1.Балаңызды сүйіңіз! Яғни оның қасында барына қуан, ол өзі қандай болса, солай қабылда, оны ренжітпеуге тырысыңыз, оны өзіне деген сенімділігінен айырма, оны өзіңнің сеніміңнен сырт етпеуге тырысыңыз, сізді жақсы көруіне жағдай тудырыңыз.
2.Балаңызды қорғаңыз! Яғни оны жаны мен тәніне қауіпті нәрселерден сақтаңыз.
Психолог: Аятбек С.Қ.
3.Балаңызға жақсы үлгі болуға тырысыңыз! Оның бойына дәстүрлі құндылықтарға деген құрмет сезімін дарытыңыз, өзіңіз де сол құндылықтарға сәйкес өмір сүруге тырысыңыз, балаға жауапкершілік сезімімен қарауға тырысыңыз. Балаға үй іші тату, қарттарын құрметтеп, жақсы көретін, барлық туған-туысқандармен және дос жарандармен етене жақын әрі шынайы байланыста болатын отбасы, ошақ қасы керек. Бала адалдық, кішіпейілділік, жарастық ұялаған отбасында өмір сүруге тиіс. Ата-ананың ерлі-зайыптылық адалдықты бұзуы, көре алмаушылық, балаға принципсіз байланыстар арқылы қандай да болсын пайда келтіру және т.б.-осының бәрі елдің ертеңгі азаматының моральдық бейнесіне мейлінше ұнамсыз әсер ететін «үлгі» құрайды.

4.Балаңызбен ойнауға тырысыңыз! Яғни балаңызға қажет уақыт ажырат, оған қалай сөйлеп, қалай ойнау ұнаса, солай сөйлеп, солай ойна, оның ойындарына шындап ден қой, оның ұғым-түсініктер әлеміне бейімделейік.
5.Балаңызбен бірге еңбектенуге тырысыңыз! Балаңыз жұмысқа қатысқысы келгенде, оны демеп жіберуге тырысыңыз (үйде, бақта, бақшада). Балаңыз өсіңкірегенде шаруашылыққа қажетті барлық жұмыстарға қатыстырып үйретуге тырысыңыз. Қолы бос кездері мен демалыс уақытында ол мектеп қашықтықтан ұйымдастырылған іс-қызмет түрлеріне қатысуға тиіс.