
намазынан кейін немесе ақшам кезінде бір–ақ бітеді.
Сондықтанда басында айтқанымыздай бұл жоспар тек үлгі
ретінде ұсынылады. Әркім өз уақытына лайықтап жасап
алуына болады. Маңыздысы – жоспардағы айтылған іс-
амалдарды қамту.
Достарыңызбен бөлісу: