Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ:   Иғтикаф ғибадаты жайлы Құран мен хадисте не



Pdf көрінісі
бет100/130
Дата06.04.2022
өлшемі1,03 Mb.
#30032
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   130
Байланысты:
2 5359518998088127895

Сұрақ:

  Иғтикаф ғибадаты жайлы Құран мен хадисте не 

айтылған?

Жауап: 

Құранда  «Бақара»  сүресінің  187  мен  125-аят- 

тарында: 

«Сендер  мешітте  иғтикафта  болғанда...»  және 

«Менің  үйімді  (Қағбаны)  тауап  етушілер,  ғибадатқа 

отырушылар  және  рукуғ,  сәжде  етушілер  үшін  тап-таза 

ұстаңдар», – делінген. Айша анамыз: «Алла Елшісі Мәдинаға 

келген  соң,  көз  жұмғанға  дейін  Рамазанның  соңғы  он  күнін 

иғтикафпен  өткізетін»,  –  дейді.  Иғтикафтың  мақсаты 

–  адамның  оңаша  қалып  шынайы  ықыласпен  Аллаға  бет 

бұруы, Оған жақындауға тырысуы.  

Сұрақ:

  Иғтикафтың қандай түрлері бар?

Жауап: 

Иғтикаф – уәжіп, бекітілген сүннет және мұстахаб 

болып  бөлінеді.  Нәзір  етілген  (иғтикафқа  кіремін  деп  сөз 

берген) иғтикаф – уәжіп. Рамазанның соңғы он күндігіндегі 

иғтикаф  –  бекітілген  сүннет  (муәккада)  және  басқа  бір 

уақытта  ғибадат  ниетімен  мешітте  бір  мезгіл  иғтикафта 

болу – мұстахаб.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет